Сүре 26 аш-Шұғара (Ақындар)

  1. فَفَرَرْتُ مِنْكُمْ لَمَّا خِفْتُكُمْ فَوَهَبَ لِي رَبِّي حُكْمًا وَجَعَلَنِي مِنَ الْمُرْسَلِينَ

    "Сондықтан сендерден қорқып, өздеріңнен қаштым. Ақыр Раббым, маған хикмет беріп, пайғамбарлардан қылды."

    26:21
  2. وَتِلْكَ نِعْمَةٌ تَمُنُّهَا عَلَيَّ أَنْ عَبَّدْتَ بَنِي إِسْرَائِيلَ

    "Сен Израил ұрпақтарын құл қылып, маған міндетсіген игілігің осы."

    26:22
  3. قَالَ فِرْعَوْنُ وَمَا رَبُّ الْعَالَمِينَ

    (Перғауын): "Әлемдердің Раббы дегенің немене?",- деді.

    26:23
  4. قَالَ رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا ۖ إِنْ كُنْتُمْ مُوقِنِينَ

    (Мұса Ғ.С.): "Егер анық сенетін болсаңдар, Ол; жер-көктің әрі екі арасындағылардың Раббы" деді.

    26:24
  5. قَالَ لِمَنْ حَوْلَهُ أَلَا تَسْتَمِعُونَ

    (Перғауын) маңайындағыларға: "Естімей отырсыңдар ма?",- деді.

    26:25
  6. قَالَ رَبُّكُمْ وَرَبُّ آبَائِكُمُ الْأَوَّلِينَ

    (Мұса Ғ.С.): "Ол, сендердің де Раббыларың, бұрыңғы ата-бабаларыңның да Раббы" деді.

    26:26
  7. قَالَ إِنَّ رَسُولَكُمُ الَّذِي أُرْسِلَ إِلَيْكُمْ لَمَجْنُونٌ

    (Перғауын): "Тақ осы сендерге жіберілген Пайғамбар, мүлде жынды" деді.

    26:27
  8. قَالَ رَبُّ الْمَشْرِقِ وَالْمَغْرِبِ وَمَا بَيْنَهُمَا ۖ إِنْ كُنْتُمْ تَعْقِلُونَ

    (Мұса Ғ.С.): "Егер түсінетін болсаңдар, Ол; шығыс, батыстың және екі арасындағылардың Раббы" деді.

    26:28
  9. قَالَ لَئِنِ اتَّخَذْتَ إِلَٰهًا غَيْرِي لَأَجْعَلَنَّكَ مِنَ الْمَسْجُونِينَ

    (Перғауын): "Егер менен басқаны тәңір етіп алсаң, әрине сені түрмеге саламын.",- деді.

    26:29
  10. قَالَ أَوَلَوْ جِئْتُكَ بِشَيْءٍ مُبِينٍ

    (Мұса Ғ.С.): "Егер саған ашық дәлел келтірсем де ме?",- деді.

    26:30
  11. قَالَ فَأْتِ بِهِ إِنْ كُنْتَ مِنَ الصَّادِقِينَ

    (Перғауын): "Ал әкел. Егер шын айтушылардан болсаң" деді.

    26:31
  12. فَأَلْقَىٰ عَصَاهُ فَإِذَا هِيَ ثُعْبَانٌ مُبِينٌ

    Сонда ол, таяғын тастады да сол уақытта көрнеу айдаһар болды.

    26:32
  13. وَنَزَعَ يَدَهُ فَإِذَا هِيَ بَيْضَاءُ لِلنَّاظِرِينَ

    Тағы қолын шығарды. Ол, қараушыларга аппақ көрінді.

    26:33
  14. قَالَ لِلْمَلَإِ حَوْلَهُ إِنَّ هَٰذَا لَسَاحِرٌ عَلِيمٌ

    (Перғауын) айналасындағы бастықтарга: "Рас мынау, тым білгіш сиқыршы екен" деді.

    26:34
  15. يُرِيدُ أَنْ يُخْرِجَكُمْ مِنْ أَرْضِكُمْ بِسِحْرِهِ فَمَاذَا تَأْمُرُونَ

    "Сиқырымен жерлеріңнен шығарғысы келеді. Ал бұган не бұйырасыңдар?"

    26:35
  16. قَالُوا أَرْجِهْ وَأَخَاهُ وَابْعَثْ فِي الْمَدَائِنِ حَاشِرِينَ

    Олар: "Бұны да туысын да тоқтата тұрып, қалаларга жинаушыларды жібер" десті.

    26:36
  17. يَأْتُوكَ بِكُلِّ سَحَّارٍ عَلِيمٍ

    "Бүкіл білгіш сиқыршыларды саған әкелсін!"

    26:37
  18. فَجُمِعَ السَّحَرَةُ لِمِيقَاتِ يَوْمٍ مَعْلُومٍ

    Сонда белгілі күндегі орынга сиқыршылар жиналды.

    26:38
  19. وَقِيلَ لِلنَّاسِ هَلْ أَنْتُمْ مُجْتَمِعُونَ

    Адамдарға да: "Сендер жиналдыңдар ма?",- делінді.

    26:39
  20. لَعَلَّنَا نَتَّبِعُ السَّحَرَةَ إِنْ كَانُوا هُمُ الْغَالِبِينَ

    (Ел): "Егер жеңіске ие болса, әрине сиқыршыларға ереміз" (десті.)

    26:40

Аударма: Халифа Алтай