Мусыхаф, бет 572

  1. قُلْ أُوحِيَ إِلَيَّ أَنَّهُ اسْتَمَعَ نَفَرٌ مِنَ الْجِنِّ فَقَالُوا إِنَّا سَمِعْنَا قُرْآنًا عَجَبًا

    (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Жындардан бір тобының Қүран тыңдағаны маған уахи етілді" де. Сонда жындар: "Шынында бір ғажайып Құран тыңдадық" деді.

    72:1
  2. يَهْدِي إِلَى الرُّشْدِ فَآمَنَّا بِهِ ۖ وَلَنْ نُشْرِكَ بِرَبِّنَا أَحَدًا

    "Құран, бізді тура жолга салады. Енді соған иман келтірдік. Раббымызға ешбіреуді ортақ қоспаймыз."

    72:2
  3. وَأَنَّهُ تَعَالَىٰ جَدُّ رَبِّنَا مَا اتَّخَذَ صَاحِبَةً وَلَا وَلَدًا

    "Расында Раббымыздың ұлықтығы өте жогары, Ол, қатын, бала иемденбейді."

    72:3
  4. وَأَنَّهُ كَانَ يَقُولُ سَفِيهُنَا عَلَى اللَّهِ شَطَطًا

    "Өйткені біздің ахымақтар, Аллаға шатақ сөйлеп жүр екен."

    72:4
  5. وَأَنَّا ظَنَنَّا أَنْ لَنْ تَقُولَ الْإِنْسُ وَالْجِنُّ عَلَى اللَّهِ كَذِبًا

    "Расында адамдар мен жынды, Аллага байланысты әсте өтірік айтпайды деп ойлаган едік."

    72:5
  6. وَأَنَّهُ كَانَ رِجَالٌ مِنَ الْإِنْسِ يَعُوذُونَ بِرِجَالٍ مِنَ الْجِنِّ فَزَادُوهُمْ رَهَقًا

    "Шынында адамдардан кейбір ерлер; жындардың кейбір ерлеріне сиынатын еді де сонда олар, жындардың менменсуін арттыратын еді. (Қүлазыған иен даланың қорғаушысы жын деп сиынатындар болған. Б.Ж.М.)

    72:6
  7. وَأَنَّهُمْ ظَنُّوا كَمَا ظَنَنْتُمْ أَنْ لَنْ يَبْعَثَ اللَّهُ أَحَدًا

    "Олар да сендердің Алла ешкімді қайта тірілтпейді деп ойлагандарың тәрізді ойлаған еді."

    72:7
  8. وَأَنَّا لَمَسْنَا السَّمَاءَ فَوَجَدْنَاهَا مُلِئَتْ حَرَسًا شَدِيدًا وَشُهُبًا

    "Әрине көкке қарманғанымызда, оны қатал күзетші және атылган жалындарға толтырылған түрде таптық."

    72:8
  9. وَأَنَّا كُنَّا نَقْعُدُ مِنْهَا مَقَاعِدَ لِلسَّمْعِ ۖ فَمَنْ يَسْتَمِعِ الْآنَ يَجِدْ لَهُ شِهَابًا رَصَدًا

    "Әлбетте тыңдау үшін; аспанның кей орындарында отыратын едік. Енді біреу тыңдамақшы болса, оны көздеген жұлдызды көреді" (15-С. 17-18-А.)

    72:9
  10. وَأَنَّا لَا نَدْرِي أَشَرٌّ أُرِيدَ بِمَنْ فِي الْأَرْضِ أَمْ أَرَادَ بِهِمْ رَبُّهُمْ رَشَدًا

    "Әрине білмейміз; жер жүзіндегілерге жамандық ойланылуда ма? Немесе оларға, Раббылары жақсылық қалауда ма?"

    72:10
  11. وَأَنَّا مِنَّا الصَّالِحُونَ وَمِنَّا دُونَ ذَٰلِكَ ۖ كُنَّا طَرَائِقَ قِدَدًا

    "Расында жақсыларымыз да одан төмендеріміз де бар; түрлі жолдарда едік."

    72:11
  12. وَأَنَّا ظَنَنَّا أَنْ لَنْ نُعْجِزَ اللَّهَ فِي الْأَرْضِ وَلَنْ نُعْجِزَهُ هَرَبًا

    "Шынында жер жүзінде Алланы еш жеңе алмайтындығымызды, қашып қүтыла алмайтындығымызды аңғардық."

    72:12
  13. وَأَنَّا لَمَّا سَمِعْنَا الْهُدَىٰ آمَنَّا بِهِ ۖ فَمَنْ يُؤْمِنْ بِرَبِّهِ فَلَا يَخَافُ بَخْسًا وَلَا رَهَقًا

    "Расында осы тура жолды естіп, Оған сендік. Кім Раббына иман келтірсе, сонда ол, кемшіліктен де зияннан да қорықпайды."

    72:13

Аударма: Халифа Алтай