Мусыхаф, бет 338

  1. وَيَسْتَعْجِلُونَكَ بِالْعَذَابِ وَلَنْ يُخْلِفَ اللَّهُ وَعْدَهُ ۚ وَإِنَّ يَوْمًا عِنْدَ رَبِّكَ كَأَلْفِ سَنَةٍ مِمَّا تَعُدُّونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен азаптың тез келуін тілейді. Алла уәдесінен әсте айнымайды. Негізінде Алланың қасындағы бір күн, сендер санайтын мың жылмен тең.

    22:47
  2. وَكَأَيِّنْ مِنْ قَرْيَةٍ أَمْلَيْتُ لَهَا وَهِيَ ظَالِمَةٌ ثُمَّ أَخَذْتُهَا وَإِلَيَّ الْمَصِيرُ

    Қаншалаған кенттерге ол залым бола тұра мүрса беріп барып сонан соң қолға алдым. Әрине барар жері де Біз тарап.

    22:48
  3. قُلْ يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنَّمَا أَنَا لَكُمْ نَذِيرٌ مُبِينٌ

    (Мұхаммед Ғ.С.): "Әй адамдар! Шын мәнінде мен сендерге ашық ескертуші ғанамын" де.

    22:49
  4. فَالَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَهُمْ مَغْفِرَةٌ وَرِزْقٌ كَرِيمٌ

    Ал иман келтіріп, түзу іс істегендер, оларға жарылқау әрі құрметті несібе бар.

    22:50
  5. وَالَّذِينَ سَعَوْا فِي آيَاتِنَا مُعَاجِزِينَ أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ الْجَحِيمِ

    Сондай аяттарымызды бұзуға тырысқандар, міне солар тозақтық.

    22:51
  6. وَمَا أَرْسَلْنَا مِنْ قَبْلِكَ مِنْ رَسُولٍ وَلَا نَبِيٍّ إِلَّا إِذَا تَمَنَّىٰ أَلْقَى الشَّيْطَانُ فِي أُمْنِيَّتِهِ فَيَنْسَخُ اللَّهُ مَا يُلْقِي الشَّيْطَانُ ثُمَّ يُحْكِمُ اللَّهُ آيَاتِهِ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ

    (Мұхаммед Ғ.С.) Сенен бұрын да, елші не пайғамбар жіберген болсақ, қашан ол үміттенсе, үмітіне шайтан күдік салды. (Немесе қашан ол оқыса, оқуына шайтан күдік салды. Ж.Б.М.К.Р.) Алла шайтанның салатынын жойып, сосын өз аяттарын бекемдейді. Алла толық білуші, хикмет иесі.

    22:52
  7. لِيَجْعَلَ مَا يُلْقِي الشَّيْطَانُ فِتْنَةً لِلَّذِينَ فِي قُلُوبِهِمْ مَرَضٌ وَالْقَاسِيَةِ قُلُوبُهُمْ ۗ وَإِنَّ الظَّالِمِينَ لَفِي شِقَاقٍ بَعِيدٍ

    Шайтанның салатынын; жүректері қатайғандарға, сынақ үшін. Залымдар, әрине ұзақ бір қайшылықта.

    22:53
  8. وَلِيَعْلَمَ الَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ أَنَّهُ الْحَقُّ مِنْ رَبِّكَ فَيُؤْمِنُوا بِهِ فَتُخْبِتَ لَهُ قُلُوبُهُمْ ۗ وَإِنَّ اللَّهَ لَهَادِ الَّذِينَ آمَنُوا إِلَىٰ صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ

    (Мұхаммед Ғ.С.) ғылым берілгендер, Құранның Раббыңнан бір хақиқат екендігін біліп, оған сеніп және оған жүректері берілуі үшін. Күдіксіз Алла, иман келтіргендерді әлбетте тура жолға салды.

    22:54
  9. وَلَا يَزَالُ الَّذِينَ كَفَرُوا فِي مِرْيَةٍ مِنْهُ حَتَّىٰ تَأْتِيَهُمُ السَّاعَةُ بَغْتَةً أَوْ يَأْتِيَهُمْ عَذَابُ يَوْمٍ عَقِيمٍ

    Сондай қарсы келгендер, өздеріне кенеттен қиямет келгенге немесе сәтсіз бір күннің азабы келгенге дейін үнемі Құраннан күдіктенуде.

    22:55

Аударма: Халифа Алтай