Сүре 2 әл-Бақара (Сиыр), аят 57
-
وَظَلَّلْنَا عَلَيْكُمُ الْغَمَامَ وَأَنْزَلْنَا عَلَيْكُمُ الْمَنَّ وَالسَّلْوَىٰ ۖ كُلُوا مِنْ طَيِّبَاتِ مَا رَزَقْنَاكُمْ ۖ وَمَا ظَلَمُونَا وَلَٰكِنْ كَانُوا أَنْفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ
үстеріңе бұлтты көлеңке етіп, және сендерге бөдене менен құдырет шекерін (Мәнна, Сәлуаны) түсірдік. «Сендерге берген жақсы нәрселерден жеңдер» (дедік). Олар бізге емес өздеріне ғана қастық қылды.
2:57
Аударма: Халифа Алтай