Мусыхаф, бет 312

  1. إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ سَيَجْعَلُ لَهُمُ الرَّحْمَٰنُ وُدًّا

    Күдіксіз иман келтіріп, түзу іс істегендерге; Алла, сүйіспеншілік береді.

    19:96
  2. فَإِنَّمَا يَسَّرْنَاهُ بِلِسَانِكَ لِتُبَشِّرَ بِهِ الْمُتَّقِينَ وَتُنْذِرَ بِهِ قَوْمًا لُدًّا

    (Мұхаммед Ғ.С.) Құранды, ол арқылы тақуаларды қуантып, қасарысқан елді қорқытуың үшін өз тіліңде оңайластырып түсірдік.

    19:97
  3. وَكَمْ أَهْلَكْنَا قَبْلَهُمْ مِنْ قَرْنٍ هَلْ تُحِسُّ مِنْهُمْ مِنْ أَحَدٍ أَوْ تَسْمَعُ لَهُمْ رِكْزًا

    Олардан қаншалаған нәсілді жоқ еттік. Енді олардың ешбіреуін сезініп, сыбдырларын естисің бе?

    19:98
  4. طه

    (Мұхаммед Ғ.С. ның бір аты.) Басқа ұғымын Алла біледі.

    20:1
  5. مَا أَنْزَلْنَا عَلَيْكَ الْقُرْآنَ لِتَشْقَىٰ

    Саған Қүранды машақат үшін түсірмедік.

    20:2
  6. إِلَّا تَذْكِرَةً لِمَنْ يَخْشَىٰ

    Бірақ қорыққан кісіге насихат үшін түсірдік.

    20:3
  7. تَنْزِيلًا مِمَّنْ خَلَقَ الْأَرْضَ وَالسَّمَاوَاتِ الْعُلَى

    Жер мен биік көктерді жаратқаннан түсірілді.

    20:4
  8. الرَّحْمَٰنُ عَلَى الْعَرْشِ اسْتَوَىٰ

    Ол Рахман, ғаршыны меңгерді.

    20:5
  9. لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا وَمَا تَحْتَ الثَّرَىٰ

    Көктердегі, жердегі әрі екі арасындағы нәрселермен топырақтың астындағы нәрсе Оған тән.

    20:6
  10. وَإِنْ تَجْهَرْ بِالْقَوْلِ فَإِنَّهُ يَعْلَمُ السِّرَّ وَأَخْفَى

    Сөзіңді мейлі әшкере сөйле. Расында Ол сырды да қүпияны да біледі.

    20:7
  11. اللَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ۖ لَهُ الْأَسْمَاءُ الْحُسْنَىٰ

    Ол Алла. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ең көркем аттар Оған тән.

    20:8
  12. وَهَلْ أَتَاكَ حَدِيثُ مُوسَىٰ

    (Мұхаммед Ғ.С.) саған Мұса (Ғ.С.) ның әңгімесі келді ме? (Мұса Ғ.С. жұбайымен Мәдяннан Мысырдағы шешесін көру үшін жолға шығады. Қараңғы бір қыс түнінде "Туа" ойпатына келгенде бір жағынан жұбайы толғатып, жолдан адасып, қарлы бораннан қойлары ығып кетеді. Ж.Б.М.Р.К.Х.)

    20:9
  13. إِذْ رَأَىٰ نَارًا فَقَالَ لِأَهْلِهِ امْكُثُوا إِنِّي آنَسْتُ نَارًا لَعَلِّي آتِيكُمْ مِنْهَا بِقَبَسٍ أَوْ أَجِدُ عَلَى النَّارِ هُدًى

    Сол уақытта ол бір от көріп, уй-ішіне: "Тұрып тұрыңдар. Бір от көрдім. Бәлкім сендерге бір шоқ келтіремін немесе от жақта, бір жол көрсетуші табармын" деді.

    20:10
  14. فَلَمَّا أَتَاهَا نُودِيَ يَا مُوسَىٰ

    Ол отқа барған сәтте: "Әй Мұса!" деп шақырылды.

    20:11
  15. إِنِّي أَنَا رَبُّكَ فَاخْلَعْ نَعْلَيْكَ ۖ إِنَّكَ بِالْوَادِ الْمُقَدَّسِ طُوًى

    "Рас Мен Раббыңмын. Кебісіңді шеш. Өйткені, сен қасиетті Туа ойпатындасың"

    20:12

Аударма: Халифа Алтай