Сүре 38 Сад

  1. قَالُوا رَبَّنَا مَنْ قَدَّمَ لَنَا هَٰذَا فَزِدْهُ عَذَابًا ضِعْفًا فِي النَّارِ

    Олар: "Раббымыз! Бізге бұны кім келтірген болса, оның тозақтағы азабын неше есе арттыра түс!",- дейді.

    38:61
  2. وَقَالُوا مَا لَنَا لَا نَرَىٰ رِجَالًا كُنَّا نَعُدُّهُمْ مِنَ الْأَشْرَارِ

    Олар: "Бізге не болды? Өздерін жамандардан санаған адамдарды көрмейміз ғой" деседі.

    38:62
  3. أَتَّخَذْنَاهُمْ سِخْرِيًّا أَمْ زَاغَتْ عَنْهُمُ الْأَبْصَارُ

    "Оларды сықаққа алушы едік. Немесе олар көздерімізге түспей ме?"

    38:63
  4. إِنَّ ذَٰلِكَ لَحَقٌّ تَخَاصُمُ أَهْلِ النَّارِ

    Күдіксіз, міне осы; тозақтықтардың тартысулары бір шындық.

    38:64
  5. قُلْ إِنَّمَا أَنَا مُنْذِرٌ ۖ وَمَا مِنْ إِلَٰهٍ إِلَّا اللَّهُ الْوَاحِدُ الْقَهَّارُ

    (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Шын мәнінде мен бір ескертуші ганамын. Өте өктем бір Алладан басқа ешбір тәңір жоқ" де.

    38:65
  6. رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا الْعَزِيزُ الْغَفَّارُ

    "Ол, көктер мен жердің әрі екі арасындағылардың Раббы. Тым үстем, аса жарылқаушы..."

    38:66
  7. قُلْ هُوَ نَبَأٌ عَظِيمٌ

    "Бұл бір ірі хабар" де:

    38:67
  8. أَنْتُمْ عَنْهُ مُعْرِضُونَ

    "Сендер Одан бет бүрсаңдар."

    38:68
  9. مَا كَانَ لِيَ مِنْ عِلْمٍ بِالْمَلَإِ الْأَعْلَىٰ إِذْ يَخْتَصِمُونَ

    "Жогары әлемдегілердің тартыспаларынан мәліметім жоқ еді."

    38:69
  10. إِنْ يُوحَىٰ إِلَيَّ إِلَّا أَنَّمَا أَنَا نَذِيرٌ مُبِينٌ

    "Шын мәнінде ашық бір ескертуші болгандыгынан гана маған уахи етілуде" (де.)

    38:70
  11. إِذْ قَالَ رَبُّكَ لِلْمَلَائِكَةِ إِنِّي خَالِقٌ بَشَرًا مِنْ طِينٍ

    Сол уақытта Раббың, періштелерге: "Мен балшықтан бір адам жаратамын" деген.

    38:71
  12. فَإِذَا سَوَّيْتُهُ وَنَفَخْتُ فِيهِ مِنْ رُوحِي فَقَعُوا لَهُ سَاجِدِينَ

    "Қашан оны жасап, оған ртхымнан трлеген сәтте, оған сәждеге жығылыңдар" (делінді.)

    38:72
  13. فَسَجَدَ الْمَلَائِكَةُ كُلُّهُمْ أَجْمَعُونَ

    Сонда періштелердің бәрі түгел сәжде қылды.

    38:73
  14. إِلَّا إِبْلِيسَ اسْتَكْبَرَ وَكَانَ مِنَ الْكَافِرِينَ

    Бірақ Ібіліс сәжде етпей тәкаппарланып, қарсылардан болды.

    38:74
  15. قَالَ يَا إِبْلِيسُ مَا مَنَعَكَ أَنْ تَسْجُدَ لِمَا خَلَقْتُ بِيَدَيَّ ۖ أَسْتَكْبَرْتَ أَمْ كُنْتَ مِنَ الْعَالِينَ

    (Алла Т.): "Әй Ібіліс! Қүдырет қолыммен жаратқаныма сәжде етуден сені не тосты? Тәкаппарландың ба?",- деді.

    38:75
  16. قَالَ أَنَا خَيْرٌ مِنْهُ ۖ خَلَقْتَنِي مِنْ نَارٍ وَخَلَقْتَهُ مِنْ طِينٍ

    Ол: "Мен одан артықпын. Өйткені, мені оттан жараттың да оны топырақтан жараттың" деді.

    38:76
  17. قَالَ فَاخْرُجْ مِنْهَا فَإِنَّكَ رَجِيمٌ

    (Алла Т.): "Дереу ол жерден шық. Шын мәнінде сен рахметімнен қуылдың" деді.

    38:77
  18. وَإِنَّ عَلَيْكَ لَعْنَتِي إِلَىٰ يَوْمِ الدِّينِ

    "Шынында қиямет күніне дейін лағынетім саған болсын."

    38:78
  19. قَالَ رَبِّ فَأَنْظِرْنِي إِلَىٰ يَوْمِ يُبْعَثُونَ

    Ол: "Раббым, онда қайта тірілетін күнге дейін маған мүрса бер" деді.

    38:79
  20. قَالَ فَإِنَّكَ مِنَ الْمُنْظَرِينَ

    (Алла Т.): "Рас сен мүрса берілгендерденсің!"

    38:80

Аударма: Халифа Алтай