Мусыхаф, бет 120

  1. وَحَسِبُوا أَلَّا تَكُونَ فِتْنَةٌ فَعَمُوا وَصَمُّوا ثُمَّ تَابَ اللَّهُ عَلَيْهِمْ ثُمَّ عَمُوا وَصَمُّوا كَثِيرٌ مِنْهُمْ ۚ وَاللَّهُ بَصِيرٌ بِمَا يَعْمَلُونَ

    Олар, (пайғамбарларды жалғандау, өлтірулері себепті) бір сұмдық болмайды деп, ойлады да соқыр, саңырау болып алды. Сонсоң Алла олардың тәубесін қабыл етті. Және де олардың көбі соқыр, саңырау болды. Алла (Т.) олардың не істегендерін толық көруші.

    5:71
  2. لَقَدْ كَفَرَ الَّذِينَ قَالُوا إِنَّ اللَّهَ هُوَ الْمَسِيحُ ابْنُ مَرْيَمَ ۖ وَقَالَ الْمَسِيحُ يَا بَنِي إِسْرَائِيلَ اعْبُدُوا اللَّهَ رَبِّي وَرَبَّكُمْ ۖ إِنَّهُ مَنْ يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَقَدْ حَرَّمَ اللَّهُ عَلَيْهِ الْجَنَّةَ وَمَأْوَاهُ النَّارُ ۖ وَمَا لِلظَّالِمِينَ مِنْ أَنْصَارٍ

    Расында Мәрйем ұлы Мәсихты: «Алла» дегендер кәпір болды. Негізінде Мәсих: «Әй Израил ұрпақтары! Аллаға құлшылық қылыңдар! Менің Раббым; әрі сендердің раббыларың! Өйткені, кім Аллаға ортақ қосса, расында Алла оған жәннетті арам етеді. Оның орны тозақ оты. Сондай-ақ залымдар үшін жәрдемші жоқ » деген.

    5:72
  3. لَقَدْ كَفَرَ الَّذِينَ قَالُوا إِنَّ اللَّهَ ثَالِثُ ثَلَاثَةٍ ۘ وَمَا مِنْ إِلَٰهٍ إِلَّا إِلَٰهٌ وَاحِدٌ ۚ وَإِنْ لَمْ يَنْتَهُوا عَمَّا يَقُولُونَ لَيَمَسَّنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ

    Расында: «Алла, үштің үшіншісі » дегендер кәпір болды. Бір Тәңірден басқа тәңір жоқ. Егер олар бұл айтқандарынан тыйылмаса, олардан; сондай қарсы келгендерге күйзелтуші азап кездеседі.

    5:73
  4. أَفَلَا يَتُوبُونَ إِلَى اللَّهِ وَيَسْتَغْفِرُونَهُ ۚ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ

    Сонда да Аллаға тәубе етіп, жарылқану тілемей ме? Алла (Т.) аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.

    5:74
  5. مَا الْمَسِيحُ ابْنُ مَرْيَمَ إِلَّا رَسُولٌ قَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلِهِ الرُّسُلُ وَأُمُّهُ صِدِّيقَةٌ ۖ كَانَا يَأْكُلَانِ الطَّعَامَ ۗ انْظُرْ كَيْفَ نُبَيِّنُ لَهُمُ الْآيَاتِ ثُمَّ انْظُرْ أَنَّىٰ يُؤْفَكُونَ

    Мәрйем ұлы Мәсих; бір пайғамбар ғана. Одан бұрын да пайғамбарлар өткен. Оның анасы шыншыл. Екеуі де тамақ жейтұғын. (Әй Мұхаммед !) қара! Оларға аяттарымызды қалай ашық баян етеміз. Сонсоң қалай бұрылып бара жатқандарын көр!

    5:75
  6. قُلْ أَتَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ مَا لَا يَمْلِكُ لَكُمْ ضَرًّا وَلَا نَفْعًا ۚ وَاللَّهُ هُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ

    (Мұхаммед Ғ.С.) оларға айт: «Алладан өзге сендерге пайда, зиян келтіре алмайтынға құлшылық қыласыңдар ма?» Негізінде Алла, әр нәрсені естуші, білуші.

    5:76

Аударма: Халифа Алтай