Сүре 77 әл-Мурсәләт (Эмиссарлар)

  1. وَالْمُرْسَلَاتِ عُرْفًا

    Жалғасты жіберілгендерге,

    77:1
  2. فَالْعَاصِفَاتِ عَصْفًا

    Қатты есіп, үшырушыларға,

    77:2
  3. وَالنَّاشِرَاتِ نَشْرًا

    Тарқатқан сайын тарқатушыларға,

    77:3
  4. فَالْفَارِقَاتِ فَرْقًا

    Айырған сайын айырушыларға,

    77:4
  5. فَالْمُلْقِيَاتِ ذِكْرًا

    Сосын зікір тастаушыларға,

    77:5
  6. عُذْرًا أَوْ نُذْرًا

    Сылтау түрінде мейлі ескерту түрінде болсын, осыларға серт. (Бүл аяттардағы ант етілген нәрселерді Алла (Т.) ашық баян етпеген. Мүфәссірлер бүл жөнде түрлі көз қарастар білдірген. Мысалы: 1-Періштелер, 2-Желдер, 3-Қүран Кәрим, 4-Пайғамбарлар. Не бәрі жел, не бәрі періштелер...)

    77:6
  7. إِنَّمَا تُوعَدُونَ لَوَاقِعٌ

    Шын мәнінде сендерге уәде етілген (қиямет) әлбетте болады.

    77:7
  8. فَإِذَا النُّجُومُ طُمِسَتْ

    Жүлдыздар сөнген сәтте,

    77:8
  9. وَإِذَا السَّمَاءُ فُرِجَتْ

    Көк жарылғанда,

    77:9
  10. وَإِذَا الْجِبَالُ نُسِفَتْ

    Таулар үгітіліп, үшырылғанда,

    77:10
  11. وَإِذَا الرُّسُلُ أُقِّتَتْ

    Пайғамбарлардың уақты жеткен кезде;

    77:11
  12. لِأَيِّ يَوْمٍ أُجِّلَتْ

    Қайсы күнге кешіктіріліп еді?

    77:12
  13. لِيَوْمِ الْفَصْلِ

    Шешім күніне.

    77:13
  14. وَمَا أَدْرَاكَ مَا يَوْمُ الْفَصْلِ

    Ол шешім күнін қайдан білесің?

    77:14
  15. وَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِلْمُكَذِّبِينَ

    Ол күні, жасынға шығарушыларға нендей өкініш!

    77:15
  16. أَلَمْ نُهْلِكِ الْأَوَّلِينَ

    Бүрынғыларды жоқ етпедік пе?

    77:16
  17. ثُمَّ نُتْبِعُهُمُ الْآخِرِينَ

    Сосын кейінгілерді де. Солардың аяғын қүштырамыз.

    77:17
  18. كَذَٰلِكَ نَفْعَلُ بِالْمُجْرِمِينَ

    Күнәкарларга осылай істейміз.

    77:18
  19. وَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِلْمُكَذِّبِينَ

    Жасынға шығарушылар үшін сол күні нендей өкініш!

    77:19
  20. أَلَمْ نَخْلُقْكُمْ مِنْ مَاءٍ مَهِينٍ

    Сендерді болымсыз судан жаратпадық па?

    77:20

Аударма: Халифа Алтай