Мусыхаф, бет 537

  1. إِنَّهُ لَقُرْآنٌ كَرِيمٌ

    Шын мәнінде ол ардақты Құран.

    56:77
  2. فِي كِتَابٍ مَكْنُونٍ

    Кітапта (Лаухы Махфүзда. Б.М.Р.) сақтаулы.

    56:78
  3. لَا يَمَسُّهُ إِلَّا الْمُطَهَّرُونَ

    Оны тап-таза болғандар ғана үстайды. (Дәретсіз кісі үстамайды.)

    56:79
  4. تَنْزِيلٌ مِنْ رَبِّ الْعَالَمِينَ

    Әлемдердің Раббы жақтан түсірілген.

    56:80
  5. أَفَبِهَٰذَا الْحَدِيثِ أَنْتُمْ مُدْهِنُونَ

    Сендер осы сөзді қүр көресіңдер ме?

    56:81
  6. وَتَجْعَلُونَ رِزْقَكُمْ أَنَّكُمْ تُكَذِّبُونَ

    Расында берген ризыққа шүкір етудің орнына оны жасынга шығарасыңдар ма? (Ж.)

    56:82
  7. فَلَوْلَا إِذَا بَلَغَتِ الْحُلْقُومَ

    Ал жан жүтқыншаққа келген кезде;

    56:83
  8. وَأَنْتُمْ حِينَئِذٍ تَنْظُرُونَ

    Сол уақытта сендер қарап қаласыңдар.

    56:84
  9. وَنَحْنُ أَقْرَبُ إِلَيْهِ مِنْكُمْ وَلَٰكِنْ لَا تُبْصِرُونَ

    Негізінде ол өліп бара жатқанға Біз жақынырақпыз. Сендер көрмейсіңдер.

    56:85
  10. فَلَوْلَا إِنْ كُنْتُمْ غَيْرَ مَدِينِينَ

    Ал сонда егер жазаланбайтын болсаңдар;

    56:86
  11. تَرْجِعُونَهَا إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ

    Егер шын айтсаңдар, оның жанын қайтарыңдаршы.

    56:87
  12. فَأَمَّا إِنْ كَانَ مِنَ الْمُقَرَّبِينَ

    Ал егер өлген кісі, Аллаға жақындардан болса;

    56:88
  13. فَرَوْحٌ وَرَيْحَانٌ وَجَنَّتُ نَعِيمٍ

    Сонда оған рахатты шаттық әрі нығметті үжмақ бар.

    56:89
  14. وَأَمَّا إِنْ كَانَ مِنْ أَصْحَابِ الْيَمِينِ

    Ал енді өлі оңшылдардан болса;

    56:90
  15. فَسَلَامٌ لَكَ مِنْ أَصْحَابِ الْيَمِينِ

    Саған оңшылдардан, "Сәлем" (делінеді.)

    56:91
  16. وَأَمَّا إِنْ كَانَ مِنَ الْمُكَذِّبِينَ الضَّالِّينَ

    Егер өлі, жасынға шығарушы адасқандардан болса;

    56:92
  17. فَنُزُلٌ مِنْ حَمِيمٍ

    Сонда оның қонақ асысы, қайнар судан болады.

    56:93
  18. وَتَصْلِيَةُ جَحِيمٍ

    Әрі тозаққа салынады.

    56:94
  19. إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ حَقُّ الْيَقِينِ

    Сөзсіз міне анық шындық осы.

    56:95
  20. فَسَبِّحْ بِاسْمِ رَبِّكَ الْعَظِيمِ

    (Мұхаммед Ғ.С.) үлы Раббыңды атымен дәріпте.

    56:96
  21. سَبَّحَ لِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ

    Көктер мен жердегі нәрселер Алланы дәріптейді. Ол Алла, өте үстем, хикмет иесі

    57:1
  22. لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ يُحْيِي وَيُمِيتُ ۖ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ

    Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Тірілтеді, өлтіреді. Ол, әр нәрсеге күші толық жетуші.

    57:2
  23. هُوَ الْأَوَّلُ وَالْآخِرُ وَالظَّاهِرُ وَالْبَاطِنُ ۖ وَهُوَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ

    Ол Алла (Т.) әуелгі әрі соқғы (әр нәрседен бүрын ежелден бар әрі меңгі қалады, соңы жоқ). Және Ол, (әр түрлі дәлелдермен) көрнеу әрі (ақыл жетпейтін) көмес. Сондай-ақ Ол, әр нәрсені толық білуші.

    57:3

Аударма: Халифа Алтай