Мусыхаф, бет 369

  1. لَعَلَّنَا نَتَّبِعُ السَّحَرَةَ إِنْ كَانُوا هُمُ الْغَالِبِينَ

    (Ел): "Егер жеңіске ие болса, әрине сиқыршыларға ереміз" (десті.)

    26:40
  2. فَلَمَّا جَاءَ السَّحَرَةُ قَالُوا لِفِرْعَوْنَ أَئِنَّ لَنَا لَأَجْرًا إِنْ كُنَّا نَحْنُ الْغَالِبِينَ

    Сиқыршылар келген сәтте, Перғауынға: "Егер біз жеңсек, әрине бізге сыйлық бар емес пе?",- деді.

    26:41
  3. قَالَ نَعَمْ وَإِنَّكُمْ إِذًا لَمِنَ الْمُقَرَّبِينَ

    (Перғауын): "Я, рас сендер онда маған жақындардан боласыңдар" деді.

    26:42
  4. قَالَ لَهُمْ مُوسَىٰ أَلْقُوا مَا أَنْتُمْ مُلْقُونَ

    Мұса (Ғ.С.) сиқыршыларга: "Немене тастасаңдар қане тастаңдар" деді.

    26:43
  5. فَأَلْقَوْا حِبَالَهُمْ وَعِصِيَّهُمْ وَقَالُوا بِعِزَّةِ فِرْعَوْنَ إِنَّا لَنَحْنُ الْغَالِبُونَ

    Сонда олар арқандарымен таяқтарын тастап: "Перғауынның абыройы үшін біз жеңіске ие боламыз" десті.

    26:44
  6. فَأَلْقَىٰ مُوسَىٰ عَصَاهُ فَإِذَا هِيَ تَلْقَفُ مَا يَأْفِكُونَ

    Сонда Мұса (Ғ.С.) да таяғын тастады. Дереу ол, олардың жасанды нәрселерін жалмай бастады.

    26:45
  7. فَأُلْقِيَ السَّحَرَةُ سَاجِدِينَ

    Сондықтан сиқыршылар сәждеге жығылды.

    26:46
  8. قَالُوا آمَنَّا بِرَبِّ الْعَالَمِينَ

    "Әлемнің Раббына иман келтірдік" десті.

    26:47
  9. رَبِّ مُوسَىٰ وَهَارُونَ

    "Мұса мен Һарұнның Раббына."

    26:48
  10. قَالَ آمَنْتُمْ لَهُ قَبْلَ أَنْ آذَنَ لَكُمْ ۖ إِنَّهُ لَكَبِيرُكُمُ الَّذِي عَلَّمَكُمُ السِّحْرَ فَلَسَوْفَ تَعْلَمُونَ ۚ لَأُقَطِّعَنَّ أَيْدِيَكُمْ وَأَرْجُلَكُمْ مِنْ خِلَافٍ وَلَأُصَلِّبَنَّكُمْ أَجْمَعِينَ

    (Перғауын) оларға: "Мен сендерге рұхсат беруден бұрын оған иман келтірдіңдер ме? Рас ол сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Енді білесіңдер; әлбетте қол-аяқтарыңды шадырлата кесемін, тіпті бәріңді асамын" деді.

    26:49
  11. قَالُوا لَا ضَيْرَ ۖ إِنَّا إِلَىٰ رَبِّنَا مُنْقَلِبُونَ

    (Сиқыршылар): "Оқасы жоқ. Раббымызға қайтамыз" деді.

    26:50
  12. إِنَّا نَطْمَعُ أَنْ يَغْفِرَ لَنَا رَبُّنَا خَطَايَانَا أَنْ كُنَّا أَوَّلَ الْمُؤْمِنِينَ

    "Расында біз сенгендердің алды болғандығымыздан, Раббымыздың қателерімізді жарылқауын үміт етеміз."

    26:51
  13. وَأَوْحَيْنَا إِلَىٰ مُوسَىٰ أَنْ أَسْرِ بِعِبَادِي إِنَّكُمْ مُتَّبَعُونَ

    Мұса (Ғ.С.) ға: "Құлдарымды түн қатырып әкет. Сөз жоқ, қуаланасыңдар" деп уахи еттік.

    26:52
  14. فَأَرْسَلَ فِرْعَوْنُ فِي الْمَدَائِنِ حَاشِرِينَ

    Сонда Перғауын қалаларға жинаушылар жіберді.

    26:53
  15. إِنَّ هَٰؤُلَاءِ لَشِرْذِمَةٌ قَلِيلُونَ

    "Расында бұлар (Израил ұрпақтары) аз топ" (деді.)

    26:54
  16. وَإِنَّهُمْ لَنَا لَغَائِظُونَ

    "Сонда да олар бізді ашуландыруда."

    26:55
  17. وَإِنَّا لَجَمِيعٌ حَاذِرُونَ

    "Расында біз сақ бір топпыз."

    26:56
  18. فَأَخْرَجْنَاهُمْ مِنْ جَنَّاتٍ وَعُيُونٍ

    Сөйтіп (Перғауындықтарды) бақшаларынан, бұлақтарынан шығардық.

    26:57
  19. وَكُنُوزٍ وَمَقَامٍ كَرِيمٍ

    Сондай-ақ қазыналарынан, салтанатты мекендерінен де.

    26:58
  20. كَذَٰلِكَ وَأَوْرَثْنَاهَا بَنِي إِسْرَائِيلَ

    Осылайша оларға Израил ұрпақтарын мұрагер қылдық.

    26:59
  21. فَأَتْبَعُوهُمْ مُشْرِقِينَ

    Сонда олар, Израил ұрпақтарын күн шыға қуды.

    26:60

Аударма: Халифа Алтай