Мусыхаф, бет 121
-
قُلْ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لَا تَغْلُوا فِي دِينِكُمْ غَيْرَ الْحَقِّ وَلَا تَتَّبِعُوا أَهْوَاءَ قَوْمٍ قَدْ ضَلُّوا مِنْ قَبْلُ وَأَضَلُّوا كَثِيرًا وَضَلُّوا عَنْ سَوَاءِ السَّبِيلِ
(Мұхаммед Ғ.С.): «Әй Кітап иелері! Діндеріңде орынсыз шектен шықпаңдар және бұрыңғы нақ жолдан адасқан әрі көптерді адастырған сондай-ақ тегіс жолдан азған қауымның әуесіне ілеспеңдер.» де.
5:77 -
لُعِنَ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ عَلَىٰ لِسَانِ دَاوُودَ وَعِيسَى ابْنِ مَرْيَمَ ۚ ذَٰلِكَ بِمَا عَصَوْا وَكَانُوا يَعْتَدُونَ
Сондай Израил ұрпақтарынан қарсы болғандарға, Дауыт және Мәрйем ұлы Ғиса (Ғ.С.) ның тілі арқылы лағынет етілген. Ол қарсы келулері, шектен шығуларының салдарынан.
5:78 -
كَانُوا لَا يَتَنَاهَوْنَ عَنْ مُنْكَرٍ فَعَلُوهُ ۚ لَبِئْسَ مَا كَانُوا يَفْعَلُونَ
Олар бір- бірлерін істеген жамандықтарынан тыймайтын болған. Расында олардың істегендері нендей жаман.
5:79 -
تَرَىٰ كَثِيرًا مِنْهُمْ يَتَوَلَّوْنَ الَّذِينَ كَفَرُوا ۚ لَبِئْسَ مَا قَدَّمَتْ لَهُمْ أَنْفُسُهُمْ أَنْ سَخِطَ اللَّهُ عَلَيْهِمْ وَفِي الْعَذَابِ هُمْ خَالِدُونَ
Олардан көбінің кәпірлерді дос тұтқанын көресің. Алланың ашуына жолығып, азапта мәңгі қалатындықтан олардың ілгері жіберген нәрселері нендей жаман.
5:80 -
وَلَوْ كَانُوا يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالنَّبِيِّ وَمَا أُنْزِلَ إِلَيْهِ مَا اتَّخَذُوهُمْ أَوْلِيَاءَ وَلَٰكِنَّ كَثِيرًا مِنْهُمْ فَاسِقُونَ
Егер олар Аллаға, Пайғамбарға және оған түсірілген Құранға иман келтірген болса, оларды дос тұтпас еді. Бірақ олардың көбі бұзақылар.
5:81 -
لَتَجِدَنَّ أَشَدَّ النَّاسِ عَدَاوَةً لِلَّذِينَ آمَنُوا الْيَهُودَ وَالَّذِينَ أَشْرَكُوا ۖ وَلَتَجِدَنَّ أَقْرَبَهُمْ مَوَدَّةً لِلَّذِينَ آمَنُوا الَّذِينَ قَالُوا إِنَّا نَصَارَىٰ ۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّ مِنْهُمْ قِسِّيسِينَ وَرُهْبَانًا وَأَنَّهُمْ لَا يَسْتَكْبِرُونَ
Әрине мүміндерге адамдардан ең қатты дұшпан түрінде Яһудилерді, Мүшріктерді табасың. Және мүміндерге сүйіспеншілік тұрғысынан олардың жақынырағын: «Біз Христианбыз» дегендерден табасың. Бұл олардың даналары, тақуаларының болуы және олардың менменсімейтіндіктері себепті.
5:82
Аударма: Халифа Алтай