Сүре 69 әл-Хаққа (Хақ)
-
فَهُوَ فِي عِيشَةٍ رَاضِيَةٍ
Сонда ол, қуанышты тіршілікте,
69:21 -
فِي جَنَّةٍ عَالِيَةٍ
Көтеріңкі жаннатта болады;
69:22 -
قُطُوفُهَا دَانِيَةٌ
Жемістері салбырап түрады.
69:23 -
كُلُوا وَاشْرَبُوا هَنِيئًا بِمَا أَسْلَفْتُمْ فِي الْأَيَّامِ الْخَالِيَةِ
(Оларға): "Өткен күнде істеген гамалдарыңның арқасында ішіңдер, жеңдер сіңімді болсын" (делінеді.)
69:24 -
وَأَمَّا مَنْ أُوتِيَ كِتَابَهُ بِشِمَالِهِ فَيَقُولُ يَا لَيْتَنِي لَمْ أُوتَ كِتَابِيَهْ
Ал енді кімнің кітабы солынан берілсе: "Әттеген-ай! Кітабым берілмесе еді" дейді.
69:25 -
وَلَمْ أَدْرِ مَا حِسَابِيَهْ
"Есебімнің не екенін білмесем екен!"
69:26 -
يَا لَيْتَهَا كَانَتِ الْقَاضِيَةَ
"Әттең! Іс бітіп кеткен болса еді. (Қайта тірілмеген болсам еді.)"
69:27 -
مَا أَغْنَىٰ عَنِّي مَالِيَهْ ۜ
"Малым, маған еш пайда бермеді."
69:28 -
هَلَكَ عَنِّي سُلْطَانِيَهْ
"Күш-қуатым жойылып кетті" (дейді.)
69:29 -
خُذُوهُ فَغُلُّوهُ
"Оны үстаңдар да байлаңдар."
69:30 -
ثُمَّ الْجَحِيمَ صَلُّوهُ
"Сосын оны тозаққа салыңдар."
69:31 -
ثُمَّ فِي سِلْسِلَةٍ ذَرْعُهَا سَبْعُونَ ذِرَاعًا فَاسْلُكُوهُ
"Одан кейін оны жетпіс қүлаш шынжырмен матаңдар" (делінеді.)
69:32 -
إِنَّهُ كَانَ لَا يُؤْمِنُ بِاللَّهِ الْعَظِيمِ
"Өйткені ол, үлы Аллага иман келтірмеген;"
69:33 -
وَلَا يَحُضُّ عَلَىٰ طَعَامِ الْمِسْكِينِ
"Әрі олар міскіндерді тамақтандыруға қызықтырмаган еді."
69:34 -
فَلَيْسَ لَهُ الْيَوْمَ هَاهُنَا حَمِيمٌ
Сондықтан бүгін мүнда оның бір жанашыры жоқ.
69:35 -
وَلَا طَعَامٌ إِلَّا مِنْ غِسْلِينٍ
Сондай-ақ іріңнен басқа ешбір тамақтары жоқ.
69:36 -
لَا يَأْكُلُهُ إِلَّا الْخَاطِئُونَ
Оны күнәкарлар ғана жейді.
69:37 -
فَلَا أُقْسِمُ بِمَا تُبْصِرُونَ
Сонда көрген нәрселеріңе серт;
69:38 -
وَمَا لَا تُبْصِرُونَ
Және көрмеген нәрселеріңе де серт.
69:39 -
إِنَّهُ لَقَوْلُ رَسُولٍ كَرِيمٍ
Күдіксіз бүл Қүран ардақты бір Елшінің сөзі. (Елші ойдан шығармайды, міндетін орындайды. Б.Ж.М.)
69:40
Аударма: Халифа Алтай