Мусыхаф, бет 20

  1. وَإِذْ يَرْفَعُ إِبْرَاهِيمُ الْقَوَاعِدَ مِنَ الْبَيْتِ وَإِسْمَاعِيلُ رَبَّنَا تَقَبَّلْ مِنَّا ۖ إِنَّكَ أَنْتَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ

    Сол уақта Ыбырайым мен Ысмайыл (Ғ.С.) үйдің (Қағбаның) ірге тасын көтере: «Бізден қабыл айла, күдіксіз Сен тілекті тым естуші, толық білушісің.»

    2:127
  2. رَبَّنَا وَاجْعَلْنَا مُسْلِمَيْنِ لَكَ وَمِنْ ذُرِّيَّتِنَا أُمَّةً مُسْلِمَةً لَكَ وَأَرِنَا مَنَاسِكَنَا وَتُبْ عَلَيْنَا ۖ إِنَّكَ أَنْتَ التَّوَّابُ الرَّحِيمُ

    «Раббымыз, екеумізді де өзіңе бой ұсынушы қыл, ұрпақтарымыздан да өзіңе бой ұсынушы бір үммет қыла көр, әрі бізге хаж ғамалдарымызды көрсетіп, тәубелерімізді қабыл айла, әлбетте Сен өзің тәубені қабыл етуші, ерекше мейрімдісің!»

    2:128
  3. رَبَّنَا وَابْعَثْ فِيهِمْ رَسُولًا مِنْهُمْ يَتْلُو عَلَيْهِمْ آيَاتِكَ وَيُعَلِّمُهُمُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَيُزَكِّيهِمْ ۚ إِنَّكَ أَنْتَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ

    «Раббымыз ұрпағымыздың ішіне өздерінен, оларға аяттарыңды оқитын, Кітапты әрі үкімдерін үйретіп, оларды тазартатын бір елші жібергейсің, күдіксіз Сен өзің ғана аса үстем, өте данасың» (деп жалбарынды. Ыбырайым Ғ.С. ның тілегі бойынша Мұхаммед Ғ.С. елші болып келді.

    2:129
  4. وَمَنْ يَرْغَبُ عَنْ مِلَّةِ إِبْرَاهِيمَ إِلَّا مَنْ سَفِهَ نَفْسَهُ ۚ وَلَقَدِ اصْطَفَيْنَاهُ فِي الدُّنْيَا ۖ وَإِنَّهُ فِي الْآخِرَةِ لَمِنَ الصَّالِحِينَ

    Өзін білмеген ақылсыздан басқа кім Ыбырайым (Ғ.С.) ның жолынан бет бұрады? Расында оны дүниеде таңдадық әрі күдіксіз ол, ахиретте де игілерден болады.

    2:130
  5. إِذْ قَالَ لَهُ رَبُّهُ أَسْلِمْ ۖ قَالَ أَسْلَمْتُ لِرَبِّ الْعَالَمِينَ

    Бір кезде Раббы оған: «Бой ұсын!»,- деді. Ол: «үкіл әлемнің Раббына бой ұсындым» деді.

    2:131
  6. وَوَصَّىٰ بِهَا إِبْرَاهِيمُ بَنِيهِ وَيَعْقُوبُ يَا بَنِيَّ إِنَّ اللَّهَ اصْطَفَىٰ لَكُمُ الدِّينَ فَلَا تَمُوتُنَّ إِلَّا وَأَنْتُمْ مُسْلِمُونَ

    Ыбырайым (Ғ.С.) бұны ұлдарына өсиет етті және Яғқұп (Ғ.С.) да: «Әй ұлдарым! Әрине Алла сендер үшін осы дінді ұнатты, сондықтан сендер нағыз Мұсылман болып өліңдер» деді.

    2:132
  7. أَمْ كُنْتُمْ شُهَدَاءَ إِذْ حَضَرَ يَعْقُوبَ الْمَوْتُ إِذْ قَالَ لِبَنِيهِ مَا تَعْبُدُونَ مِنْ بَعْدِي قَالُوا نَعْبُدُ إِلَٰهَكَ وَإِلَٰهَ آبَائِكَ إِبْرَاهِيمَ وَإِسْمَاعِيلَ وَإِسْحَاقَ إِلَٰهًا وَاحِدًا وَنَحْنُ لَهُ مُسْلِمُونَ

    Яғқұп (Ғ.С.) қа өлім келген сәтте, балаларына: «Неменеге құлшылық қыласыңдар?»,- дегенде, барма едіңдер? Сонда олар: «Сенің Тәңіріңе, аталарыңның Тәңіріңе: Ысмайыл, Ысхақтың бір- ақ Тәңіріңе құлшылық қыламыз. Сондай-ақ Соған бой ұсынамыз» деген еді.

    2:133
  8. تِلْكَ أُمَّةٌ قَدْ خَلَتْ ۖ لَهَا مَا كَسَبَتْ وَلَكُمْ مَا كَسَبْتُمْ ۖ وَلَا تُسْأَلُونَ عَمَّا كَانُوا يَعْمَلُونَ

    Міне солар бір үммет еді, өтіп кетті. Олардың еңбектері өздеріне, сендердің еңбектерің өздеріңе, сендер олардың істегендерінен сұралмайсыңдар. (Сондай-ақ бұл қылықтарыңмен олардан пайдалана алмайсыңдар)

    2:134

Аударма: Халифа Алтай