Мусыхаф, бет 267

  1. الَّذِينَ جَعَلُوا الْقُرْآنَ عِضِينَ

    Олар, Құранды бөлшектегендер. (Інжіл, Тәуратқа сәйкеспейді және өлең, сиқыр, бақсылық, ертегі т.б. деп тоғыз саққа жүгірткендер.)

    15:91
  2. فَوَرَبِّكَ لَنَسْأَلَنَّهُمْ أَجْمَعِينَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңа серт, әлбетте оларды түгел сұраққа тартамыз;

    15:92
  3. عَمَّا كَانُوا يَعْمَلُونَ

    Олардың қылған қылықтарынан.

    15:93
  4. فَاصْدَعْ بِمَا تُؤْمَرُ وَأَعْرِضْ عَنِ الْمُشْرِكِينَ

    саған берілген бұйрықты ашық ұқтыр да шерік қатушылардан бет бұр.

    15:94
  5. إِنَّا كَفَيْنَاكَ الْمُسْتَهْزِئِينَ

    Рас сені мазақтаушыларға қарсы Біз жетіп асамыз.

    15:95
  6. الَّذِينَ يَجْعَلُونَ مَعَ اللَّهِ إِلَٰهًا آخَرَ ۚ فَسَوْفَ يَعْلَمُونَ

    Алламен бірге басқа тәңір қылып алғандар, әлі-ақ біледі.

    15:96
  7. وَلَقَدْ نَعْلَمُ أَنَّكَ يَضِيقُ صَدْرُكَ بِمَا يَقُولُونَ

    Расында олардың айтқандарына көңліңнің тарайғанын білеміз.

    15:97
  8. فَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ وَكُنْ مِنَ السَّاجِدِينَ

    Енді Раббыңды пәктеп, дәріптеп сәжде етушілерден бол.

    15:98
  9. وَاعْبُدْ رَبَّكَ حَتَّىٰ يَأْتِيَكَ الْيَقِينُ

    Раббыңа, саған өлім келгенге дейін құлшылық қыл.

    15:99
  10. أَتَىٰ أَمْرُ اللَّهِ فَلَا تَسْتَعْجِلُوهُ ۚ سُبْحَانَهُ وَتَعَالَىٰ عَمَّا يُشْرِكُونَ

    Алланың әмірі келді. Сондықтан оның тез келуін тілемеңдер. Алла, олардың қосқан шеріктерінен пәк те жоғары.

    16:1
  11. يُنَزِّلُ الْمَلَائِكَةَ بِالرُّوحِ مِنْ أَمْرِهِ عَلَىٰ مَنْ يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ أَنْ أَنْذِرُوا أَنَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا أَنَا فَاتَّقُونِ

    Алла періштелерді өз әмірлерінен бір рухпенен (уахименен) құлдарынан қалағанына:“Рас Менен басқа ешбір Тәңір жоқ. Әрі менен қорқыңдар” деп ескертіңдер делінген түрде түсіріледі.

    16:2
  12. خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ بِالْحَقِّ ۚ تَعَالَىٰ عَمَّا يُشْرِكُونَ

    Ол көктерді және жерді шындықпен жаратты. Олардың қосқан шеріктерінен жоғары.

    16:3
  13. خَلَقَ الْإِنْسَانَ مِنْ نُطْفَةٍ فَإِذَا هُوَ خَصِيمٌ مُبِينٌ

    Адам баласын бір тамшы судан жаратты. Сонда да ол ашық жанжалшыл.

    16:4
  14. وَالْأَنْعَامَ خَلَقَهَا ۗ لَكُمْ فِيهَا دِفْءٌ وَمَنَافِعُ وَمِنْهَا تَأْكُلُونَ

    Тағы малдарды жаратты. Малдарда сендерді жылытатын және басқа пайдалы заттар бар. Әрі олардан жейсіңдер.

    16:5
  15. وَلَكُمْ فِيهَا جَمَالٌ حِينَ تُرِيحُونَ وَحِينَ تَسْرَحُونَ

    Сендер үшін малдарды қоралаған уақытта және өргізген кезде,бір зауық бар.

    16:6

Аударма: Халифа Алтай