Сүре 94 аш-Шарх (Жұбату)
-
أَلَمْ نَشْرَحْ لَكَ صَدْرَكَ
(Мұхаммед Ғ.С) көңіліңді ашпадық па?
94:1 -
وَوَضَعْنَا عَنْكَ وِزْرَكَ
Жүгіңді түсірмедік пе?
94:2 -
الَّذِي أَنْقَضَ ظَهْرَكَ
Сондай беліңді қайыстырған,
94:3 -
وَرَفَعْنَا لَكَ ذِكْرَكَ
Сенің абыройыңды көтермедік пе? (С.А)
94:4 -
فَإِنَّ مَعَ الْعُسْرِ يُسْرًا
Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар.
94:5 -
إِنَّ مَعَ الْعُسْرِ يُسْرًا
Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар.
94:6 -
فَإِذَا فَرَغْتَ فَانْصَبْ
Ендеше босай қалсаң және тырыс.
94:7 -
وَإِلَىٰ رَبِّكَ فَارْغَبْ
Раббыңа ғана бел байла.
94:8
Аударма: Халифа Алтай