Мусыхаф, бет 264
-
قَالَ يَا إِبْلِيسُ مَا لَكَ أَلَّا تَكُونَ مَعَ السَّاجِدِينَ
(Алла Т.): «Әй Ібіліс! Сен неге сәжде қылушылармен бірге болмадың» деді.
15:32 -
قَالَ لَمْ أَكُنْ لِأَسْجُدَ لِبَشَرٍ خَلَقْتَهُ مِنْ صَلْصَالٍ مِنْ حَمَإٍ مَسْنُونٍ
(Ібіліс): «Сен бейнеленген қара балшықтың кеуіп, сыңғырлағанынан жаратқан адамға сәжде етуіме болмайды» деді.
15:33 -
قَالَ فَاخْرُجْ مِنْهَا فَإِنَّكَ رَجِيمٌ
(Алла): “Онда сен жаннаттан шық. Өйткені, сен қуылдың” деді.
15:34 -
وَإِنَّ عَلَيْكَ اللَّعْنَةَ إِلَىٰ يَوْمِ الدِّينِ
“Шынында саған қиямет күніне дейін лағынет бар…”
15:35 -
قَالَ رَبِّ فَأَنْظِرْنِي إِلَىٰ يَوْمِ يُبْعَثُونَ
(Ібіліс): “Ендеше Раббым! Маған қайта тірілетін күнге дейін кеңшілік бер” деді.
15:36 -
قَالَ فَإِنَّكَ مِنَ الْمُنْظَرِينَ
(Алла, Ібіліске): “Расында саған кеңшілік берілді” деді.
15:37 -
إِلَىٰ يَوْمِ الْوَقْتِ الْمَعْلُومِ
“белгілі бір мерзімге дейін”
15:38 -
قَالَ رَبِّ بِمَا أَغْوَيْتَنِي لَأُزَيِّنَنَّ لَهُمْ فِي الْأَرْضِ وَلَأُغْوِيَنَّهُمْ أَجْمَعِينَ
(Ол): “Раббым, мені қаңғыртқандығың үшін; әлбетте адам баласына жер жүзіндегі (жаман) нәрселерді жақсы көрсетіп, олардың барлығын адастырамын” деді.
15:39 -
إِلَّا عِبَادَكَ مِنْهُمُ الْمُخْلَصِينَ
“Бірақ, олардың ішіндегі нағыз құлдарыңды адастыра алмаймын” (деді.)
15:40 -
قَالَ هَٰذَا صِرَاطٌ عَلَيَّ مُسْتَقِيمٌ
(Алла): “Маған келетін тура жол осы” деді.
15:41 -
إِنَّ عِبَادِي لَيْسَ لَكَ عَلَيْهِمْ سُلْطَانٌ إِلَّا مَنِ اتَّبَعَكَ مِنَ الْغَاوِينَ
“Менің шынайы құлдарыма ықпалың жүрмейді. Бірақ, саған кім ерсе, адасқандардан болады ”
15:42 -
وَإِنَّ جَهَنَّمَ لَمَوْعِدُهُمْ أَجْمَعِينَ
“Сөз жоқ, олардың бәрінің уәделі жері жаћаннам”
15:43 -
لَهَا سَبْعَةُ أَبْوَابٍ لِكُلِّ بَابٍ مِنْهُمْ جُزْءٌ مَقْسُومٌ
Тозақтың жеті қақпасы бар. Әр қақпаға олардан бір бөлегі айрылады.
15:44 -
إِنَّ الْمُتَّقِينَ فِي جَنَّاتٍ وَعُيُونٍ
Сөзсіз тақуалар бақшаларда және бастауларда болады.
15:45 -
ادْخُلُوهَا بِسَلَامٍ آمِنِينَ
Жаннатқа амандықпен кіріңдер!
15:46 -
وَنَزَعْنَا مَا فِي صُدُورِهِمْ مِنْ غِلٍّ إِخْوَانًا عَلَىٰ سُرُرٍ مُتَقَابِلِينَ
Олардың жүректеріндегі кекті шығардық. Туыс болып, тақтардың үстінде бір-біріне қарсы отырады.
15:47 -
لَا يَمَسُّهُمْ فِيهَا نَصَبٌ وَمَا هُمْ مِنْهَا بِمُخْرَجِينَ
Жаннатта олар шаршамайды да одан шығарылмайды.
15:48 -
نَبِّئْ عِبَادِي أَنِّي أَنَا الْغَفُورُ الرَّحِيمُ
(Мұхаммед Ғ.С.) құлдарыма хабар бер. Күдіксіз Мен аса жарылқаушы, ерекше мейірімдімін.
15:49 -
وَأَنَّ عَذَابِي هُوَ الْعَذَابُ الْأَلِيمُ
Шын мәнінде азабым да күйзелтуші.
15:50 -
وَنَبِّئْهُمْ عَنْ ضَيْفِ إِبْرَاهِيمَ
Оларға Ыбырайым (Ғ.С.) ның қонақтарының да жайын айт.
15:51
Аударма: Халифа Алтай