Сүре 41 Фүссилəт (Түсіндіруші)
-
إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا بِالذِّكْرِ لَمَّا جَاءَهُمْ ۖ وَإِنَّهُ لَكِتَابٌ عَزِيزٌ
Расында өздеріне Құран келген кезде, қарсы болғандар бар. Шын мәнінде ол, ардақты бір Кітап.
41:41 -
لَا يَأْتِيهِ الْبَاطِلُ مِنْ بَيْنِ يَدَيْهِ وَلَا مِنْ خَلْفِهِ ۖ تَنْزِيلٌ مِنْ حَكِيمٍ حَمِيدٍ
Оның алдынан да артынан да бос сөз келмейді. (араласпайды.) Аса дана, өте мақтаулы Алла тарапынан түсірілген.
41:42 -
مَا يُقَالُ لَكَ إِلَّا مَا قَدْ قِيلَ لِلرُّسُلِ مِنْ قَبْلِكَ ۚ إِنَّ رَبَّكَ لَذُو مَغْفِرَةٍ وَذُو عِقَابٍ أَلِيمٍ
(Мұхаммед Ғ.С.) саған сенен бүрынғы елшілерге айтылған ғана айтылды. Күдіксіз Раббың жарылқау әрі күйзелтуші азап иесі.
41:43 -
وَلَوْ جَعَلْنَاهُ قُرْآنًا أَعْجَمِيًّا لَقَالُوا لَوْلَا فُصِّلَتْ آيَاتُهُ ۖ أَأَعْجَمِيٌّ وَعَرَبِيٌّ ۗ قُلْ هُوَ لِلَّذِينَ آمَنُوا هُدًى وَشِفَاءٌ ۖ وَالَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ فِي آذَانِهِمْ وَقْرٌ وَهُوَ عَلَيْهِمْ عَمًى ۚ أُولَٰئِكَ يُنَادَوْنَ مِنْ مَكَانٍ بَعِيدٍ
Мүбада оны бөгде тілде бір Құран қылсақ, әлбетте олар: "Аяттары неге ашық баян етілмеген? Арапқа бөгде тілде айтыла ма?",- дер еді. "Ол Құран иман келтіргендерге бір тура жол және шипа" де. Ал иман келтірмегендердің қүлақтарында кереңдік бар. Сондай-ақ Құран оларға бір соқырлық. (Қараңгылық.) Олар үзақ бір жерден шақырылғандай.
41:44 -
وَلَقَدْ آتَيْنَا مُوسَى الْكِتَابَ فَاخْتُلِفَ فِيهِ ۗ وَلَوْلَا كَلِمَةٌ سَبَقَتْ مِنْ رَبِّكَ لَقُضِيَ بَيْنَهُمْ ۚ وَإِنَّهُمْ لَفِي شَكٍّ مِنْهُ مُرِيبٍ
Расында Мүса (Ғ.С.) ға кітап бердік. Сонда ол туралы да таласылды. Раббыңнан алдын ала бір үкім болмаса еді, әріне араларында іс біткен болар еді. Анығында олар, шәк ішінде одан күдіктенуде.
41:45 -
مَنْ عَمِلَ صَالِحًا فَلِنَفْسِهِ ۖ وَمَنْ أَسَاءَ فَعَلَيْهَا ۗ وَمَا رَبُّكَ بِظَلَّامٍ لِلْعَبِيدِ
Кім ізгі іс істесе, сонда өзі үшін. Ал кім жамандық істесе де өзіне тән. Раббың қүлдарына зглымдық істеуші емес.
41:46 -
إِلَيْهِ يُرَدُّ عِلْمُ السَّاعَةِ ۚ وَمَا تَخْرُجُ مِنْ ثَمَرَاتٍ مِنْ أَكْمَامِهَا وَمَا تَحْمِلُ مِنْ أُنْثَىٰ وَلَا تَضَعُ إِلَّا بِعِلْمِهِ ۚ وَيَوْمَ يُنَادِيهِمْ أَيْنَ شُرَكَائِي قَالُوا آذَنَّاكَ مَا مِنَّا مِنْ شَهِيدٍ
Қиямет мезгілінің мәліметі Аллаға тән. Оның білуінен тыс, жемістердің ешбірі қауашағынан шықпайды. Және ешбір үрғашы жткті болмайды да тумайды. Оларға: "Менің ортақтарым қайда?",- деп сүралган күні, олар: "Саған үсындық; бізден оған куә болушы жоқ" дейді.
