Мусыхаф, бет 195

  1. لَقَدِ ابْتَغَوُا الْفِتْنَةَ مِنْ قَبْلُ وَقَلَّبُوا لَكَ الْأُمُورَ حَتَّىٰ جَاءَ الْحَقُّ وَظَهَرَ أَمْرُ اللَّهِ وَهُمْ كَارِهُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) расында бұлар бұрын (Ұхыт соғысында) да пітне іздеп, істеріңді терісіне айналдырған еді. Ақыр олар, жек көрсе де хақиқат келіп, Алланың әмірі үстем болды.

    9:48
  2. وَمِنْهُمْ مَنْ يَقُولُ ائْذَنْ لِي وَلَا تَفْتِنِّي ۚ أَلَا فِي الْفِتْنَةِ سَقَطُوا ۗ وَإِنَّ جَهَنَّمَ لَمُحِيطَةٌ بِالْكَافِرِينَ

    Олардан кей адам: «Маған ұхсат бер, әлекке салма» дейді. Байқандар, олар негізінен әлекке түскендер. Сөзсіз тозақ, кәпірлерді орап алады.

    9:49
  3. إِنْ تُصِبْكَ حَسَنَةٌ تَسُؤْهُمْ ۖ وَإِنْ تُصِبْكَ مُصِيبَةٌ يَقُولُوا قَدْ أَخَذْنَا أَمْرَنَا مِنْ قَبْلُ وَيَتَوَلَّوْا وَهُمْ فَرِحُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) егер саған бір игілік жетсе, олар оны жек көреді. Ал егер саған бір қайғы жетсе: «Ісімізді бұрын ыңғайлап алған едік» дейді де олар сүйініп қайтады

    9:50
  4. قُلْ لَنْ يُصِيبَنَا إِلَّا مَا كَتَبَ اللَّهُ لَنَا هُوَ مَوْلَانَا ۚ وَعَلَى اللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُؤْمِنُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.): «Бізге Алланың жазғаны ғана болады. Ол біздің иеміз. Мүміндер Аллаға тәуекел қылсын»де.

    9:51
  5. قُلْ هَلْ تَرَبَّصُونَ بِنَا إِلَّا إِحْدَى الْحُسْنَيَيْنِ ۖ وَنَحْنُ نَتَرَبَّصُ بِكُمْ أَنْ يُصِيبَكُمُ اللَّهُ بِعَذَابٍ مِنْ عِنْدِهِ أَوْ بِأَيْدِينَا ۖ فَتَرَبَّصُوا إِنَّا مَعَكُمْ مُتَرَبِّصُونَ

    Оларға: «Сендер, бізге (ғазилық, шәћиттік) екі игіліктің бірінен басқаның келуін күтесіңдер ме? Біз Алланың сендерге өз қасынан немесе біздің қолымыздан бір азап жеткізуін күтеміз. Ао онда сендер де тосыңдар, бізде сендермен бірге тосайық»де.

    9:52
  6. قُلْ أَنْفِقُوا طَوْعًا أَوْ كَرْهًا لَنْ يُتَقَبَّلَ مِنْكُمْ ۖ إِنَّكُمْ كُنْتُمْ قَوْمًا فَاسِقِينَ

    Оларға: «Малдарыңды мейлі бейілді, немесе бейілсіз түрде сарып қылыңдар. Сендерден әсте қабыл етілмейді. Өйткені сендер бұзақы елсіңдер» де.

    9:53
  7. وَمَا مَنَعَهُمْ أَنْ تُقْبَلَ مِنْهُمْ نَفَقَاتُهُمْ إِلَّا أَنَّهُمْ كَفَرُوا بِاللَّهِ وَبِرَسُولِهِ وَلَا يَأْتُونَ الصَّلَاةَ إِلَّا وَهُمْ كُسَالَىٰ وَلَا يُنْفِقُونَ إِلَّا وَهُمْ كَارِهُونَ

    Тек қана олардың сарып қылғандарын олардан қабыл болуына кедергі болған жағдай: Аллаға, Елшісіне қарсы болғандықтары, намазға өте алқаулықпен келулері және олардың аса жек көрген түрде мал сарып қылулары.

    9:54

Аударма: Халифа Алтай