Сүре 4 ан-Ниса (Әйелдер)

  1. وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ تَعَالَوْا إِلَىٰ مَا أَنْزَلَ اللَّهُ وَإِلَى الرَّسُولِ رَأَيْتَ الْمُنَافِقِينَ يَصُدُّونَ عَنْكَ صُدُودًا

    Ал және қашан оларға: «Алла түсірген Құранға және Пайғамбарға келіңдер» делінсе, мұнафықтардың сенен мүлде шегеншектегенін көресің.

    4:61
  2. فَكَيْفَ إِذَا أَصَابَتْهُمْ مُصِيبَةٌ بِمَا قَدَّمَتْ أَيْدِيهِمْ ثُمَّ جَاءُوكَ يَحْلِفُونَ بِاللَّهِ إِنْ أَرَدْنَا إِلَّا إِحْسَانًا وَتَوْفِيقًا

    Сонда олар қайтып, қолекі істегендерінің салдарынан бастарына бір күйзеліс келгенде, саған келіп: «Біз жақсылықты, үйлесуді қалап едік» деп, Алланың атымен ант- су ішеді.

    4:62
  3. أُولَٰئِكَ الَّذِينَ يَعْلَمُ اللَّهُ مَا فِي قُلُوبِهِمْ فَأَعْرِضْ عَنْهُمْ وَعِظْهُمْ وَقُلْ لَهُمْ فِي أَنْفُسِهِمْ قَوْلًا بَلِيغًا

    Алла олардың жүректеріндегіні біледі. Енді олардан бет бұр. Оларға үгіт бер де, оларға әсерлі сөз сөйле.

    4:63
  4. وَمَا أَرْسَلْنَا مِنْ رَسُولٍ إِلَّا لِيُطَاعَ بِإِذْنِ اللَّهِ ۚ وَلَوْ أَنَّهُمْ إِذْ ظَلَمُوا أَنْفُسَهُمْ جَاءُوكَ فَاسْتَغْفَرُوا اللَّهَ وَاسْتَغْفَرَ لَهُمُ الرَّسُولُ لَوَجَدُوا اللَّهَ تَوَّابًا رَحِيمًا

    Пайғамбар атаулыны Алланың нұсқауымен бой ұсынылуы үшін ғана жібердік. Егер олар өздеріне бір кесір істеген заман, саған келіп, Алладан жарылқану тілесе, әрі Пайғамбар да олар үшін жарылқау тілесе, әрине олар Алланы; тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді түрде табар еді.

    4:64
  5. فَلَا وَرَبِّكَ لَا يُؤْمِنُونَ حَتَّىٰ يُحَكِّمُوكَ فِيمَا شَجَرَ بَيْنَهُمْ ثُمَّ لَا يَجِدُوا فِي أَنْفُسِهِمْ حَرَجًا مِمَّا قَضَيْتَ وَيُسَلِّمُوا تَسْلِيمًا

    (Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңа серт! Олар өзара таласқаннәрселерінде сені би қылып, сонсоң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды.

    4:65
  6. وَلَوْ أَنَّا كَتَبْنَا عَلَيْهِمْ أَنِ اقْتُلُوا أَنْفُسَكُمْ أَوِ اخْرُجُوا مِنْ دِيَارِكُمْ مَا فَعَلُوهُ إِلَّا قَلِيلٌ مِنْهُمْ ۖ وَلَوْ أَنَّهُمْ فَعَلُوا مَا يُوعَظُونَ بِهِ لَكَانَ خَيْرًا لَهُمْ وَأَشَدَّ تَثْبِيتًا

    Ал оларға: «Өздеріңді өлтіріңдер, (соғысыңдар,) немесе жұрттарыңнан шығыңдар!»,- деп әмір еткен болсақ, олардан өте азы ғана орындайды. Олар өздеріне үгіттелген нәрсені атқарса еді, әрине олар үшін хайырлы болып, имандары нығайып бекір еді.

    4:66
  7. وَإِذًا لَآتَيْنَاهُمْ مِنْ لَدُنَّا أَجْرًا عَظِيمًا

    Сондай-ақ өз жанымыздан сыйлық берер едік.

    4:67
  8. وَلَهَدَيْنَاهُمْ صِرَاطًا مُسْتَقِيمًا

    Әрине оларды тура жолға салар едік.

