Сүре 95 ат-Тин (Інжір)

  1. وَالتِّينِ وَالزَّيْتُونِ

    Інжірге және зәйтінге,

    95:1
  2. وَطُورِ سِينِينَ

    Тұр Сина тауына,

    95:2
  3. وَهَٰذَا الْبَلَدِ الْأَمِينِ

    Осы бейбіт қалаға серт.

    95:3
  4. لَقَدْ خَلَقْنَا الْإِنْسَانَ فِي أَحْسَنِ تَقْوِيمٍ

    Расында адамзатты көркем байнеде жараттық.

    95:4
  5. ثُمَّ رَدَدْنَاهُ أَسْفَلَ سَافِلِينَ

    Сосын оны төмендердің төменіне қайтардық.

    95:5
  6. إِلَّا الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ فَلَهُمْ أَجْرٌ غَيْرُ مَمْنُونٍ

    Бірақ иман келтіріп,ізгі іс істегендер басқа.Оларға таусылмас сыйлық бар.

    95:6
  7. فَمَا يُكَذِّبُكَ بَعْدُ بِالدِّينِ

    (Адам баласы!)Бұдан кейін саған дінді өтіріксіндірген не?

    95:7
  8. أَلَيْسَ اللَّهُ بِأَحْكَمِ الْحَاكِمِينَ

    Алла,үкім етушілердің ең жоғарғысы емес пе?

    95:8

Аударма: Халифа Алтай