Мусыхаф, бет 498

  1. إِنَّ يَوْمَ الْفَصْلِ مِيقَاتُهُمْ أَجْمَعِينَ

    Расында олардың бір арага жиналатын билік күні.

    44:40
  2. يَوْمَ لَا يُغْنِي مَوْلًى عَنْ مَوْلًى شَيْئًا وَلَا هُمْ يُنْصَرُونَ

    Ол күні достың досқа еш пайдасы болмайды әрі оларга жәрдем етілмейді.

    44:41
  3. إِلَّا مَنْ رَحِمَ اللَّهُ ۚ إِنَّهُ هُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ

    Бірақ Алла мәрхамет еткен кісі ғана пайдалана алады. Күдіксіз Ол Алла, тым тстем, ерекше мейірімді.

    44:42
  4. إِنَّ شَجَرَتَ الزَّقُّومِ

    Шынында заққүм агашы; (23-С. 62-А.)

    44:43
  5. طَعَامُ الْأَثِيمِ

    Күнәкарлардың тамагы.

    44:44
  6. كَالْمُهْلِ يَغْلِي فِي الْبُطُونِ

    Балқыган кен сияқты қарындарында қайнайды.

    44:45
  7. كَغَلْيِ الْحَمِيمِ

    Қайнаған су қүсаған."

    44:46
  8. خُذُوهُ فَاعْتِلُوهُ إِلَىٰ سَوَاءِ الْجَحِيمِ

    "Оны үстаңдар да сүйретіп, тозақтың ортасына тастаңдар."

    44:47
  9. ثُمَّ صُبُّوا فَوْقَ رَأْسِهِ مِنْ عَذَابِ الْحَمِيمِ

    "Сосын басының үстіне азап ретінде қайнар су қойыңдар."

    44:48
  10. ذُقْ إِنَّكَ أَنْتَ الْعَزِيزُ الْكَرِيمُ

    "(Азапты) тат. Расында сен өзіңше үстем, қүрметті едің."

    44:49
  11. إِنَّ هَٰذَا مَا كُنْتُمْ بِهِ تَمْتَرُونَ

    "Шынында күдіктенген нәрселерің осы."

    44:50
  12. إِنَّ الْمُتَّقِينَ فِي مَقَامٍ أَمِينٍ

    Шын мәнінде тақуалар аман бір орында болады;

    44:51
  13. فِي جَنَّاتٍ وَعُيُونٍ

    Бақшаларда бүлақтарда,

    44:52
  14. يَلْبَسُونَ مِنْ سُنْدُسٍ وَإِسْتَبْرَقٍ مُتَقَابِلِينَ

    Жүқа қалың жібектер киіп, ерсілі-қарсылы отырады.

    44:53
  15. كَذَٰلِكَ وَزَوَّجْنَاهُمْ بِحُورٍ عِينٍ

    Осы сияқты, сондай-ақ оларды бота көз хүрлармен үйлендіреміз.

    44:54
  16. يَدْعُونَ فِيهَا بِكُلِّ فَاكِهَةٍ آمِنِينَ

    Ол жерде бейбіт түрде әр түрлі жемісті сүрай алады.

    44:55
  17. لَا يَذُوقُونَ فِيهَا الْمَوْتَ إِلَّا الْمَوْتَةَ الْأُولَىٰ ۖ وَوَقَاهُمْ عَذَابَ الْجَحِيمِ

    Ол жерде дүниедегі алғашқы өлімнен басқа ешбір өлім татпайды. Алла оларды тозақтың азабынан сақтаған.

    44:56
  18. فَضْلًا مِنْ رَبِّكَ ۚ ذَٰلِكَ هُوَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ

    Раббыңнан кеңшілік, міне осы зор қол жеткендік.

    44:57
  19. فَإِنَّمَا يَسَّرْنَاهُ بِلِسَانِكَ لَعَلَّهُمْ يَتَذَكَّرُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде олардың үгіт алулары үшін Құранды сенің тіліңнен ғана оңайластырдық.

    44:58
  20. فَارْتَقِبْ إِنَّهُمْ مُرْتَقِبُونَ

    Нәтижені сен де күт. Расында олар да күтуде.

    44:59

Аударма: Халифа Алтай