Сүре 79 ән-Нази'ат (Жанды суырушылар)

  1. وَالنَّازِعَاتِ غَرْقًا

    Сүңгіп шығарушы,

    79:1
  2. وَالنَّاشِطَاتِ نَشْطًا

    Баяу тартушы,

    79:2
  3. وَالسَّابِحَاتِ سَبْحًا

    Малтап кетуші,

    79:3
  4. فَالسَّابِقَاتِ سَبْقًا

    Жарысып озушы,

    79:4
  5. فَالْمُدَبِّرَاتِ أَمْرًا

    Сондай-ақ істі меңгеруші періштелерге серт.

    79:5
  6. يَوْمَ تَرْجُفُ الرَّاجِفَةُ

    Ол күні қатты сілкініс болады.

    79:6
  7. تَتْبَعُهَا الرَّادِفَةُ

    Оның артынан тағы бір сілкінеді.

    79:7
  8. قُلُوبٌ يَوْمَئِذٍ وَاجِفَةٌ

    Ол күні жүректер тітірейді.

    79:8
  9. أَبْصَارُهَا خَاشِعَةٌ

    Көздері төмен қарайды.

    79:9
  10. يَقُولُونَ أَإِنَّا لَمَرْدُودُونَ فِي الْحَافِرَةِ

    (Олар): "Шын, қайта тірілеміз бе?",- дейді.

    79:10
  11. أَإِذَا كُنَّا عِظَامًا نَخِرَةً

    "Қоқым, сүйек болған сәтте де?"

    79:11
  12. قَالُوا تِلْكَ إِذًا كَرَّةٌ خَاسِرَةٌ

    (Олар): "Ендеше ол қайғылы бір қайту екен" дейді.

    79:12
  13. فَإِنَّمَا هِيَ زَجْرَةٌ وَاحِدَةٌ

    Негізінен ол, бір айғай ғана.

    79:13
  14. فَإِذَا هُمْ بِالسَّاهِرَةِ

    Дереу сол уақытта олар майданда.

    79:14
  15. هَلْ أَتَاكَ حَدِيثُ مُوسَىٰ

    Саған Мүсаның хабары келді ме?

    79:15
  16. إِذْ نَادَاهُ رَبُّهُ بِالْوَادِ الْمُقَدَّسِ طُوًى

    Сол уақытта, Раббы, оған қасиетгі "Түуа" ойпатында дабыстады:

    79:16
  17. اذْهَبْ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ إِنَّهُ طَغَىٰ

    "Пергауынға бар. Өйткені ол, азды."

    79:17
  18. فَقُلْ هَلْ لَكَ إِلَىٰ أَنْ تَزَكَّىٰ

    Сонда оган: "Тазарғың келе ме?",- де.

    79:18
  19. وَأَهْدِيَكَ إِلَىٰ رَبِّكَ فَتَخْشَىٰ

    "Саған Раббыңа баратын жолды көрсетейін. Одан қорқарсың"

    79:19
  20. فَأَرَاهُ الْآيَةَ الْكُبْرَىٰ

    Мүса, Перғауынға ірі мүғжизаны көрсетті.

    79:20

Аударма: Халифа Алтай