Мусыхаф, бет 513

  1. قُلْ لِلْمُخَلَّفِينَ مِنَ الْأَعْرَابِ سَتُدْعَوْنَ إِلَىٰ قَوْمٍ أُولِي بَأْسٍ شَدِيدٍ تُقَاتِلُونَهُمْ أَوْ يُسْلِمُونَ ۖ فَإِنْ تُطِيعُوا يُؤْتِكُمُ اللَّهُ أَجْرًا حَسَنًا ۖ وَإِنْ تَتَوَلَّوْا كَمَا تَوَلَّيْتُمْ مِنْ قَبْلُ يُعَذِّبْكُمْ عَذَابًا أَلِيمًا

    (Мұхаммед Ғ.С.) соғысқа бармай қалған бәдеуилерге: "Сендер жақында аса күшті бір елге шақырыласыңдар да олармен согысасыңдар. Немесе олар Мүсылман болады. Егер бүл әмірге бағынсандар, Алла, сендерге жақсы сыйлық береді. Ал егер бүрын бет бүрғандай бет бүрсаңдар, Алла, сендерді күйзелтуші азаппен қинайды" де.

    48:16
  2. لَيْسَ عَلَى الْأَعْمَىٰ حَرَجٌ وَلَا عَلَى الْأَعْرَجِ حَرَجٌ وَلَا عَلَى الْمَرِيضِ حَرَجٌ ۗ وَمَنْ يُطِعِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ يُدْخِلْهُ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ ۖ وَمَنْ يَتَوَلَّ يُعَذِّبْهُ عَذَابًا أَلِيمًا

    (Соғысқа қатынаспауда) соқырға бір оқасы жоқ. Ақсаққа да ештеңе жоқ. Және ауруға да кінә болмайды. Кім Аллаға, Елшісіне багынса, ол, астарынан өзендер ағатын үжмаққа кіргізіледі. Ал кім жалтарса, ол, жан түршігерлік қинаумен қиналады. (Хүдайбия келісімі қарсаңында Меккеге жіберілген хазіреті Ғүсман өлтірілді деген хабар бойынша Мұхаммед Ғ.С. ға мың үш жүзден артық сахаба бір ағаштың түбінде: "Соғысқа әзірміз" деп, биғат қылды. Б.Ж.М.К.)

    48:17
  3. لَقَدْ رَضِيَ اللَّهُ عَنِ الْمُؤْمِنِينَ إِذْ يُبَايِعُونَكَ تَحْتَ الشَّجَرَةِ فَعَلِمَ مَا فِي قُلُوبِهِمْ فَأَنْزَلَ السَّكِينَةَ عَلَيْهِمْ وَأَثَابَهُمْ فَتْحًا قَرِيبًا

    Расында Алла, мүміндерден ағаштың астында саған серт берген сәтте, разы болды да олардың жүректеріндегіні біліп, оларга тоқтау салды. Сондай-ақ оларға таяуда бір жеңіс нәсіп етті.

    48:18
  4. وَمَغَانِمَ كَثِيرَةً يَأْخُذُونَهَا ۗ وَكَانَ اللَّهُ عَزِيزًا حَكِيمًا

    Және оларға көптеген алатын олжаларды нәсіп етті. Алла тым үстем, хикмет иесі.

    48:19
  5. وَعَدَكُمُ اللَّهُ مَغَانِمَ كَثِيرَةً تَأْخُذُونَهَا فَعَجَّلَ لَكُمْ هَٰذِهِ وَكَفَّ أَيْدِيَ النَّاسِ عَنْكُمْ وَلِتَكُونَ آيَةً لِلْمُؤْمِنِينَ وَيَهْدِيَكُمْ صِرَاطًا مُسْتَقِيمًا

    Алла сендерге көптеген алатын олжаларды уәде етгі. Мүміндерге бір белгі болуы және сендерді тура жолға салуы үшін осы жеңісті тезінен беріп, сендерден адамдардың (суық) қолын тосты.

    48:20
  6. وَأُخْرَىٰ لَمْ تَقْدِرُوا عَلَيْهَا قَدْ أَحَاطَ اللَّهُ بِهَا ۚ وَكَانَ اللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرًا

    Одан басқа да әлі күштерің жетпеген, бірақ Алла, оларды толық игеруіне алған жеңістер де бар. Өйткені, Алланың әр нәрсеге толық күші жетеді.

    48:21
  7. وَلَوْ قَاتَلَكُمُ الَّذِينَ كَفَرُوا لَوَلَّوُا الْأَدْبَارَ ثُمَّ لَا يَجِدُونَ وَلِيًّا وَلَا نَصِيرًا

    Егер кәпірлер сендермен соғысса, әрине арттарына бүрылып қашар еді. Содан кейін олар; бір дос не жәрдемші таба алмайды.

    48:22
  8. سُنَّةَ اللَّهِ الَّتِي قَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلُ ۖ وَلَنْ تَجِدَ لِسُنَّةِ اللَّهِ تَبْدِيلًا

    Алланың бүрынннан келе жатқан жолы осы. Алланың жолында ешбір өзгеріс таба алмайсың.

    48:23

Аударма: Халифа Алтай