Сүре 69 әл-Хаққа (Хақ)

  1. الْحَاقَّةُ

    Болуы анық қиямет.

    69:1
  2. مَا الْحَاقَّةُ

    Ол, болуы анық не нәрсе?

    69:2
  3. وَمَا أَدْرَاكَ مَا الْحَاقَّةُ

    Ол болуы анық уақиғаны қайдан білесің?

    69:3
  4. كَذَّبَتْ ثَمُودُ وَعَادٌ بِالْقَارِعَةِ

    Сәмүд, Ғад елдері, ол үрейлі қияметті жасынға айналдырды.

    69:4
  5. فَأَمَّا ثَمُودُ فَأُهْلِكُوا بِالطَّاغِيَةِ

    Бірақ Сәмүд елі шектен шығуларының салдарынан типыл қылынды.

    69:5
  6. وَأَمَّا عَادٌ فَأُهْلِكُوا بِرِيحٍ صَرْصَرٍ عَاتِيَةٍ

    Я, Ғад елі де куілдеген қатты боранмен жоқ етілді.

    69:6
  7. سَخَّرَهَا عَلَيْهِمْ سَبْعَ لَيَالٍ وَثَمَانِيَةَ أَيَّامٍ حُسُومًا فَتَرَى الْقَوْمَ فِيهَا صَرْعَىٰ كَأَنَّهُمْ أَعْجَازُ نَخْلٍ خَاوِيَةٍ

    Алла, оларға ол боранды жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде естірді. Сонда ол елді қүрманың қуыс дөңбегінше қүлаганын көрер едің.

    69:7
  8. فَهَلْ تَرَىٰ لَهُمْ مِنْ بَاقِيَةٍ

    Ал енді олардан бір қалған нәрсе көресің бе?

    69:8
  9. وَجَاءَ فِرْعَوْنُ وَمَنْ قَبْلَهُ وَالْمُؤْتَفِكَاتُ بِالْخَاطِئَةِ

    Перғауын және одан бұрынғылар, сондай-ақ ойран болған кент түрғындары қателескен.

    69:9
  10. فَعَصَوْا رَسُولَ رَبِّهِمْ فَأَخَذَهُمْ أَخْذَةً رَابِيَةً

    Сонда олар Раббыларының елшілеріне қарсы келген. Сондықтан Алла, оларды қатты түрде қолга алған.

    69:10
  11. إِنَّا لَمَّا طَغَى الْمَاءُ حَمَلْنَاكُمْ فِي الْجَارِيَةِ

    Расында су тасыған кезде, сендерді кемеге отырғыздық.

    69:11
  12. لِنَجْعَلَهَا لَكُمْ تَذْكِرَةً وَتَعِيَهَا أُذُنٌ وَاعِيَةٌ

    Оны, сендерге бір өнеге және естір құлақтарға естіп, сақтау үшін ғибрат қылдық.

    69:12
  13. فَإِذَا نُفِخَ فِي الصُّورِ نَفْخَةٌ وَاحِدَةٌ

    Сонда бір рет Сүр үрілген сәтте,

    69:13
  14. وَحُمِلَتِ الْأَرْضُ وَالْجِبَالُ فَدُكَّتَا دَكَّةً وَاحِدَةً

    Жер мен таулар көтеріліп, соғылып күйреген сәтте,

    69:14
  15. فَيَوْمَئِذٍ وَقَعَتِ الْوَاقِعَةُ

    Міне сол күні, қияметуақигасы болады.

    69:15
  16. وَانْشَقَّتِ السَّمَاءُ فَهِيَ يَوْمَئِذٍ وَاهِيَةٌ

    Сол күні, көк жарылып, босайды.

    69:16
  17. وَالْمَلَكُ عَلَىٰ أَرْجَائِهَا ۚ وَيَحْمِلُ عَرْشَ رَبِّكَ فَوْقَهُمْ يَوْمَئِذٍ ثَمَانِيَةٌ

    Періште көктің атырапында болады. Сондай-ақ Раббыңның гаршысын сегіз періште үстеріне көтереді.

    69:17
  18. يَوْمَئِذٍ تُعْرَضُونَ لَا تَخْفَىٰ مِنْكُمْ خَافِيَةٌ

    Сол күні үсыныласыңдар. Еш нәрселерің жасырылмайды.

    69:18
  19. فَأَمَّا مَنْ أُوتِيَ كِتَابَهُ بِيَمِينِهِ فَيَقُولُ هَاؤُمُ اقْرَءُوا كِتَابِيَهْ

    Сонда енді кімнің кітабы оңынан берілсе; "Алыңдар, кітабымды оқыңдар!",- дейді.

    69:19
  20. إِنِّي ظَنَنْتُ أَنِّي مُلَاقٍ حِسَابِيَهْ

    "Расында мен осы есепке кездесетінімді ойлап ем."

    69:20

Аударма: Халифа Алтай