Сүре 26 аш-Шұғара (Ақындар)
-
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُمْ مُؤْمِنِينَ
Рас бұнда анық ғибрат бар. Сонда да олардың көбі сенбейді.
26:121 -
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ
Рас Раббың үстем де мейірімді.
26:122 -
كَذَّبَتْ عَادٌ الْمُرْسَلِينَ
Ғад елі де елшілерді жасынға шығарды.
26:123 -
إِذْ قَالَ لَهُمْ أَخُوهُمْ هُودٌ أَلَا تَتَّقُونَ
Сол уақытта оларға туыстары Һүд (Ғ.С.): "Қорықпайсыңдар ма?",- деді.
26:124 -
إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينٌ
"Рас сендерге сенімді Елшімін."
26:125 -
فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ
"Алладан қорқып, маған бағыныңдар."
26:126 -
وَمَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ ۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ الْعَالَمِينَ
"Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Ақым әлемдердің Раббына тән."
26:127 -
أَتَبْنُونَ بِكُلِّ رِيعٍ آيَةً تَعْبَثُونَ
"Әр төбеге әншейін ескерткіш құрылыс жасайсыңдар ма?"
26:128 -
وَتَتَّخِذُونَ مَصَانِعَ لَعَلَّكُمْ تَخْلُدُونَ
"Дүниеде мәңгі қалу үмітімен мықты сарайлар жасайсыңдар ма?"
26:129 -
وَإِذَا بَطَشْتُمْ بَطَشْتُمْ جَبَّارِينَ
"Қашан ұстасаңдар, қатты зорекерлікпен ұстадыңдар!" (Аямадыңдар!" Ж.Б.М.)
26:130 -
فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ
"Енді Алладан қорқып, маған бағыныңдар."
26:131 -
وَاتَّقُوا الَّذِي أَمَدَّكُمْ بِمَا تَعْلَمُونَ
"Сендерді білген нәрселеріңмен қамтамасыз еткен Алладан қорқыңдар."
26:132 -
أَمَدَّكُمْ بِأَنْعَامٍ وَبَنِينَ
"Сендерге малдар, балалар берді"
26:133 -
وَجَنَّاتٍ وَعُيُونٍ
"Бақшалар, бұлақтар берген (Алладан қорқыңдар)."
26:134 -
إِنِّي أَخَافُ عَلَيْكُمْ عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمٍ
"Сендерге болатын ұлы күннің азабынан қорқамын."
26:135 -
قَالُوا سَوَاءٌ عَلَيْنَا أَوَعَظْتَ أَمْ لَمْ تَكُنْ مِنَ الْوَاعِظِينَ
Олар: "Сен уағыздасаң да уағыздамасаң да бізге бірдей" десті.
26:136 -
إِنْ هَٰذَا إِلَّا خُلُقُ الْأَوَّلِينَ
"Бұл бұрынғылардың ғана салты. (Яқи, бұл айтқандарыңды бұрынғылар да айтқан.)"
26:137 -
وَمَا نَحْنُ بِمُعَذَّبِينَ
"Біз азапқа душар болмаймыз."
26:138 -
فَكَذَّبُوهُ فَأَهْلَكْنَاهُمْ ۗ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُمْ مُؤْمِنِينَ
Сонда олар оны жасынға айналдырды да оларды жоқ еттік. Расында бұнда бір өнеге бар. Дегенмен олардың көбі сенбеген еді.
26:139 -
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ
(Мұхаммед Ғ.С.) Әрине Раббың Ол, тым үстем, ерекше мейірімді.
26:140
Аударма: Халифа Алтай