Мусыхаф, бет 373

  1. إِنْ هَٰذَا إِلَّا خُلُقُ الْأَوَّلِينَ

    "Бұл бұрынғылардың ғана салты. (Яқи, бұл айтқандарыңды бұрынғылар да айтқан.)"

    26:137
  2. وَمَا نَحْنُ بِمُعَذَّبِينَ

    "Біз азапқа душар болмаймыз."

    26:138
  3. فَكَذَّبُوهُ فَأَهْلَكْنَاهُمْ ۗ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُمْ مُؤْمِنِينَ

    Сонда олар оны жасынға айналдырды да оларды жоқ еттік. Расында бұнда бір өнеге бар. Дегенмен олардың көбі сенбеген еді.

    26:139
  4. وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ

    (Мұхаммед Ғ.С.) Әрине Раббың Ол, тым үстем, ерекше мейірімді.

    26:140
  5. كَذَّبَتْ ثَمُودُ الْمُرْسَلِينَ

    Сәмүд елі де елшілерді жасынға айналдырды.

    26:141
  6. إِذْ قَالَ لَهُمْ أَخُوهُمْ صَالِحٌ أَلَا تَتَّقُونَ

    Сол уақытта туыстары Салих (Ғ.С.): "Алладан қорықпайсыңдар ма?",- деді

    26:142
  7. إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينٌ

    "Рас мен сендер үшін сенімді бір Елшімін."

    26:143
  8. فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ

    "Алладан қорқып, маған бағыныңдар."

    26:144
  9. وَمَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ ۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ الْعَالَمِينَ

    (Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті."

    26:145
  10. أَتُتْرَكُونَ فِي مَا هَاهُنَا آمِنِينَ

    "Сендер осы жерде бейбіт қала аласыңдар ма?"

    26:146
  11. فِي جَنَّاتٍ وَعُيُونٍ

    "Бақшаларда, бұлақтарда."

    26:147
  12. وَزُرُوعٍ وَنَخْلٍ طَلْعُهَا هَضِيمٌ

    "Егіндерде, жұмсақ қауашақты құрма ағаштарында?"

    26:148
  13. وَتَنْحِتُونَ مِنَ الْجِبَالِ بُيُوتًا فَارِهِينَ

    "Сондай-ақ таулардан ойып, шеберлікпен үй жасайсыңдар ма?"

    26:149
  14. فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ

    "Алладан қорқыңдар да маған бағыныңдар."

    26:150
  15. وَلَا تُطِيعُوا أَمْرَ الْمُسْرِفِينَ

    "Шектен шығушылардың әміріне бағынбаңдар."

    26:151
  16. الَّذِينَ يُفْسِدُونَ فِي الْأَرْضِ وَلَا يُصْلِحُونَ

    "Олар жер жүзінде бұзақылық істеп, түзушілік қылмайды."

    26:152
  17. قَالُوا إِنَّمَا أَنْتَ مِنَ الْمُسَحَّرِينَ

    Олар, Салих (Ғ.С.) қа: "Шынында сен жадыланғандардансың" десті.

    26:153
  18. مَا أَنْتَ إِلَّا بَشَرٌ مِثْلُنَا فَأْتِ بِآيَةٍ إِنْ كُنْتَ مِنَ الصَّادِقِينَ

    "Сен біз сияқты ғана адамсың. Егер шыншыл болсаң, бір белгі әкел."

    26:154
  19. قَالَ هَٰذِهِ نَاقَةٌ لَهَا شِرْبٌ وَلَكُمْ شِرْبُ يَوْمٍ مَعْلُومٍ

    (Салих Ғ.С.): "Міне, белгі бір аруана. Су кезегі, бір күн оныкі де бір белгілі күн сендердікі" деді.

    26:155
  20. وَلَا تَمَسُّوهَا بِسُوءٍ فَيَأْخُذَكُمْ عَذَابُ يَوْمٍ عَظِيمٍ

    "Оған жаман ниетпен соқтықпаңдар. Онда сендерді ұлы күннің апаты қолға алады"

    26:156
  21. فَعَقَرُوهَا فَأَصْبَحُوا نَادِمِينَ

    Олар, оны өлтіріп, тастады да өкініште болды.

    26:157
  22. فَأَخَذَهُمُ الْعَذَابُ ۗ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُمْ مُؤْمِنِينَ

    Сонда оларды апат қолға алды. Расында бұнда ғибрат бар. Олардың көбі сенбеген еді.

    26:158
  23. وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ

    Расында Раббың тым үстем, ерекше мейірімді.

    26:159

Аударма: Халифа Алтай