Мусыхаф, бет 512

  1. إِنَّ الَّذِينَ يُبَايِعُونَكَ إِنَّمَا يُبَايِعُونَ اللَّهَ يَدُ اللَّهِ فَوْقَ أَيْدِيهِمْ ۚ فَمَنْ نَكَثَ فَإِنَّمَا يَنْكُثُ عَلَىٰ نَفْسِهِ ۖ وَمَنْ أَوْفَىٰ بِمَا عَاهَدَ عَلَيْهُ اللَّهَ فَسَيُؤْتِيهِ أَجْرًا عَظِيمًا

    (Мұхаммед Ғ.С.) саған биғат қылғандар, (қол бергендер,) әрине Аллаға қол берген болады. Алланың қүдырет қолы олардың қолдарының үстінде. Сондықтан кім сертін бүзса, сонда өз зияньгаа ғана. Ал және кім Аллаға берген сертін орындаса, оған зор сыйлық береді.

    48:10
  2. سَيَقُولُ لَكَ الْمُخَلَّفُونَ مِنَ الْأَعْرَابِ شَغَلَتْنَا أَمْوَالُنَا وَأَهْلُونَا فَاسْتَغْفِرْ لَنَا ۚ يَقُولُونَ بِأَلْسِنَتِهِمْ مَا لَيْسَ فِي قُلُوبِهِمْ ۚ قُلْ فَمَنْ يَمْلِكُ لَكُمْ مِنَ اللَّهِ شَيْئًا إِنْ أَرَادَ بِكُمْ ضَرًّا أَوْ أَرَادَ بِكُمْ نَفْعًا ۚ بَلْ كَانَ اللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرًا

    Бәдеуилерден соғыстан қалып қалгандар, саған: "Бізді малдарымыз, семьяларымыз айналдырды. Сондықтан біз үшін жарылқау тіле" дейді. Олар, жүректерінде болмаған нәрсені тілдерімен айта береді. Оларға: "Егер Алла, сендерге бір зиян қаласа немесе бір пайда қаласа, сонда сендер үшін Аллаға біреу не істей алады? Олай емес. Алла сендердің не істегендеріңді толық біледі" де.

    48:11
  3. بَلْ ظَنَنْتُمْ أَنْ لَنْ يَنْقَلِبَ الرَّسُولُ وَالْمُؤْمِنُونَ إِلَىٰ أَهْلِيهِمْ أَبَدًا وَزُيِّنَ ذَٰلِكَ فِي قُلُوبِكُمْ وَظَنَنْتُمْ ظَنَّ السَّوْءِ وَكُنْتُمْ قَوْمًا بُورًا

    Бәлкім сендер, Пайғамбарды, мүміндерді семьяларына мүлде қайта алмайды деп ойладыңдар. БҮЛ жүректеріңде әдемі көрсетілді. Сондай-ақ жаман ой ойладыңдар да жоғалуға лайық ел болдыңдар.

    48:12
  4. وَمَنْ لَمْ يُؤْمِنْ بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ فَإِنَّا أَعْتَدْنَا لِلْكَافِرِينَ سَعِيرًا

    Ал әлде кім Аллаға, елшісіне иман келтірмесе, сонда қарсы болгандарга жалындаған тозақ дайындадық.

    48:13
  5. وَلِلَّهِ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ يَغْفِرُ لِمَنْ يَشَاءُ وَيُعَذِّبُ مَنْ يَشَاءُ ۚ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا

    Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Кімді қаласа, жарылқайды да кімді қаласа, қинайды. Сондай-ақ Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.

    48:14
  6. سَيَقُولُ الْمُخَلَّفُونَ إِذَا انْطَلَقْتُمْ إِلَىٰ مَغَانِمَ لِتَأْخُذُوهَا ذَرُونَا نَتَّبِعْكُمْ ۖ يُرِيدُونَ أَنْ يُبَدِّلُوا كَلَامَ اللَّهِ ۚ قُلْ لَنْ تَتَّبِعُونَا كَذَٰلِكُمْ قَالَ اللَّهُ مِنْ قَبْلُ ۖ فَسَيَقُولُونَ بَلْ تَحْسُدُونَنَا ۚ بَلْ كَانُوا لَا يَفْقَهُونَ إِلَّا قَلِيلًا

    Ол соғыстан қалып қалғандар, сендер олжа алу үшін кеткен кезде: "Бізді қоя беріңдер, сендерге ерейік" дейді. Олар Алланың сөзін ауыстыруды қалайды. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Әсте бізге ермейсіңдер. Сендер үшін Алла, бүрыннан осылай айтқан" де. Сонда олар: "Олай емес. Сендер бізді көре алмайсыңдар" дейді. Олар өте аз түсінеді.

    48:15

Аударма: Халифа Алтай