41:47 -
وَضَلَّ عَنْهُمْ مَا كَانُوا يَدْعُونَ مِنْ قَبْلُ ۖ وَظَنُّوا مَا لَهُمْ مِنْ مَحِيصٍ
Бүрынғы шоқынғандары олардан ғайып болды. Өздерінің қашар жерлері болмаганын түсінді.
41:48 -
لَا يَسْأَمُ الْإِنْسَانُ مِنْ دُعَاءِ الْخَيْرِ وَإِنْ مَسَّهُ الشَّرُّ فَيَئُوسٌ قَنُوطٌ
Адам баласы жақсылық тілеуден жалықпайды да егер оған бір жамандық душар болса, сонда иүлде күдер үзіп, үмітсізденеді.
41:49 -
وَلَئِنْ أَذَقْنَاهُ رَحْمَةً مِنَّا مِنْ بَعْدِ ضَرَّاءَ مَسَّتْهُ لَيَقُولَنَّ هَٰذَا لِي وَمَا أَظُنُّ السَّاعَةَ قَائِمَةً وَلَئِنْ رُجِعْتُ إِلَىٰ رَبِّي إِنَّ لِي عِنْدَهُ لَلْحُسْنَىٰ ۚ فَلَنُنَبِّئَنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا بِمَا عَمِلُوا وَلَنُذِيقَنَّهُمْ مِنْ عَذَابٍ غَلِيظٍ
Ал егер оған шалдыққан бейнеттен кейін өзіне жанымыздан мәрхамет етсек: "Бүл менің ақым; тіпті қиямет-қайым боларын да ойламаймын" дейді. Мүбада Раббьша қайтарылсам да сөзсіз мен үшін Оның жанында тағы жақсырағы бар" дейді. Әлбетте осындай қарсы болгандардың не істегендерін түсіндіреміз. Сондай-ақ оларга азаптың ауырын таттырамыз.
41:50 -
وَإِذَا أَنْعَمْنَا عَلَى الْإِنْسَانِ أَعْرَضَ وَنَأَىٰ بِجَانِبِهِ وَإِذَا مَسَّهُ الشَّرُّ فَذُو دُعَاءٍ عَرِيضٍ
Қашан адам баласына бір нығмет берсек, бет бүрады да өз жағына қыңыраяды. Қашан оған бір сүмдық душар болса, сонда ол, көлемді түрде жалбарынады.
41:51 -
قُلْ أَرَأَيْتُمْ إِنْ كَانَ مِنْ عِنْدِ اللَّهِ ثُمَّ كَفَرْتُمْ بِهِ مَنْ أَضَلُّ مِمَّنْ هُوَ فِي شِقَاقٍ بَعِيدٍ
(Мұхаммед Ғ.С.): "Көрдіңдер ме? Я, осы Құран Алланың қасынан келген болып, сосын оған қарсы келсеңдер, ол үзақ қайшылыққа түскен біреуден артық адасқан кім бола алады?"
41:52 -
سَنُرِيهِمْ آيَاتِنَا فِي الْآفَاقِ وَفِي أَنْفُسِهِمْ حَتَّىٰ يَتَبَيَّنَ لَهُمْ أَنَّهُ الْحَقُّ ۗ أَوَلَمْ يَكْفِ بِرَبِّكَ أَنَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ شَهِيدٌ
Құранның мүлде шын екендігі айқындалганга дейін әлемдегі және өздеріндегі белгілерімізді жедел көрсетеміз. Расында Раббыңның әр нәрсеге куә екендігі саған жеткілікті емес пе?
41:53 -
أَلَا إِنَّهُمْ فِي مِرْيَةٍ مِنْ لِقَاءِ رَبِّهِمْ ۗ أَلَا إِنَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ مُحِيطٌ
Абайландар! Расында олар Раббыларына жолығудан күдіктенуде. Көңіл бөліңдер. Әрине Алла әр нәрсені толық меңгеруші.
41:54
Аударма: Халифа Алтай