    4:68
  9. وَمَنْ يُطِعِ اللَّهَ وَالرَّسُولَ فَأُولَٰئِكَ مَعَ الَّذِينَ أَنْعَمَ اللَّهُ عَلَيْهِمْ مِنَ النَّبِيِّينَ وَالصِّدِّيقِينَ وَالشُّهَدَاءِ وَالصَّالِحِينَ ۚ وَحَسُنَ أُولَٰئِكَ رَفِيقًا

    Ал жәнекім Аллаға, пайғамбарға бой ұсынса, міне солар; Алла (Т.) нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәһиттер және игілермен бірге болады. Олар нендей жақсы жолдас!

    4:69
  10. ذَٰلِكَ الْفَضْلُ مِنَ اللَّهِ ۚ وَكَفَىٰ بِاللَّهِ عَلِيمًا

    міне бұл Алладан ілтипат. Алла әр нәрсені жете білуші.

    4:70
  11. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا خُذُوا حِذْرَكُمْ فَانْفِرُوا ثُبَاتٍ أَوِ انْفِرُوا جَمِيعًا

    әй мүміндер! Құралдарыңды алыңдар. Және бөлек- бөлек болып немесе тұтас аттаныңдар.

    4:71
  12. وَإِنَّ مِنْكُمْ لَمَنْ لَيُبَطِّئَنَّ فَإِنْ أَصَابَتْكُمْ مُصِيبَةٌ قَالَ قَدْ أَنْعَمَ اللَّهُ عَلَيَّ إِذْ لَمْ أَكُنْ مَعَهُمْ شَهِيدًا

    Әрине сендерден қырқарлық қылатындар да бар. Егер сендерге бір қиыншылық келсе: «Рас Алла, маған бақ берген екен. өйткені, олармен бірге болмадым» деп айтар.

    4:72
  13. وَلَئِنْ أَصَابَكُمْ فَضْلٌ مِنَ اللَّهِ لَيَقُولَنَّ كَأَنْ لَمْ تَكُنْ بَيْنَكُمْ وَبَيْنَهُ مَوَدَّةٌ يَا لَيْتَنِي كُنْتُ مَعَهُمْ فَأَفُوزَ فَوْزًا عَظِيمًا

    Ал егер сендерге Алладан бір мәрхамет (жеңіс) келсе, сендермен араларында ешбір достық жоқтай: «Әттеген-ай! Олармен бірге болсам еді, зор табысқа еи болар едім» деп айтар.

    4:73
  14. فَلْيُقَاتِلْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ الَّذِينَ يَشْرُونَ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا بِالْآخِرَةِ ۚ وَمَنْ يُقَاتِلْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَيُقْتَلْ أَوْ يَغْلِبْ فَسَوْفَ نُؤْتِيهِ أَجْرًا عَظِيمًا

    Ендеше, дүние тіршілігін ахиретке айырбастағандар, Алла жолында соғыссын. Ал кім Алла жолында соғысса, сонда өлтірілсе, немесе жеңіске ие болса, әрине оған ірі сыйлық береміз.

    4:74
  15. وَمَا لَكُمْ لَا تُقَاتِلُونَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَالْمُسْتَضْعَفِينَ مِنَ الرِّجَالِ وَالنِّسَاءِ وَالْوِلْدَانِ الَّذِينَ يَقُولُونَ رَبَّنَا أَخْرِجْنَا مِنْ هَٰذِهِ الْقَرْيَةِ الظَّالِمِ أَهْلُهَا وَاجْعَلْ لَنَا مِنْ لَدُنْكَ وَلِيًّا وَاجْعَلْ لَنَا مِنْ لَدُنْكَ نَصِيرًا

    Сендерге Алла жолында соғыспайтын не болды? (Меккедегі) шамасыз ерлер, әйелдер және балалардан: «Раббымыз! Бізді осы тұрғындары залым кенттен шығар! Және бізге өз қасыңнан бір еи пайда қыл. Әрі өз қасыңнан бір көмекші қыла көр» дейтіндер бар.

