Мусыхаф, бет 571
-
يُرْسِلِ السَّمَاءَ عَلَيْكُمْ مِدْرَارًا
"Ол, сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді."
71:11 -
وَيُمْدِدْكُمْ بِأَمْوَالٍ وَبَنِينَ وَيَجْعَلْ لَكُمْ جَنَّاتٍ وَيَجْعَلْ لَكُمْ أَنْهَارًا
"Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендер тшін бақшалар жасап, өзендер ағызады."
71:12 -
مَا لَكُمْ لَا تَرْجُونَ لِلَّهِ وَقَارًا
"Алланың ұлықтығын ойламайтын сендерге не болды?"
71:13 -
وَقَدْ خَلَقَكُمْ أَطْوَارًا
"Расында Ол, сендерді түрлі жағдайларда жаратты."
71:14 -
أَلَمْ تَرَوْا كَيْفَ خَلَقَ اللَّهُ سَبْعَ سَمَاوَاتٍ طِبَاقًا
"Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме?"
71:15 -
وَجَعَلَ الْقَمَرَ فِيهِنَّ نُورًا وَجَعَلَ الشَّمْسَ سِرَاجًا
"Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылды."
71:16 -
وَاللَّهُ أَنْبَتَكُمْ مِنَ الْأَرْضِ نَبَاتًا
"Алла, сендерді жерден өсіріп өндірді."
71:17 -
ثُمَّ يُعِيدُكُمْ فِيهَا وَيُخْرِجُكُمْ إِخْرَاجًا
"Сосын сендерді, ол жерге қайтарады сонан кейін қайта шығарады."
71:18 -
وَاللَّهُ جَعَلَ لَكُمُ الْأَرْضَ بِسَاطًا
"Алла сендерге жерді төсеніш қылды."
71:19 -
لِتَسْلُكُوا مِنْهَا سُبُلًا فِجَاجًا
"Оның кең жолдарында жүрулерің үшін."
71:20 -
قَالَ نُوحٌ رَبِّ إِنَّهُمْ عَصَوْنِي وَاتَّبَعُوا مَنْ لَمْ يَزِدْهُ مَالُهُ وَوَلَدُهُ إِلَّا خَسَارًا
Нүх (Ғ.С.): "Раббым! Расында олар маган қарсы келді. Сондай-ақ олар, малдары, балалары өздеріне зияннан басқаны арттырмаған біреулерге ілесті."
71:21 -
وَمَكَرُوا مَكْرًا كُبَّارًا
"Олар зор айлакерліктер істеді."
71:22 -
وَقَالُوا لَا تَذَرُنَّ آلِهَتَكُمْ وَلَا تَذَرُنَّ وَدًّا وَلَا سُوَاعًا وَلَا يَغُوثَ وَيَعُوقَ وَنَسْرًا
Және олар: "Тәңірлеріңді тастамаңдар; Уад, Суағ, Ягүс, Яғүқ және Насырды әсте тастамаңдар" деседі. (Бұлар, бұттарының аттары.)
71:23 -
وَقَدْ أَضَلُّوا كَثِيرًا ۖ وَلَا تَزِدِ الظَّالِمِينَ إِلَّا ضَلَالًا
"Расында олар көпшілікті адастырды. Раббым! Сен де залымдардың адасуларын гана арттыр."
71:24 -
مِمَّا خَطِيئَاتِهِمْ أُغْرِقُوا فَأُدْخِلُوا نَارًا فَلَمْ يَجِدُوا لَهُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ أَنْصَارًا
Қылмыстарының салдарынан суға батырылды да отқа салынды. Енді олар, өздеріне Алладан өзге көмекші таба алмады.
71:25 -
وَقَالَ نُوحٌ رَبِّ لَا تَذَرْ عَلَى الْأَرْضِ مِنَ الْكَافِرِينَ دَيَّارًا
Нүх (Ғ.С.): "Раббым! Жер жүзінде кәпірлерден ешбіреу тұргын қалдырма" деді.
71:26 -
إِنَّكَ إِنْ تَذَرْهُمْ يُضِلُّوا عِبَادَكَ وَلَا يَلِدُوا إِلَّا فَاجِرًا كَفَّارًا
"Егер оларды қалдырсаң, қүлдарыңды жолдан адастырады да бүзақы кәпір балаларды гана тудырады;
71:27 -
رَبِّ اغْفِرْ لِي وَلِوَالِدَيَّ وَلِمَنْ دَخَلَ بَيْتِيَ مُؤْمِنًا وَلِلْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ وَلَا تَزِدِ الظَّالِمِينَ إِلَّا تَبَارًا
"Раббым! Мені, әке-шешемді, мүмін болып үйіме кірген кісіні және мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді жарылқа! Сондай-ақ залымдардың жоқ болуларын ғана арттыр" деді.
71:28
Аударма: Халифа Алтай