Сүре 56 әл-Уақи'а (Болуы сөзсіз)

  1. عَلَىٰ أَنْ نُبَدِّلَ أَمْثَالَكُمْ وَنُنْشِئَكُمْ فِي مَا لَا تَعْلَمُونَ

    Сендердің бейнелеріңді өзгертіп, сендер білмегенді жарата аламыз.

    56:61
  2. وَلَقَدْ عَلِمْتُمُ النَّشْأَةَ الْأُولَىٰ فَلَوْلَا تَذَكَّرُونَ

    Расында бүрынгы жаратуды білесіңдер, ендеше түсінбейсіңдер ме?

    56:62
  3. أَفَرَأَيْتُمْ مَا تَحْرُثُونَ

    Ал енді еккендеріңді көрдіңдер ме?

    56:63
  4. أَأَنْتُمْ تَزْرَعُونَهُ أَمْ نَحْنُ الزَّارِعُونَ

    Оны сендер өсіресіңдер ме? Не Біз өсіреміз бе?

    56:64
  5. لَوْ نَشَاءُ لَجَعَلْنَاهُ حُطَامًا فَظَلْتُمْ تَفَكَّهُونَ

    Егер қаласақ, оны қоқымга айналдырар едік. Сонда күңкілдесе берер едіңдер;

    56:65
  6. إِنَّا لَمُغْرَمُونَ

    "Расында зиянға үшырадық,"

    56:66
  7. بَلْ نَحْنُ مَحْرُومُونَ

    "Тіпті мүлде бос қалдық" (дер едіңдер.)

    56:67
  8. أَفَرَأَيْتُمُ الْمَاءَ الَّذِي تَشْرَبُونَ

    Ішкен суларыңды көрдіңдер ме?

    56:68
  9. أَأَنْتُمْ أَنْزَلْتُمُوهُ مِنَ الْمُزْنِ أَمْ نَحْنُ الْمُنْزِلُونَ

    Оны бұлттан сендер жаудырасыңдар ма? Немесе Біз жаудырамыз ба?

    56:69
  10. لَوْ نَشَاءُ جَعَلْنَاهُ أُجَاجًا فَلَوْلَا تَشْكُرُونَ

    Егер қаласақ оны ащы қылар едік. Ендеше, шүкір етпейсіңдер ме?

    56:70
  11. أَفَرَأَيْتُمُ النَّارَ الَّتِي تُورُونَ

    Жаққан оттарыңды көрдіңдер ме?

    56:71
  12. أَأَنْتُمْ أَنْشَأْتُمْ شَجَرَتَهَا أَمْ نَحْنُ الْمُنْشِئُونَ

    Оның ағашын сендер жараттыңдар ма? немесе Біз жараттық па?

    56:72
  13. نَحْنُ جَعَلْنَاهَا تَذْكِرَةً وَمَتَاعًا لِلْمُقْوِينَ

    Біз оны бір ескерткіш және жүргіншілер үшін пайдалы қылдық.

    56:73
  14. فَسَبِّحْ بِاسْمِ رَبِّكَ الْعَظِيمِ

    (Мұхаммед Ғ.С.) Ендеше Раббыңды үлы атымен дәріпте.

    56:74
  15. فَلَا أُقْسِمُ بِمَوَاقِعِ النُّجُومِ

    Ал енді жүлдыздардың орындарына серт етемін.

    56:75
  16. وَإِنَّهُ لَقَسَمٌ لَوْ تَعْلَمُونَ عَظِيمٌ

    Егер білсеңдер, ол, зор серт.

    56:76
  17. إِنَّهُ لَقُرْآنٌ كَرِيمٌ

    Шын мәнінде ол ардақты Құран.

    56:77
  18. فِي كِتَابٍ مَكْنُونٍ

    Кітапта (Лаухы Махфүзда. Б.М.Р.) сақтаулы.

    56:78
  19. لَا يَمَسُّهُ إِلَّا الْمُطَهَّرُونَ

    Оны тап-таза болғандар ғана үстайды. (Дәретсіз кісі үстамайды.)

    56:79
  20. تَنْزِيلٌ مِنْ رَبِّ الْعَالَمِينَ

    Әлемдердің Раббы жақтан түсірілген.

    56:80

Аударма: Халифа Алтай