Сүре 93 ад-Духа (Таң)

  1. وَالضُّحَىٰ

    (Мұхаммед Ғ.С ға бірнеше күн уахи кешігіп қалғанда кәпірлпр: «Оны,Раббы тастады» деген екен.Ж,М,Р,Т)Сәске уақтына,

    93:1
  2. وَاللَّيْلِ إِذَا سَجَىٰ

    Тым-тырыс түнге ант.

    93:2
  3. مَا وَدَّعَكَ رَبُّكَ وَمَا قَلَىٰ

    Раббың сені тастамады да кейімеді.

    93:3
  4. وَلَلْآخِرَةُ خَيْرٌ لَكَ مِنَ الْأُولَىٰ

    Әрине сен үшін ахирет,дүниеден жақсы.

    93:4
  5. وَلَسَوْفَ يُعْطِيكَ رَبُّكَ فَتَرْضَىٰ

    Әлбетте Раббың саған береді де разы боласың.

    93:5
  6. أَلَمْ يَجِدْكَ يَتِيمًا فَآوَىٰ

    Сені жетім түрде тауып орналастырмады ма?

    93:6
  7. وَوَجَدَكَ ضَالًّا فَهَدَىٰ

    Сені абыржуда көріп, жолға салмады ма?

    93:7
  8. وَوَجَدَكَ عَائِلًا فَأَغْنَىٰ

    Сені абыржуда көріп,байытпады ма?

    93:8
  9. فَأَمَّا الْيَتِيمَ فَلَا تَقْهَرْ

    Ендеше жетімді қорлама,

    93:9
  10. وَأَمَّا السَّائِلَ فَلَا تَنْهَرْ

    Сұраушыны зекіме.

    93:10
  11. وَأَمَّا بِنِعْمَةِ رَبِّكَ فَحَدِّثْ

    Раббыңның нығметін білдір.

    93:11

Аударма: Халифа Алтай