Сүре 86 ат-Тарық (Түнгі жолаушы)

  1. وَالسَّمَاءِ وَالطَّارِقِ

    Аспанға,Тарыққа серт.

    86:1
  2. وَمَا أَدْرَاكَ مَا الطَّارِقُ

    (Мұхаммед Ғ.С) Тарық не екенін қайдан білесің?

    86:2
  3. النَّجْمُ الثَّاقِبُ

    Ол,жарқыраған жұлдыз.

    86:3
  4. إِنْ كُلُّ نَفْسٍ لَمَّا عَلَيْهَا حَافِظٌ

    Әркімнің үстінде бір бақылаушы бар. (11С.56А.)

    86:4
  5. فَلْيَنْظُرِ الْإِنْسَانُ مِمَّ خُلِقَ

    Ал енді адамзат неменеден жаратылғанына бір қарасын;

    86:5
  6. خُلِقَ مِنْ مَاءٍ دَافِقٍ

    Бір атылып шыққан судан жаратылған.

    86:6
  7. يَخْرُجُ مِنْ بَيْنِ الصُّلْبِ وَالتَّرَائِبِ

    Ол,бел сүйек пен кеуде сүйектің арасынан шығады.

    86:7
  8. إِنَّهُ عَلَىٰ رَجْعِهِ لَقَادِرٌ

    Сөз жоқ. Алла адамзатты қайта тілілту күшіне ие.

    86:8
  9. يَوْمَ تُبْلَى السَّرَائِرُ

    Сол күні сырлар ашылады.

    86:9
  10. فَمَا لَهُ مِنْ قُوَّةٍ وَلَا نَاصِرٍ

    (Ол күні) адам баласына күш те көмекші де болмайды.

    86:10
  11. وَالسَّمَاءِ ذَاتِ الرَّجْعِ

    Қайталай жаңбырлатқан аспанға серт.

    86:11
  12. وَالْأَرْضِ ذَاتِ الصَّدْعِ

    Жаралып өсімдік шығаратын жерге серт.

    86:12
  13. إِنَّهُ لَقَوْلٌ فَصْلٌ

    Негізінен Құран бір билік сөз.

    86:13
  14. وَمَا هُوَ بِالْهَزْلِ

    Ол,бір сықақ емес.

    86:14
  15. إِنَّهُمْ يَكِيدُونَ كَيْدًا

    Шын мәнінде олар бір сығандық істеуде.

    86:15
  16. وَأَكِيدُ كَيْدًا

    Сығандығына шара көремін.

    86:16
  17. فَمَهِّلِ الْكَافِرِينَ أَمْهِلْهُمْ رُوَيْدًا

    (Мұхаммед Ғ.С) қарсы келушілерге мқрсат беріп,аз еркіне қой.

    86:17

Аударма: Халифа Алтай