Сүре 68 әл-Қалам (Қалам)

  1. أَمْ لَهُمْ شُرَكَاءُ فَلْيَأْتُوا بِشُرَكَائِهِمْ إِنْ كَانُوا صَادِقِينَ

    Не олардың ортақтары бар ма? Егер сөздері шын болса, ортақтарын әкелсін.

    68:41
  2. يَوْمَ يُكْشَفُ عَنْ سَاقٍ وَيُدْعَوْنَ إِلَى السُّجُودِ فَلَا يَسْتَطِيعُونَ

    Қиямет күні, балтыр (шындық) ашылады. Олар сәждеге шақырылады, сәжде қыла алмайды.

    68:42
  3. خَاشِعَةً أَبْصَارُهُمْ تَرْهَقُهُمْ ذِلَّةٌ ۖ وَقَدْ كَانُوا يُدْعَوْنَ إِلَى السُّجُودِ وَهُمْ سَالِمُونَ

    Олардың көздері сүлкиіп, ездерін қорлық баураған. Расында олар аман-сауында (дүниеде) сәждеге шақырылған болатын.

    68:43
  4. فَذَرْنِي وَمَنْ يُكَذِّبُ بِهَٰذَا الْحَدِيثِ ۖ سَنَسْتَدْرِجُهُمْ مِنْ حَيْثُ لَا يَعْلَمُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) енді осы сөзді (Қүранды) жасынға шығарғандарды Маған таста; оларды білмеген жақтан баяулап кеміте береміз.

    68:44
  5. وَأُمْلِي لَهُمْ ۚ إِنَّ كَيْدِي مَتِينٌ

    Оларға мүрсат беремін. Шынында шараларым күшті.

    68:45
  6. أَمْ تَسْأَلُهُمْ أَجْرًا فَهُمْ مِنْ مَغْرَمٍ مُثْقَلُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) немесе сен олардан жалақы сүрап, олар, ауыр зиянға үшырады ма?

    68:46
  7. أَمْ عِنْدَهُمُ الْغَيْبُ فَهُمْ يَكْتُبُونَ

    Не жасырын ғылым олардың жанында да олар соны жаза ма?

    68:47
  8. فَاصْبِرْ لِحُكْمِ رَبِّكَ وَلَا تَكُنْ كَصَاحِبِ الْحُوتِ إِذْ نَادَىٰ وَهُوَ مَكْظُومٌ

    (Мұхаммед Ғ.С.) ендеше Раббыңның үкімі бойьгаша сабыр ет. Балық иесі (Юныс Ғ.С.) қүсама. Сол уақытта ол, қайгыға булығып, жалбарынған болатын. (37-С. 139-147-А)

    68:48
  9. لَوْلَا أَنْ تَدَارَكَهُ نِعْمَةٌ مِنْ رَبِّهِ لَنُبِذَ بِالْعَرَاءِ وَهُوَ مَذْمُومٌ

    Егер оған Раббынан бір ныгмет болмаса еді, сонда ол, қорланған түрде қырға тасталар еді.

    68:49
  10. فَاجْتَبَاهُ رَبُّهُ فَجَعَلَهُ مِنَ الصَّالِحِينَ

    Өйткені, Раббы оны таңдап жақсылардан етті.

    68:50
  11. وَإِنْ يَكَادُ الَّذِينَ كَفَرُوا لَيُزْلِقُونَكَ بِأَبْصَارِهِمْ لَمَّا سَمِعُوا الذِّكْرَ وَيَقُولُونَ إِنَّهُ لَمَجْنُونٌ

    Расында қарсы келгендер, Қүранды тыңдаған сәтте, олар көздерімен ішіп-жеп, сені жыға жаздайды. Және: "Ол анық жынды" дейді.

    68:51
  12. وَمَا هُوَ إِلَّا ذِكْرٌ لِلْعَالَمِينَ

    Негізінде бүл Қүран әлемдерге насиқаттан басқа нәрсе емес.

    68:52

Аударма: Халифа Алтай