Сүре 58 әл-Мужәдәлә (Салғыласушы әйел), аят 8
-
أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ نُهُوا عَنِ النَّجْوَىٰ ثُمَّ يَعُودُونَ لِمَا نُهُوا عَنْهُ وَيَتَنَاجَوْنَ بِالْإِثْمِ وَالْعُدْوَانِ وَمَعْصِيَتِ الرَّسُولِ وَإِذَا جَاءُوكَ حَيَّوْكَ بِمَا لَمْ يُحَيِّكَ بِهِ اللَّهُ وَيَقُولُونَ فِي أَنْفُسِهِمْ لَوْلَا يُعَذِّبُنَا اللَّهُ بِمَا نَقُولُ ۚ حَسْبُهُمْ جَهَنَّمُ يَصْلَوْنَهَا ۖ فَبِئْسَ الْمَصِيرُ
Сондай сыбырдан тыйылғандардың тыйым салынған нәрселеріне қайта оралгандарын көрмедің бе? Олар күнәда, дүшпандық және Пайғамбарға қарсылықта сыбырласады. Әрі саған келген сәтте, өзіңе Алланың сәлемінен басқа сәлем береді. (Есендік тілемей өлім тілейді.) Сондай-ақ өздерінше: "Алла, бізді айтқан сөзімізбен азапқа душар қылмайды" дейді. Оларға кіретін тозақ жетіп асады. Ол нендей жаман орын.
58:8
Аударма: Халифа Алтай