Мусыхаф, бет 8
-
وَإِذْ نَجَّيْنَاكُمْ مِنْ آلِ فِرْعَوْنَ يَسُومُونَكُمْ سُوءَ الْعَذَابِ يُذَبِّحُونَ أَبْنَاءَكُمْ وَيَسْتَحْيُونَ نِسَاءَكُمْ ۚ وَفِي ذَٰلِكُمْ بَلَاءٌ مِنْ رَبِّكُمْ عَظِيمٌ
Сендерді Перғауынның сыбайластырынан құтқардық. Олар сендерді жаман қинаумен ұстап, ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қойатын еді. (Бәлгерлердің: «Израил ұрпақтарынан бір ұл туып, ықпалыңды жояды» деуі бойынша Перғауын, олардан ұл туса, бауыздатып отыратын болған.) Міне мұнда сендерге Раббыларыңнан зор сынау бар.
2:49 -
وَإِذْ فَرَقْنَا بِكُمُ الْبَحْرَ فَأَنْجَيْنَاكُمْ وَأَغْرَقْنَا آلَ فِرْعَوْنَ وَأَنْتُمْ تَنْظُرُونَ
Сендер үшін теңізді жарып, құтқардық та, перғауындықтарды суға батырдық. Сендер көріп тұрдыңдар.
2:50 -
وَإِذْ وَاعَدْنَا مُوسَىٰ أَرْبَعِينَ لَيْلَةً ثُمَّ اتَّخَذْتُمُ الْعِجْلَ مِنْ بَعْدِهِ وَأَنْتُمْ ظَالِمُونَ
Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) ға (Тұр тауында Тәурат үйрету үшін) қырық кеш уәде берген едік. Кейін оның артынан, бұзауды тәңір жасап алдыңдар да өздерің залым болдыңдар.
2:51 -
ثُمَّ عَفَوْنَا عَنْكُمْ مِنْ بَعْدِ ذَٰلِكَ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
Сонан кейін де сендерді шүкірлік етер деп кешірім еттік.
2:52 -
وَإِذْ آتَيْنَا مُوسَى الْكِتَابَ وَالْفُرْقَانَ لَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ
және тура жолға келулерің үшін Мұса (Ғ.А.) ға Тәуратты (жақсы- жаманды) айырушы нұсқауды бердік.
2:53 -
وَإِذْ قَالَ مُوسَىٰ لِقَوْمِهِ يَا قَوْمِ إِنَّكُمْ ظَلَمْتُمْ أَنْفُسَكُمْ بِاتِّخَاذِكُمُ الْعِجْلَ فَتُوبُوا إِلَىٰ بَارِئِكُمْ فَاقْتُلُوا أَنْفُسَكُمْ ذَٰلِكُمْ خَيْرٌ لَكُمْ عِنْدَ بَارِئِكُمْ فَتَابَ عَلَيْكُمْ ۚ إِنَّهُ هُوَ التَّوَّابُ الرَّحِيمُ
Сол уақытта Мұса (Ғ.С.): «Әй қаумым! Расында сендер бұзауды тәңір жасап алумен өздеріне қастық қылдыңдар! Ал енді жаратушыларыңа тәубе қылыңдар. әрі өздеріңді түзетіңдер. (Немесе қылмыстыларды өлтіріңдер.( Бұларың сендер үшін жаратушыларыңның қасында хайырлы. Сонда тәубелерңді қабыл етті. өйткені Ол тәубені қабылдаушы, ерекше мейірімді» деді.
2:54 -
وَإِذْ قُلْتُمْ يَا مُوسَىٰ لَنْ نُؤْمِنَ لَكَ حَتَّىٰ نَرَى اللَّهَ جَهْرَةً فَأَخَذَتْكُمُ الصَّاعِقَةُ وَأَنْتُمْ تَنْظُرُونَ
Сол уақытта сендер: «Әй Мұса! Алланы әшкере көрмейінше саған әсте иланбаймыз» дедіңдер де, сендерді бір ащы дауыс алды. (жасыл түсті) Көріп тұрдыңдар.
2:55 -
ثُمَّ بَعَثْنَاكُمْ مِنْ بَعْدِ مَوْتِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
Соңсоң шүкірлік етерсіңдер деп, өлгендеріңнен кейін қайта тірілттік.
2:56 -
وَظَلَّلْنَا عَلَيْكُمُ الْغَمَامَ وَأَنْزَلْنَا عَلَيْكُمُ الْمَنَّ وَالسَّلْوَىٰ ۖ كُلُوا مِنْ طَيِّبَاتِ مَا رَزَقْنَاكُمْ ۖ وَمَا ظَلَمُونَا وَلَٰكِنْ كَانُوا أَنْفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ
үстеріңе бұлтты көлеңке етіп, және сендерге бөдене менен құдырет шекерін (Мәнна, Сәлуаны) түсірдік. «Сендерге берген жақсы нәрселерден жеңдер» (дедік). Олар бізге емес өздеріне ғана қастық қылды.
2:57
Аударма: Халифа Алтай