Мусыхаф, бет 580

  1. وَمِنَ اللَّيْلِ فَاسْجُدْ لَهُ وَسَبِّحْهُ لَيْلًا طَوِيلًا

    Кештің бір бөлімінде Оған сәжде қыл. Әрі Оны түн бойы дәріпте.

    76:26
  2. إِنَّ هَٰؤُلَاءِ يُحِبُّونَ الْعَاجِلَةَ وَيَذَرُونَ وَرَاءَهُمْ يَوْمًا ثَقِيلًا

    Расында олар, тез өтетін дүниені жақсы көріп, ауыр күнді арттарына тастайды.

    76:27
  3. نَحْنُ خَلَقْنَاهُمْ وَشَدَدْنَا أَسْرَهُمْ ۖ وَإِذَا شِئْنَا بَدَّلْنَا أَمْثَالَهُمْ تَبْدِيلًا

    Оларды Біз жаратып, буындарын бекіттік. (Өмір бердік.) Егер қаласақ оларды үқсастарына ауыстырамыз. (Оларды жоқ етіп, басқа сондай ел жарата аламыз.) (56-С. 60-А.)

    76:28
  4. إِنَّ هَٰذِهِ تَذْكِرَةٌ ۖ فَمَنْ شَاءَ اتَّخَذَ إِلَىٰ رَبِّهِ سَبِيلًا

    Шын мәнінде бүл бір насихат. Енді кім қаласа, Раббына бір жол үстар.

    76:29
  5. وَمَا تَشَاءُونَ إِلَّا أَنْ يَشَاءَ اللَّهُ ۚ إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلِيمًا حَكِيمًا

    Сендердің қалауларың болмайды. Алла қаласа гана болады. Расында Алла, өте білуші, хикмет иесі.

    76:30
  6. يُدْخِلُ مَنْ يَشَاءُ فِي رَحْمَتِهِ ۚ وَالظَّالِمِينَ أَعَدَّ لَهُمْ عَذَابًا أَلِيمًا

    Алла кімді қаласа, мәрхаметіне бөлейді. Залымдарға күйзелтуші азап даярлады.

    76:31
  7. وَالْمُرْسَلَاتِ عُرْفًا

    Жалғасты жіберілгендерге,

    77:1
  8. فَالْعَاصِفَاتِ عَصْفًا

    Қатты есіп, үшырушыларға,

    77:2
  9. وَالنَّاشِرَاتِ نَشْرًا

    Тарқатқан сайын тарқатушыларға,

    77:3
  10. فَالْفَارِقَاتِ فَرْقًا

    Айырған сайын айырушыларға,

    77:4
  11. فَالْمُلْقِيَاتِ ذِكْرًا

    Сосын зікір тастаушыларға,

    77:5
  12. عُذْرًا أَوْ نُذْرًا

    Сылтау түрінде мейлі ескерту түрінде болсын, осыларға серт. (Бүл аяттардағы ант етілген нәрселерді Алла (Т.) ашық баян етпеген. Мүфәссірлер бүл жөнде түрлі көз қарастар білдірген. Мысалы: 1-Періштелер, 2-Желдер, 3-Қүран Кәрим, 4-Пайғамбарлар. Не бәрі жел, не бәрі періштелер...)

    77:6
  13. إِنَّمَا تُوعَدُونَ لَوَاقِعٌ

    Шын мәнінде сендерге уәде етілген (қиямет) әлбетте болады.

    77:7
  14. فَإِذَا النُّجُومُ طُمِسَتْ

    Жүлдыздар сөнген сәтте,

    77:8
  15. وَإِذَا السَّمَاءُ فُرِجَتْ

    Көк жарылғанда,

    77:9
  16. وَإِذَا الْجِبَالُ نُسِفَتْ

    Таулар үгітіліп, үшырылғанда,

    77:10
  17. وَإِذَا الرُّسُلُ أُقِّتَتْ

    Пайғамбарлардың уақты жеткен кезде;

    77:11
  18. لِأَيِّ يَوْمٍ أُجِّلَتْ

    Қайсы күнге кешіктіріліп еді?

    77:12
  19. لِيَوْمِ الْفَصْلِ

    Шешім күніне.

    77:13
  20. وَمَا أَدْرَاكَ مَا يَوْمُ الْفَصْلِ

    Ол шешім күнін қайдан білесің?

    77:14
  21. وَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِلْمُكَذِّبِينَ

    Ол күні, жасынға шығарушыларға нендей өкініш!

    77:15
  22. أَلَمْ نُهْلِكِ الْأَوَّلِينَ

    Бүрынғыларды жоқ етпедік пе?

    77:16
  23. ثُمَّ نُتْبِعُهُمُ الْآخِرِينَ

    Сосын кейінгілерді де. Солардың аяғын қүштырамыз.

    77:17
  24. كَذَٰلِكَ نَفْعَلُ بِالْمُجْرِمِينَ

    Күнәкарларга осылай істейміз.

    77:18
  25. وَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِلْمُكَذِّبِينَ

    Жасынға шығарушылар үшін сол күні нендей өкініш!

    77:19

Аударма: Халифа Алтай