Сүре 68 әл-Қалам (Қалам)
-
فَتَنَادَوْا مُصْبِحِينَ
Сонда олар, таң сәріден дабыстады :
68:21 -
أَنِ اغْدُوا عَلَىٰ حَرْثِكُمْ إِنْ كُنْتُمْ صَارِمِينَ
"Егер жеміс алатын болсаңдар, бақшаларыңа жүріңдер" деп.
68:22 -
فَانْطَلَقُوا وَهُمْ يَتَخَافَتُونَ
Сонда олар сыбырласып, кетіп бара жатты:
68:23 -
أَنْ لَا يَدْخُلَنَّهَا الْيَوْمَ عَلَيْكُمْ مِسْكِينٌ
"Бүгін бақшада сендерге ешбір міскін кірмесін" деп.
68:24 -
وَغَدَوْا عَلَىٰ حَرْدٍ قَادِرِينَ
Олар, ктші жете түра таң сәріден оңаша кетті.
68:25 -
فَلَمَّا رَأَوْهَا قَالُوا إِنَّا لَضَالُّونَ
Сонда олар, бақшаны көрген сәтте: "Анық адасқан екенміз;",- десті.
68:26 -
بَلْ نَحْنُ مَحْرُومُونَ
"Жоқ, біз қүр қалған екенміз" (десті.)
68:27 -
قَالَ أَوْسَطُهُمْ أَلَمْ أَقُلْ لَكُمْ لَوْلَا تُسَبِّحُونَ
Олардың орта көз қарастағысы: "Сендерге Алланы неге дәріптемейсіңдер демедім бө?",- деді.
68:28 -
قَالُوا سُبْحَانَ رَبِّنَا إِنَّا كُنَّا ظَالِمِينَ
Олар: "Раббымыз! Сені дәріптейміз. Расында залымдардан борған екеміз" десті.
68:29 -
فَأَقْبَلَ بَعْضُهُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ يَتَلَاوَمُونَ
Сонда олар, бір-біріне қарсы кінәласты:
68:30 -
قَالُوا يَا وَيْلَنَا إِنَّا كُنَّا طَاغِينَ
"Нендей өкініш бізге, анық шектен шығушылардан болдық" десті.
68:31 -
عَسَىٰ رَبُّنَا أَنْ يُبْدِلَنَا خَيْرًا مِنْهَا إِنَّا إِلَىٰ رَبِّنَا رَاغِبُونَ
"Мүмкін Раббымыз оның орнына жақсырағын берер. Расында Раббымызга ынтықпыз."
68:32 -
كَذَٰلِكَ الْعَذَابُ ۖ وَلَعَذَابُ الْآخِرَةِ أَكْبَرُ ۚ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ
Міне бейнет осындай. Әрине ахирет азабы тағы зор, егер олар білген болса.
68:33 -
إِنَّ لِلْمُتَّقِينَ عِنْدَ رَبِّهِمْ جَنَّاتِ النَّعِيمِ
Күдіксіз тақуалар үшін; Раббыларының қасында Нағым жаннаттары бар.
68:34 -
أَفَنَجْعَلُ الْمُسْلِمِينَ كَالْمُجْرِمِينَ
Бой үсынушыларды, күнәкарлардай етеміз бе?
68:35 -
مَا لَكُمْ كَيْفَ تَحْكُمُونَ
Сендерге не болды, қалай үкім бересіңдер?
68:36 -
أَمْ لَكُمْ كِتَابٌ فِيهِ تَدْرُسُونَ
Немесе оқитын бір кітаптарың бар ма?
68:37 -
إِنَّ لَكُمْ فِيهِ لَمَا تَخَيَّرُونَ
Расында онда сендердің үнатқандарың бар ма?
68:38 -
أَمْ لَكُمْ أَيْمَانٌ عَلَيْنَا بَالِغَةٌ إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ ۙ إِنَّ لَكُمْ لَمَا تَحْكُمُونَ
Немесе сендер үшін Бізге қарсы қияметке дейін жалғасатын, шәксіз өз пайдаларыңа үкім берілетін бір ант бар ма?
68:39 -
سَلْهُمْ أَيُّهُمْ بِذَٰلِكَ زَعِيمٌ
(Мұхаммед Ғ.С.) олардан сүра: "Расында осыган олардың қайсылары жауапкер екен?
68:40
Аударма: Халифа Алтай