Мусыхаф, бет 584

  1. إِذْ نَادَاهُ رَبُّهُ بِالْوَادِ الْمُقَدَّسِ طُوًى

    Сол уақытта, Раббы, оған қасиетгі "Түуа" ойпатында дабыстады:

    79:16
  2. اذْهَبْ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ إِنَّهُ طَغَىٰ

    "Пергауынға бар. Өйткені ол, азды."

    79:17
  3. فَقُلْ هَلْ لَكَ إِلَىٰ أَنْ تَزَكَّىٰ

    Сонда оган: "Тазарғың келе ме?",- де.

    79:18
  4. وَأَهْدِيَكَ إِلَىٰ رَبِّكَ فَتَخْشَىٰ

    "Саған Раббыңа баратын жолды көрсетейін. Одан қорқарсың"

    79:19
  5. فَأَرَاهُ الْآيَةَ الْكُبْرَىٰ

    Мүса, Перғауынға ірі мүғжизаны көрсетті.

    79:20
  6. فَكَذَّبَ وَعَصَىٰ

    Сонда ол, жасынга шығарып, қарсы шықты.

    79:21
  7. ثُمَّ أَدْبَرَ يَسْعَىٰ

    Кейін теріс айналып, жүгірді.

    79:22
  8. فَحَشَرَ فَنَادَىٰ

    Адамдарды жинап, айғай салып:

    79:23
  9. فَقَالَ أَنَا رَبُّكُمُ الْأَعْلَىٰ

    "Мен сендердің ең үлы раббыларың" деді.

    79:24
  10. فَأَخَذَهُ اللَّهُ نَكَالَ الْآخِرَةِ وَالْأُولَىٰ

    Сондықтан Алла, оны ахирет, дүние азабымен қолға алды.

    79:25
  11. إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَعِبْرَةً لِمَنْ يَخْشَىٰ

    Расында бүнда қорыққан кісі үшін әлбетте бір ғибрат бар.

    79:26
  12. أَأَنْتُمْ أَشَدُّ خَلْقًا أَمِ السَّمَاءُ ۚ بَنَاهَا

    Сендерді жарату қиын ба? Немесе аспанды? Алла, оны да жасады.

    79:27
  13. رَفَعَ سَمْكَهَا فَسَوَّاهَا

    Оның биіктігін көтеріп, оны теңгерді.

    79:28
  14. وَأَغْطَشَ لَيْلَهَا وَأَخْرَجَ ضُحَاهَا

    Оның түнін қараңгылатып, күндізін жарыққа шығарды.

    79:29
  15. وَالْأَرْضَ بَعْدَ ذَٰلِكَ دَحَاهَا

    Сосын жерді төседі.

    79:30
  16. أَخْرَجَ مِنْهَا مَاءَهَا وَمَرْعَاهَا

    Одан су және жайылыс майданга келтірді.

    79:31
  17. وَالْجِبَالَ أَرْسَاهَا

    Оган таулар орналастырды.

    79:32
  18. مَتَاعًا لَكُمْ وَلِأَنْعَامِكُمْ

    Сендер және малдарың пайдалану үшін.

    79:33
  19. فَإِذَا جَاءَتِ الطَّامَّةُ الْكُبْرَىٰ

    Бірақ ол ірі уақиға (қиямет) келген сәтте;

    79:34
  20. يَوْمَ يَتَذَكَّرُ الْإِنْسَانُ مَا سَعَىٰ

    Ол күні адамзат не нәрсеге тырысқанын есіне алады.

    79:35
  21. وَبُرِّزَتِ الْجَحِيمُ لِمَنْ يَرَىٰ

    Тозақ, көретіндерге көрсетіледі.

    79:36
  22. فَأَمَّا مَنْ طَغَىٰ

    Ал енді кім шектен шыққан болса,

    79:37
  23. وَآثَرَ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا

    Оған дүние әсер еткен болса,

    79:38
  24. فَإِنَّ الْجَحِيمَ هِيَ الْمَأْوَىٰ

    Сонда рас оның орны тозақ.

    79:39
  25. وَأَمَّا مَنْ خَافَ مَقَامَ رَبِّهِ وَنَهَى النَّفْسَ عَنِ الْهَوَىٰ

    Ал енді кім, Раббыны; алдына түрудан қорқып, нәпсісі соққан нәрседен тежеген болса,

    79:40
  26. فَإِنَّ الْجَنَّةَ هِيَ الْمَأْوَىٰ

    Негізінде оның барар жері үжмаі

    79:41
  27. يَسْأَلُونَكَ عَنِ السَّاعَةِ أَيَّانَ مُرْسَاهَا

    (Мұхаммед Ғ.С.) олар сагаі "Қиямет қашан болады?",- дег сүрақ қояды.

    79:42
  28. فِيمَ أَنْتَ مِنْ ذِكْرَاهَا

    Ол жөнде түсіні беру сенің ісің бе?

    79:43
  29. إِلَىٰ رَبِّكَ مُنْتَهَاهَا

    Оны қортындысы, Раббыңа байланысті

    79:44
  30. إِنَّمَا أَنْتَ مُنْذِرُ مَنْ يَخْشَاهَا

    Негізінен сен қияметте қорыққан кісілерге бір ескертуи ганасың.

    79:45
  31. كَأَنَّهُمْ يَوْمَ يَرَوْنَهَا لَمْ يَلْبَثُوا إِلَّا عَشِيَّةً أَوْ ضُحَاهَا

    Олар қияметті көрге күні, дүниеде бір кеш немесе бір сәске тұрғандай ойлайды.

    79:46

Аударма: Халифа Алтай