Сүре 71 Нұх

  1. إِنَّا أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوْمِهِ أَنْ أَنْذِرْ قَوْمَكَ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَأْتِيَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ

    Расында Нүх (Ғ.С.) ты, еліне: "Қауымыңды күйзелтуші азап келуден бүрын қорқыт" деп, жібердік.

    71:1
  2. قَالَ يَا قَوْمِ إِنِّي لَكُمْ نَذِيرٌ مُبِينٌ

    (Нүх Ғ.С.): "Шын мәнінде мен сендерге ашық ескертушімін" деді.

    71:2
  3. أَنِ اعْبُدُوا اللَّهَ وَاتَّقُوهُ وَأَطِيعُونِ

    "Аллаға қүлшылық қылыңдар, Одан қорқыңдар, маған бағыныңдар;"

    71:3
  4. يَغْفِرْ لَكُمْ مِنْ ذُنُوبِكُمْ وَيُؤَخِّرْكُمْ إِلَىٰ أَجَلٍ مُسَمًّى ۚ إِنَّ أَجَلَ اللَّهِ إِذَا جَاءَ لَا يُؤَخَّرُ ۖ لَوْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ

    "Күнәларыңды жарылқайды және өздеріңді белгілі бір мерзімге дейін кешіктіреді. (Өмір сүрдіреді.) Егер білген болсаңдар, шын мәнінде Алланың өлшеулі мезгілі жетсе кешіктірілмейді."

    71:4
  5. قَالَ رَبِّ إِنِّي دَعَوْتُ قَوْمِي لَيْلًا وَنَهَارًا

    (Нұх Ғ.С.): "Раббым! Расында мен елімді күндіз-түні шақырдым."

    71:5
  6. فَلَمْ يَزِدْهُمْ دُعَائِي إِلَّا فِرَارًا

    "Бірақ шақыруым, олардың қашуын ғана арттырды."

    71:6
  7. وَإِنِّي كُلَّمَا دَعَوْتُهُمْ لِتَغْفِرَ لَهُمْ جَعَلُوا أَصَابِعَهُمْ فِي آذَانِهِمْ وَاسْتَغْشَوْا ثِيَابَهُمْ وَأَصَرُّوا وَاسْتَكْبَرُوا اسْتِكْبَارًا

    "Расында мен оларды Сенің багыштауың үшін шақырған сайын, олар саусақтарын қүлақтарына тыгып, киімдерін бүркенген бойда, қасарысып, паңданған сайын паңданды."

    71:7
  8. ثُمَّ إِنِّي دَعَوْتُهُمْ جِهَارًا

    "Сосын рас мен оларды қатты дабыстап шақырдым."

    71:8
  9. ثُمَّ إِنِّي أَعْلَنْتُ لَهُمْ وَأَسْرَرْتُ لَهُمْ إِسْرَارًا

    "Одан кейін мен оларга ашықша да тіпті өздеріне көмес түрде жасырын да айттым."

    71:9
  10. فَقُلْتُ اسْتَغْفِرُوا رَبَّكُمْ إِنَّهُ كَانَ غَفَّارًا

    (Сондай-ақ оларга): "Раббыларыңнан жарылқау тілеңцер. Өйткені Ол, өте жарылқаушы." дедім.

    71:10
  11. يُرْسِلِ السَّمَاءَ عَلَيْكُمْ مِدْرَارًا

    "Ол, сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді."

    71:11
  12. وَيُمْدِدْكُمْ بِأَمْوَالٍ وَبَنِينَ وَيَجْعَلْ لَكُمْ جَنَّاتٍ وَيَجْعَلْ لَكُمْ أَنْهَارًا

    "Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендер тшін бақшалар жасап, өзендер ағызады."

    71:12
  13. مَا لَكُمْ لَا تَرْجُونَ لِلَّهِ وَقَارًا

    "Алланың ұлықтығын ойламайтын сендерге не болды?"

    71:13
  14. وَقَدْ خَلَقَكُمْ أَطْوَارًا

    "Расында Ол, сендерді түрлі жағдайларда жаратты."

    71:14
  15. أَلَمْ تَرَوْا كَيْفَ خَلَقَ اللَّهُ سَبْعَ سَمَاوَاتٍ طِبَاقًا

    "Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме?"

    71:15
  16. وَجَعَلَ الْقَمَرَ فِيهِنَّ نُورًا وَجَعَلَ الشَّمْسَ سِرَاجًا

    "Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылды."

    71:16
  17. وَاللَّهُ أَنْبَتَكُمْ مِنَ الْأَرْضِ نَبَاتًا

    "Алла, сендерді жерден өсіріп өндірді."

    71:17
  18. ثُمَّ يُعِيدُكُمْ فِيهَا وَيُخْرِجُكُمْ إِخْرَاجًا

    "Сосын сендерді, ол жерге қайтарады сонан кейін қайта шығарады."

    71:18
  19. وَاللَّهُ جَعَلَ لَكُمُ الْأَرْضَ بِسَاطًا

    "Алла сендерге жерді төсеніш қылды."

    71:19
  20. لِتَسْلُكُوا مِنْهَا سُبُلًا فِجَاجًا

    "Оның кең жолдарында жүрулерің үшін."

    71:20

Аударма: Халифа Алтай