Мусыхаф, бет 493

  1. وَمَا نُرِيهِمْ مِنْ آيَةٍ إِلَّا هِيَ أَكْبَرُ مِنْ أُخْتِهَا ۖ وَأَخَذْنَاهُمْ بِالْعَذَابِ لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ

    Оларға көрсеткен мүгжизалар, бір-бірінен үлкен еді. Бәлкім райдан қайтар деп азапқа үшыраттық.

    43:48
  2. وَقَالُوا يَا أَيُّهَ السَّاحِرُ ادْعُ لَنَا رَبَّكَ بِمَا عَهِدَ عِنْدَكَ إِنَّنَا لَمُهْتَدُونَ

    (Олар Мүса Ғ.Сға): "Әй сиқыршы! Раббыңа өзіңе берген уәде бойынша жалбарын. Біз шын мәнінде тура жолға келейік" десті.

    43:49
  3. فَلَمَّا كَشَفْنَا عَنْهُمُ الْعَذَابَ إِذَا هُمْ يَنْكُثُونَ

    Сонда олардан азапты Біз айықтырған кезде олар дереу сөздерінен айниды.

    43:50
  4. وَنَادَىٰ فِرْعَوْنُ فِي قَوْمِهِ قَالَ يَا قَوْمِ أَلَيْسَ لِي مُلْكُ مِصْرَ وَهَٰذِهِ الْأَنْهَارُ تَجْرِي مِنْ تَحْتِي ۖ أَفَلَا تُبْصِرُونَ

    Перғауын, елінің ішінде: "Әй қаумым! Мысырдың патшалығы және астымнан ағатын міне өзендер менікі емес пе? Көрмейсіңдер ме?",- деп, даурықты.

    43:51
  5. أَمْ أَنَا خَيْرٌ مِنْ هَٰذَا الَّذِي هُوَ مَهِينٌ وَلَا يَكَادُ يُبِينُ

    "Немесе мен осы өзі қор, сөзін түсіндіре алмайтын Мүсадан жақсы емеспін бе?"

    43:52
  6. فَلَوْلَا أُلْقِيَ عَلَيْهِ أَسْوِرَةٌ مِنْ ذَهَبٍ أَوْ جَاءَ مَعَهُ الْمَلَائِكَةُ مُقْتَرِنِينَ

    "Оган алтыннан білезіктер неге салынбаған немесе онымен бірге періштелер неге жолдас болып келмеген?"

    43:53
  7. فَاسْتَخَفَّ قَوْمَهُ فَأَطَاعُوهُ ۚ إِنَّهُمْ كَانُوا قَوْمًا فَاسِقِينَ

    Сөйтіп (Перғауын) елін менсінбеді. Сонда да олар оған бағынды. Расында олар, бүзық ел еді.

    43:54
  8. فَلَمَّا آسَفُونَا انْتَقَمْنَا مِنْهُمْ فَأَغْرَقْنَاهُمْ أَجْمَعِينَ

    Сөйтіп олар Бізді кейіткен кезде, олардың тиісті жазасын беріп, суға батырдық.

    43:55
  9. فَجَعَلْنَاهُمْ سَلَفًا وَمَثَلًا لِلْآخِرِينَ

    Оларды кейінгілер үшін бір өтіп кеткен үлгі қылдық.

    43:56
  10. وَلَمَّا ضُرِبَ ابْنُ مَرْيَمَ مَثَلًا إِذَا قَوْمُكَ مِنْهُ يَصِدُّونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) Мәрйем үлын мысал келтіргенде, оган, елің қарқылдап күлді.

    43:57
  11. وَقَالُوا أَآلِهَتُنَا خَيْرٌ أَمْ هُوَ ۚ مَا ضَرَبُوهُ لَكَ إِلَّا جَدَلًا ۚ بَلْ هُمْ قَوْمٌ خَصِمُونَ

    Олар: "Біздің тәңірлеріміз жақсы ма? Не Ғиса жақсы ма?",- деді. Олардың саган бүны айтулары, жанжал үшін ғана. Өйткені олар, қиқар ел.

    43:58
  12. إِنْ هُوَ إِلَّا عَبْدٌ أَنْعَمْنَا عَلَيْهِ وَجَعَلْنَاهُ مَثَلًا لِبَنِي إِسْرَائِيلَ

    Ол Ғиса (Ғ.С.) Біз өзіне игілік берген сондай-ақ Израил үрпақтарына бір мысал қылған қүл ғана.

    43:59
  13. وَلَوْ نَشَاءُ لَجَعَلْنَا مِنْكُمْ مَلَائِكَةً فِي الْأَرْضِ يَخْلُفُونَ

    Егер қаласақ, сендерден періште жаратар едік те олар орындарыңды басар еді.

    43:60

Аударма: Халифа Алтай