Мусыхаф, бет 492
-
وَلِبُيُوتِهِمْ أَبْوَابًا وَسُرُرًا عَلَيْهَا يَتَّكِئُونَ
Үйлерінің есіктерін және сүйеніп үстеріне отыратын дивандарын да күмістен жасар едік.
43:34 -
وَزُخْرُفًا ۚ وَإِنْ كُلُّ ذَٰلِكَ لَمَّا مَتَاعُ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا ۚ وَالْآخِرَةُ عِنْدَ رَبِّكَ لِلْمُتَّقِينَ
Сондай-ақ алтынға бөлер едік. Бүлардың барлығы дүние тіршілігінің ғана пайдасы. Раббыңның қасындағьі ахирет, тақуалар үшін.
43:35 -
وَمَنْ يَعْشُ عَنْ ذِكْرِ الرَّحْمَٰنِ نُقَيِّضْ لَهُ شَيْطَانًا فَهُوَ لَهُ قَرِينٌ
Әлде кім Рахманды еске алудан көз жүмса, оған шайтанды ерікті қыламыз да сонда ол, оның жолдасы болады.
43:36 -
وَإِنَّهُمْ لَيَصُدُّونَهُمْ عَنِ السَّبِيلِ وَيَحْسَبُونَ أَنَّهُمْ مُهْتَدُونَ
Күдіксіз шайтандар оларды жолдан тосады. Олар өздерін тура жолға түсірілдік деп ойлайды.
43:37 -
حَتَّىٰ إِذَا جَاءَنَا قَالَ يَا لَيْتَ بَيْنِي وَبَيْنَكَ بُعْدَ الْمَشْرِقَيْنِ فَبِئْسَ الْقَرِينُ
Ақыр (қиямет күні) бізге келгенде (шайтанға): "Әттең! Менімен сенің араң батыс, шыгыстың үзақтығы болсашы! Нендей жаман жолдассың" деді.
43:38 -
وَلَنْ يَنْفَعَكُمُ الْيَوْمَ إِذْ ظَلَمْتُمْ أَنَّكُمْ فِي الْعَذَابِ مُشْتَرِكُونَ
Әрине сендерге бүгінгі өкініш пайда бермейді. Сол уақытта зүлымдық істегенсіңдер. Сондықтан азапқа да ортақсыңдар.
43:39 -
أَفَأَنْتَ تُسْمِعُ الصُّمَّ أَوْ تَهْدِي الْعُمْيَ وَمَنْ كَانَ فِي ضَلَالٍ مُبِينٍ
(Мұхаммед Ғ.С.) сақырауларға сен естіртесіқ бе? Немесе соқырды және ашық адасқан біреуді тура жолға саласың ба?
43:40 -
فَإِمَّا نَذْهَبَنَّ بِكَ فَإِنَّا مِنْهُمْ مُنْتَقِمُونَ
Ал, мүбада сені алып, кетсек (қайтыс болсаң) те оларға лайықты жазаларын береміз.
43:41 -
أَوْ نُرِيَنَّكَ الَّذِي وَعَدْنَاهُمْ فَإِنَّا عَلَيْهِمْ مُقْتَدِرُونَ
Немесе оларға уәде етілген азапты (көзің тірісінде келтіріп,) әрине саган да көрсетеміз. Күдіксіз оларға күшіміз жетеді.
43:42 -
فَاسْتَمْسِكْ بِالَّذِي أُوحِيَ إِلَيْكَ ۖ إِنَّكَ عَلَىٰ صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ
(Мұхаммед Ғ.С.) сен сондай өзіңе уахи етілген Құранға жабыс. Сен шын мәнінде тура жолдасың.
43:43 -
وَإِنَّهُ لَذِكْرٌ لَكَ وَلِقَوْمِكَ ۖ وَسَوْفَ تُسْأَلُونَ
Күдіксіз Құран, сен үшін әрі елің үшін бір үгіт. Келешекте сүраласыңдар. (Оны бағалау, ардақтау және оның шүкірлігін орындауга жауапкерсіңдер. Б.Ж.М.)
43:44 -
وَاسْأَلْ مَنْ أَرْسَلْنَا مِنْ قَبْلِكَ مِنْ رُسُلِنَا أَجَعَلْنَا مِنْ دُونِ الرَّحْمَٰنِ آلِهَةً يُعْبَدُونَ
Сенен бүрын жіберген елшілерімізден сүра: Алладан өзге қүлшылық қылатын тәңірлер жасадық па?
43:45 -
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا مُوسَىٰ بِآيَاتِنَا إِلَىٰ فِرْعَوْنَ وَمَلَئِهِ فَقَالَ إِنِّي رَسُولُ رَبِّ الْعَالَمِينَ
Күдіксіз Мүса (Ғ.С.) ны да мүгжизаларымызбен Пергауынға сыбайластарына жібердік. Сонда ол, оларға: "Шын мәнінде мен әлемдердің Раббының Елшісімін" деді.
43:46 -
فَلَمَّا جَاءَهُمْ بِآيَاتِنَا إِذَا هُمْ مِنْهَا يَضْحَكُونَ
Оларга мүғжизаларымызды келтірген сәтте, олар, оған күлген еді.
43:47
Аударма: Халифа Алтай