Сүре 78 ән-Нәбә' (Жаңалық)
-
عَمَّ يَتَسَاءَلُونَ
Олар не нәрседен сүрасады?
78:1 -
عَنِ النَّبَإِ الْعَظِيمِ
Зор уақиғадан.
78:2 -
الَّذِي هُمْ فِيهِ مُخْتَلِفُونَ
Олар, ол жөнде таласуда.
78:3 -
كَلَّا سَيَعْلَمُونَ
Әсте олай емес, олар тез біледі.
78:4 -
ثُمَّ كَلَّا سَيَعْلَمُونَ
Тағы олай емес, олар тез біледі.
78:5 -
أَلَمْ نَجْعَلِ الْأَرْضَ مِهَادًا
Жерді бір төсеніш қылмадық па?
78:6 -
وَالْجِبَالَ أَوْتَادًا
Тауларды қазық... (77-С. 27-А.)
78:7 -
وَخَلَقْنَاكُمْ أَزْوَاجًا
Сендерді жүп-жүп жараттық.
78:8 -
وَجَعَلْنَا نَوْمَكُمْ سُبَاتًا
Үйқыларыңды дем алыс қылдық.
78:9 -
وَجَعَلْنَا اللَّيْلَ لِبَاسًا
Түнді жамылғы қылдық.
78:10 -
وَجَعَلْنَا النَّهَارَ مَعَاشًا
Күндізді тіршілікке жараттық.
78:11 -
وَبَنَيْنَا فَوْقَكُمْ سَبْعًا شِدَادًا
Үстеріңе жеті қат берік көк қүрдық.
78:12 -
وَجَعَلْنَا سِرَاجًا وَهَّاجًا
Жарқыраған шырақ (күн) жараттық.
78:13 -
وَأَنْزَلْنَا مِنَ الْمُعْصِرَاتِ مَاءً ثَجَّاجًا
Сыгылысқан бүлттардан мол жаңбыр жаудырдық.
78:14 -
لِنُخْرِجَ بِهِ حَبًّا وَنَبَاتًا
Онымен дәнді дахылдарды, өсімдіктерді шығару үшін;
78:15 -
وَجَنَّاتٍ أَلْفَافًا
Және ну бақшалар...
78:16 -
إِنَّ يَوْمَ الْفَصْلِ كَانَ مِيقَاتًا
Расында билік күні, белгілі болған бір мерзім.
78:17 -
يَوْمَ يُنْفَخُ فِي الصُّورِ فَتَأْتُونَ أَفْوَاجًا
Сүр үрілген күні, топ-топ келесіңдер.
78:18 -
وَفُتِحَتِ السَّمَاءُ فَكَانَتْ أَبْوَابًا
Көктер сетінеп есіктер пайда болады.
78:19 -
وَسُيِّرَتِ الْجِبَالُ فَكَانَتْ سَرَابًا
Таулар жүргізіліп, сағым болады.
78:20
Аударма: Халифа Алтай