Сүре 70 әл-Мә'ариж (Баспалдақтар)
-
سَأَلَ سَائِلٌ بِعَذَابٍ وَاقِعٍ
Бір сұраушы, болатын бір азапты сүрады. (8-С. 32-А.)
70:1 -
لِلْكَافِرِينَ لَيْسَ لَهُ دَافِعٌ
Кәпірлер үшін; оны кетіруші жоқ.
70:2 -
مِنَ اللَّهِ ذِي الْمَعَارِجِ
Ол азап биік дәреже иесі Алладан.
70:3 -
تَعْرُجُ الْمَلَائِكَةُ وَالرُّوحُ إِلَيْهِ فِي يَوْمٍ كَانَ مِقْدَارُهُ خَمْسِينَ أَلْفَ سَنَةٍ
Ол жоғаргы орынға періштелер және Жебрейіл (Ғ.С.) мөлшері елу мың жылдық бір күнде шыгады.
70:4 -
فَاصْبِرْ صَبْرًا جَمِيلًا
(Мұхаммед Ғ.С.) енді көркем сабырмен сабыр ет.
70:5 -
إِنَّهُمْ يَرَوْنَهُ بَعِيدًا
Олар қияметті үзақ көреді.
70:6 -
وَنَرَاهُ قَرِيبًا
Біз жақын көреміз.
70:7 -
يَوْمَ تَكُونُ السَّمَاءُ كَالْمُهْلِ
Ол күні, аспан еріген кен сияқты болады.
70:8 -
وَتَكُونُ الْجِبَالُ كَالْعِهْنِ
Таулар, түтілген жүндей болады.
70:9 -
وَلَا يَسْأَلُ حَمِيمٌ حَمِيمًا
Дос, достың халін сүрамайды.
70:10 -
يُبَصَّرُونَهُمْ ۚ يَوَدُّ الْمُجْرِمُ لَوْ يَفْتَدِي مِنْ عَذَابِ يَوْمِئِذٍ بِبَنِيهِ
Олар бір-біріне көрсетіледі. Қылмысты, сол күні, тлдарын ол күннің азабынан (қорқып) төлеуге бергісі келеді;
70:11 -
وَصَاحِبَتِهِ وَأَخِيهِ
Әйелін де туысын да;
70:12 -
وَفَصِيلَتِهِ الَّتِي تُؤْوِيهِ
Сондай-ақ өзін мәпелеген елін де.
70:13 -
وَمَنْ فِي الْأَرْضِ جَمِيعًا ثُمَّ يُنْجِيهِ
Тіпті біртұтас жер жүзіндегі адамдарды беріп, сонан соң өзін қүтқарғысы келеді.
70:14 -
كَلَّا ۖ إِنَّهَا لَظَىٰ
Әсте олай болмайды! Шын мәнінде ол тозақ, жалындаған от:
70:15 -
نَزَّاعَةً لِلشَّوَىٰ
Теріні сояды;
70:16 -
تَدْعُو مَنْ أَدْبَرَ وَتَوَلَّىٰ
Ол теріс айналып, бет бүрганды шақырады.
70:17 -
وَجَمَعَ فَأَوْعَىٰ
Дәулет жинап сақтаған (сараң) ды шақырады.
70:18 -
إِنَّ الْإِنْسَانَ خُلِقَ هَلُوعًا
Шын мәнінде адам баласы сабырсыз жаратылган.
70:19 -
إِذَا مَسَّهُ الشَّرُّ جَزُوعًا
Басына бір бейнет жетсе, тым төзімсіз.
70:20
Аударма: Халифа Алтай