Мусыхаф, бет 311

  1. أَفَرَأَيْتَ الَّذِي كَفَرَ بِآيَاتِنَا وَقَالَ لَأُوتَيَنَّ مَالًا وَوَلَدًا

    (Мұхаммед Ғ.С.) аяттарымызға қарсы келіп: "Әлбетте маған мал, бала беріледі" дегенді көрдің бе?

    19:77
  2. أَطَّلَعَ الْغَيْبَ أَمِ اتَّخَذَ عِنْدَ الرَّحْمَٰنِ عَهْدًا

    Ол, көместі білді ме? Немесе Алладан уәде алды ма?

    19:78
  3. كَلَّا ۚ سَنَكْتُبُ مَا يَقُولُ وَنَمُدُّ لَهُ مِنَ الْعَذَابِ مَدًّا

    Әсте олай емес. Оның айтқанын жазамыз да оған азапты арттырған сайын арттырамыз.

    19:79
  4. وَنَرِثُهُ مَا يَقُولُ وَيَأْتِينَا فَرْدًا

    Сондай-ақ оның айтқанына Біз ие боламыз да ол бізге жалғыз келеді.

    19:80
  5. وَاتَّخَذُوا مِنْ دُونِ اللَّهِ آلِهَةً لِيَكُونُوا لَهُمْ عِزًّا

    Олар өздеріне абырой үшін Алладан өзге тәңір жасап алды.

    19:81
  6. كَلَّا ۚ سَيَكْفُرُونَ بِعِبَادَتِهِمْ وَيَكُونُونَ عَلَيْهِمْ ضِدًّا

    Олай емес, тәңірлері олардың табынуларына қарсы шығып, өздеріне теріс келеді.

    19:82
  7. أَلَمْ تَرَ أَنَّا أَرْسَلْنَا الشَّيَاطِينَ عَلَى الْكَافِرِينَ تَؤُزُّهُمْ أَزًّا

    (Мұхаммед Ғ.С.) көрмедің бе? Кәпірлерге, оларға түрткі салатын шайтандарды жібердік.

    19:83
  8. فَلَا تَعْجَلْ عَلَيْهِمْ ۖ إِنَّمَا نَعُدُّ لَهُمْ عَدًّا

    Олар үшін асықпа. Шынайы түрде олардың күнін санаудамыз.

    19:84
  9. يَوْمَ نَحْشُرُ الْمُتَّقِينَ إِلَى الرَّحْمَٰنِ وَفْدًا

    Сол күні, тақуаларды Рахманның хұзырына қонақ түрінде жинаймыз.

    19:85
  10. وَنَسُوقُ الْمُجْرِمِينَ إِلَىٰ جَهَنَّمَ وِرْدًا

    Күнәкарларды шөлдеген түрде тозаққа айдаймыз.

    19:86
  11. لَا يَمْلِكُونَ الشَّفَاعَةَ إِلَّا مَنِ اتَّخَذَ عِنْدَ الرَّحْمَٰنِ عَهْدًا

    Рахманның қасында уәде алғаннан басқа ешкім шапағат ету күшіне ие бола алмайды. (2-С.555-А.)

    19:87
  12. وَقَالُوا اتَّخَذَ الرَّحْمَٰنُ وَلَدًا

    Олар: "Алла, бала иемденді" десті.

    19:88
  13. لَقَدْ جِئْتُمْ شَيْئًا إِدًّا

    Расында өрескел нәрсе сөйледіңдер.

    19:89
  14. تَكَادُ السَّمَاوَاتُ يَتَفَطَّرْنَ مِنْهُ وَتَنْشَقُّ الْأَرْضُ وَتَخِرُّ الْجِبَالُ هَدًّا

    Бұдан көктер шатынай, жер жарыла, таулар құлап түсе жаздайды:

    19:90
  15. أَنْ دَعَوْا لِلرَّحْمَٰنِ وَلَدًا

    Аллаға бала ұйғарғандықтарынан.

    19:91
  16. وَمَا يَنْبَغِي لِلرَّحْمَٰنِ أَنْ يَتَّخِذَ وَلَدًا

    Негізінен Аллаға бала лайық емес.

    19:92
  17. إِنْ كُلُّ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ إِلَّا آتِي الرَّحْمَٰنِ عَبْدًا

    Көктер мен жердегі әркім Аллаға ғана құл болып келеді.

    19:93
  18. لَقَدْ أَحْصَاهُمْ وَعَدَّهُمْ عَدًّا

    Расында Алла, оларды түгендеп, бір-бірлеп санын біледі.

    19:94
  19. وَكُلُّهُمْ آتِيهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ فَرْدًا

    Сондай-ақ олардың барлығы Оған жеке-жеке келеді.

    19:95

Аударма: Халифа Алтай