    4:75
  16. الَّذِينَ آمَنُوا يُقَاتِلُونَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ ۖ وَالَّذِينَ كَفَرُوا يُقَاتِلُونَ فِي سَبِيلِ الطَّاغُوتِ فَقَاتِلُوا أَوْلِيَاءَ الشَّيْطَانِ ۖ إِنَّ كَيْدَ الشَّيْطَانِ كَانَ ضَعِيفًا

    Сондай иман келтіргендер, Алла жолында соғысады да кәпірлер, шайтан жолында соғысады. Ендеше сендер шайтанның достарымен соғысыңдар. Негізінен шайтанның әдісі нашар.

    4:76
  17. أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ قِيلَ لَهُمْ كُفُّوا أَيْدِيَكُمْ وَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ فَلَمَّا كُتِبَ عَلَيْهِمُ الْقِتَالُ إِذَا فَرِيقٌ مِنْهُمْ يَخْشَوْنَ النَّاسَ كَخَشْيَةِ اللَّهِ أَوْ أَشَدَّ خَشْيَةً ۚ وَقَالُوا رَبَّنَا لِمَ كَتَبْتَ عَلَيْنَا الْقِتَالَ لَوْلَا أَخَّرْتَنَا إِلَىٰ أَجَلٍ قَرِيبٍ ۗ قُلْ مَتَاعُ الدُّنْيَا قَلِيلٌ وَالْآخِرَةُ خَيْرٌ لِمَنِ اتَّقَىٰ وَلَا تُظْلَمُونَ فَتِيلًا

    (Мұхаммед Ғ.С.) сондай оларға: «Қолдарыңды тыйындар, намазды орындап, зекет беріңдер!»,- делінгендерді көрмедің бе? Оларға соғыс парыз етілген заман олардың бір тобы; адамдардан, Алладан қорыққандай немесе, тағы қатты қорқады да: «Раббымыз! Бізге соғысты неге жаздың? Бізді жақын бір мерзімге дейін неге кешіктірмедің?»,- деді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Дүниенің пайдасы аз ғана. Тақалар үшін ахирет жақсы. Сендер қылдай әділетсіздікке ұшырамайсыңдар» деп айт.

    4:77
  18. أَيْنَمَا تَكُونُوا يُدْرِكْكُمُ الْمَوْتُ وَلَوْ كُنْتُمْ فِي بُرُوجٍ مُشَيَّدَةٍ ۗ وَإِنْ تُصِبْهُمْ حَسَنَةٌ يَقُولُوا هَٰذِهِ مِنْ عِنْدِ اللَّهِ ۖ وَإِنْ تُصِبْهُمْ سَيِّئَةٌ يَقُولُوا هَٰذِهِ مِنْ عِنْدِكَ ۚ قُلْ كُلٌّ مِنْ عِنْدِ اللَّهِ ۖ فَمَالِ هَٰؤُلَاءِ الْقَوْمِ لَا يَكَادُونَ يَفْقَهُونَ حَدِيثًا

    Сендер қайда болсаңдар да, тіпті мықты қорғандарда (жұлдыздарда) болсаңдар да өлім жетеді. Егер оларға бір жақсылық жетсе: «Алла тарапынан» дейді де, егер оларға бір жамандық жетсе, олар: «Бұл сенің тарапыңнан» дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Барлығы Алланың қасынан» деп айт. Сөзді түсінуге жанаспайтын сол елге не болды?

    4:78
  19. مَا أَصَابَكَ مِنْ حَسَنَةٍ فَمِنَ اللَّهِ ۖ وَمَا أَصَابَكَ مِنْ سَيِّئَةٍ فَمِنْ نَفْسِكَ ۚ وَأَرْسَلْنَاكَ لِلنَّاسِ رَسُولًا ۚ وَكَفَىٰ بِاللَّهِ شَهِيدًا

    Саған нендей бір жақсылық келсе, Алладан. Ал және бір жамандық келсе, өзіңнен. (Мұхаммед Ғ.С.)сені адамдарға еші етіп жібердік. Куәлікте Алла жетіп асады.

    4:79
  20. مَنْ يُطِعِ الرَّسُولَ فَقَدْ أَطَاعَ اللَّهَ ۖ وَمَنْ تَوَلَّىٰ فَمَا أَرْسَلْنَاكَ عَلَيْهِمْ حَفِيظًا

    Кім пайғамбарға бағынса, расында Аллаға бағынған болады. Ал және кім бет бұрса, (Мұхаммед Ғ.С.) оларға сені аңдушы етіп жібермедік.

    4:80

Аударма: Халифа Алтай