Сүре 72 әл-Жин (Жін)
-
قُلْ أُوحِيَ إِلَيَّ أَنَّهُ اسْتَمَعَ نَفَرٌ مِنَ الْجِنِّ فَقَالُوا إِنَّا سَمِعْنَا قُرْآنًا عَجَبًا
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Жындардан бір тобының Қүран тыңдағаны маған уахи етілді" де. Сонда жындар: "Шынында бір ғажайып Құран тыңдадық" деді.
72:1 -
يَهْدِي إِلَى الرُّشْدِ فَآمَنَّا بِهِ ۖ وَلَنْ نُشْرِكَ بِرَبِّنَا أَحَدًا
"Құран, бізді тура жолга салады. Енді соған иман келтірдік. Раббымызға ешбіреуді ортақ қоспаймыз."
72:2 -
وَأَنَّهُ تَعَالَىٰ جَدُّ رَبِّنَا مَا اتَّخَذَ صَاحِبَةً وَلَا وَلَدًا
"Расында Раббымыздың ұлықтығы өте жогары, Ол, қатын, бала иемденбейді."
72:3 -
وَأَنَّهُ كَانَ يَقُولُ سَفِيهُنَا عَلَى اللَّهِ شَطَطًا
"Өйткені біздің ахымақтар, Аллаға шатақ сөйлеп жүр екен."
72:4 -
وَأَنَّا ظَنَنَّا أَنْ لَنْ تَقُولَ الْإِنْسُ وَالْجِنُّ عَلَى اللَّهِ كَذِبًا
"Расында адамдар мен жынды, Аллага байланысты әсте өтірік айтпайды деп ойлаган едік."
72:5 -
وَأَنَّهُ كَانَ رِجَالٌ مِنَ الْإِنْسِ يَعُوذُونَ بِرِجَالٍ مِنَ الْجِنِّ فَزَادُوهُمْ رَهَقًا
"Шынында адамдардан кейбір ерлер; жындардың кейбір ерлеріне сиынатын еді де сонда олар, жындардың менменсуін арттыратын еді. (Қүлазыған иен даланың қорғаушысы жын деп сиынатындар болған. Б.Ж.М.)
72:6 -
وَأَنَّهُمْ ظَنُّوا كَمَا ظَنَنْتُمْ أَنْ لَنْ يَبْعَثَ اللَّهُ أَحَدًا
"Олар да сендердің Алла ешкімді қайта тірілтпейді деп ойлагандарың тәрізді ойлаған еді."
72:7 -
وَأَنَّا لَمَسْنَا السَّمَاءَ فَوَجَدْنَاهَا مُلِئَتْ حَرَسًا شَدِيدًا وَشُهُبًا
"Әрине көкке қарманғанымызда, оны қатал күзетші және атылган жалындарға толтырылған түрде таптық."
72:8 -
وَأَنَّا كُنَّا نَقْعُدُ مِنْهَا مَقَاعِدَ لِلسَّمْعِ ۖ فَمَنْ يَسْتَمِعِ الْآنَ يَجِدْ لَهُ شِهَابًا رَصَدًا
"Әлбетте тыңдау үшін; аспанның кей орындарында отыратын едік. Енді біреу тыңдамақшы болса, оны көздеген жұлдызды көреді" (15-С. 17-18-А.)
72:9 -
وَأَنَّا لَا نَدْرِي أَشَرٌّ أُرِيدَ بِمَنْ فِي الْأَرْضِ أَمْ أَرَادَ بِهِمْ رَبُّهُمْ رَشَدًا
"Әрине білмейміз; жер жүзіндегілерге жамандық ойланылуда ма? Немесе оларға, Раббылары жақсылық қалауда ма?"
72:10 -
وَأَنَّا مِنَّا الصَّالِحُونَ وَمِنَّا دُونَ ذَٰلِكَ ۖ كُنَّا طَرَائِقَ قِدَدًا
"Расында жақсыларымыз да одан төмендеріміз де бар; түрлі жолдарда едік."
72:11 -
وَأَنَّا ظَنَنَّا أَنْ لَنْ نُعْجِزَ اللَّهَ فِي الْأَرْضِ وَلَنْ نُعْجِزَهُ هَرَبًا
"Шынында жер жүзінде Алланы еш жеңе алмайтындығымызды, қашып қүтыла алмайтындығымызды аңғардық."
72:12 -
وَأَنَّا لَمَّا سَمِعْنَا الْهُدَىٰ آمَنَّا بِهِ ۖ فَمَنْ يُؤْمِنْ بِرَبِّهِ فَلَا يَخَافُ بَخْسًا وَلَا رَهَقًا
"Расында осы тура жолды естіп, Оған сендік. Кім Раббына иман келтірсе, сонда ол, кемшіліктен де зияннан да қорықпайды."
72:13 -
وَأَنَّا مِنَّا الْمُسْلِمُونَ وَمِنَّا الْقَاسِطُونَ ۖ فَمَنْ أَسْلَمَ فَأُولَٰئِكَ تَحَرَّوْا رَشَدًا
"Бізден Мұсылмандар да туралықтан адасқандар да бар. Сонда кім Мұсылман болса, ал міне солар, туралықты іздейді."
72:14 -
وَأَمَّا الْقَاسِطُونَ فَكَانُوا لِجَهَنَّمَ حَطَبًا
"Ал енді адасқандар, тозаққа отын болады."
72:15 -
وَأَنْ لَوِ اسْتَقَامُوا عَلَى الطَّرِيقَةِ لَأَسْقَيْنَاهُمْ مَاءً غَدَقًا
(Егер жындар мен адамдар,) ол жолда ттп-тура жүрсе, әрине оларға мол су нәсіп етеміз;
72:16 -
لِنَفْتِنَهُمْ فِيهِ ۚ وَمَنْ يُعْرِضْ عَنْ ذِكْرِ رَبِّهِ يَسْلُكْهُ عَذَابًا صَعَدًا
Оларды онда сынау тшін. Кім Раббының зікірінен жалтарса, Раббы оны барған сайын арта ттсетін азапқа үшыратады.
72:17 -
وَأَنَّ الْمَسَاجِدَ لِلَّهِ فَلَا تَدْعُوا مَعَ اللَّهِ أَحَدًا
Шын мәнінде мешіттер, Аллаға тән. Ендеше Алламен бірге ешкімді шақырмаңдар.
72:18 -
وَأَنَّهُ لَمَّا قَامَ عَبْدُ اللَّهِ يَدْعُوهُ كَادُوا يَكُونُونَ عَلَيْهِ لِبَدًا
Расында Алланың қүлы (Мұхаммед Ғ.С.) тұрып, Аллаға ғибадат қылган сәтте; олар, оның үстіне үймелеп жабыса жаздады...
72:19 -
قُلْ إِنَّمَا أَدْعُو رَبِّي وَلَا أُشْرِكُ بِهِ أَحَدًا
(Мұхаммед Ғ.С.): "Шын мәнінде мен Раббыма қүлшылық қылып, Оған ешбір серік қоспаймын" де.
72:20
Аударма: Халифа Алтай