Мусыхаф, бет 339
-
الْمُلْكُ يَوْمَئِذٍ لِلَّهِ يَحْكُمُ بَيْنَهُمْ ۚ فَالَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ فِي جَنَّاتِ النَّعِيمِ
Сол күні, иелік Аллаға тән. Олардың араларына үкім жүргізеді. Сонда иман келтіргендер, ізгі іс істегендер, бақытты жаннаттарда болады
22:56 -
وَالَّذِينَ كَفَرُوا وَكَذَّبُوا بِآيَاتِنَا فَأُولَٰئِكَ لَهُمْ عَذَابٌ مُهِينٌ
Қарсы келіп, аяттарымызды жасынға айналдырғандар, міне соларға қорлаушы азап бар.
22:57 -
وَالَّذِينَ هَاجَرُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ ثُمَّ قُتِلُوا أَوْ مَاتُوا لَيَرْزُقَنَّهُمُ اللَّهُ رِزْقًا حَسَنًا ۚ وَإِنَّ اللَّهَ لَهُوَ خَيْرُ الرَّازِقِينَ
Ал Алла жолында босқандар, сосын өлтірілген немесе өлгендер, әлбетте Алла оларға көркем несібе береді. Күдіксіз Алла, әрине Ол, несібе берушілердің жақсысы.
22:58 -
لَيُدْخِلَنَّهُمْ مُدْخَلًا يَرْضَوْنَهُ ۗ وَإِنَّ اللَّهَ لَعَلِيمٌ حَلِيمٌ
Алла оларды разы болатын орынға кіргізеді. Рас Алла, аса білуші, өте жұмсақ
22:59 -
ذَٰلِكَ وَمَنْ عَاقَبَ بِمِثْلِ مَا عُوقِبَ بِهِ ثُمَّ بُغِيَ عَلَيْهِ لَيَنْصُرَنَّهُ اللَّهُ ۗ إِنَّ اللَّهَ لَعَفُوٌّ غَفُورٌ
Міне осылай; кім өзіне істелгендей ғана істеген бола тұра; ол, қайта бұған соқтыкса, әрине Алла, оған жәрдем етеді. Күдіксіз Алла, аса кешірімді, өте жарылқаушы.
22:60 -
ذَٰلِكَ بِأَنَّ اللَّهَ يُولِجُ اللَّيْلَ فِي النَّهَارِ وَيُولِجُ النَّهَارَ فِي اللَّيْلِ وَأَنَّ اللَّهَ سَمِيعٌ بَصِيرٌ
Міне шын мәнінде Алла, түнді күндізге қосып, күндізді түнге қосады. Күдіксіз Алла, әр нәрсені естиді, көреді.
22:61 -
ذَٰلِكَ بِأَنَّ اللَّهَ هُوَ الْحَقُّ وَأَنَّ مَا يَدْعُونَ مِنْ دُونِهِ هُوَ الْبَاطِلُ وَأَنَّ اللَّهَ هُوَ الْعَلِيُّ الْكَبِيرُ
Міне күдіксіз Алла, Ол хақ. Расында олардың Алладан өзге сиынғандары ол, босқа. Рас Алла, Ол өте жоғары, аса ұлы.
22:62 -
أَلَمْ تَرَ أَنَّ اللَّهَ أَنْزَلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَتُصْبِحُ الْأَرْضُ مُخْضَرَّةً ۗ إِنَّ اللَّهَ لَطِيفٌ خَبِيرٌ
Көрмейсің бе? Рас Алла, көктен жаңбыр жаудырып, жерді жасылдыққа айналдырды. Шәксіз Алла, өте мұлайым, толық білуші.
22:63 -
لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۗ وَإِنَّ اللَّهَ لَهُوَ الْغَنِيُّ الْحَمِيدُ
Көктердегі әрі жердегі нәрселер Алланікі. Шынында Алла, өте бай, аса мақтаулы.
22:64
Аударма: Халифа Алтай