Сүре 4 ан-Ниса (Әйелдер)
-
أُولَٰئِكَ مَأْوَاهُمْ جَهَنَّمُ وَلَا يَجِدُونَ عَنْهَا مَحِيصًا
Міне солардың орны тозақ. Сондай-ақ олар одан қашар жер таба алмайды.
4:121 -
وَالَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ سَنُدْخِلُهُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا أَبَدًا ۖ وَعْدَ اللَّهِ حَقًّا ۚ وَمَنْ أَصْدَقُ مِنَ اللَّهِ قِيلًا
Иман келтіріп, ізгі іс істегендерді астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргіземіз де, олар онда мәңгі қалады. Өйткені, Алланың уәдесі хақ. Алла (Т.) дан тура сөзді кім?
4:122 -
لَيْسَ بِأَمَانِيِّكُمْ وَلَا أَمَانِيِّ أَهْلِ الْكِتَابِ ۗ مَنْ يَعْمَلْ سُوءًا يُجْزَ بِهِ وَلَا يَجِدْ لَهُ مِنْ دُونِ اللَّهِ وَلِيًّا وَلَا نَصِيرًا
(Әй мүшріктер!) Не сендердің ойларыңша, не Кітап иелерінің ойларынша да емес. Кім бір жаман іс қылса, сол себепті жазаланады. Ол үшін Алладан өзге ие де жәрдемші де таба алмайды.
4:123 -
وَمَنْ يَعْمَلْ مِنَ الصَّالِحَاتِ مِنْ ذَكَرٍ أَوْ أُنْثَىٰ وَهُوَ مُؤْمِنٌ فَأُولَٰئِكَ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ وَلَا يُظْلَمُونَ نَقِيرًا
Еркектен немесе әйелден кім иман келтіруші болып, ізгі істерден істесе, міне солар жәннетке кіреді. Түк де әділетсіздікке ұшыратылмайды.
4:124 -
وَمَنْ أَحْسَنُ دِينًا مِمَّنْ أَسْلَمَ وَجْهَهُ لِلَّهِ وَهُوَ مُحْسِنٌ وَاتَّبَعَ مِلَّةَ إِبْرَاهِيمَ حَنِيفًا ۗ وَاتَّخَذَ اللَّهُ إِبْرَاهِيمَ خَلِيلًا
Кім діни тұрғыдан жақсылық істеуші болып, жүзін Аллаға тапсырып, нағыз Ыбырайым (Ғ.С.) ның дініне ерген кісіден жақсы бола алады? Алла (Т.) Ыбырайым (Ғ.С.) ды дос тұтқан.
4:125 -
وَلِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۚ وَكَانَ اللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ مُحِيطًا
Көктердегі әрі жердегі нәрселер Алланікі. Сондай-ақ Алла әр нәрсені толық меңгеруші.
4:126 -
وَيَسْتَفْتُونَكَ فِي النِّسَاءِ ۖ قُلِ اللَّهُ يُفْتِيكُمْ فِيهِنَّ وَمَا يُتْلَىٰ عَلَيْكُمْ فِي الْكِتَابِ فِي يَتَامَى النِّسَاءِ اللَّاتِي لَا تُؤْتُونَهُنَّ مَا كُتِبَ لَهُنَّ وَتَرْغَبُونَ أَنْ تَنْكِحُوهُنَّ وَالْمُسْتَضْعَفِينَ مِنَ الْوِلْدَانِ وَأَنْ تَقُومُوا لِلْيَتَامَىٰ بِالْقِسْطِ ۚ وَمَا تَفْعَلُوا مِنْ خَيْرٍ فَإِنَّ اللَّهَ كَانَ بِهِ عَلِيمًا
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен, әйелдер жайында пәтуа сұрайды. Оларға: «Алла сендерге олар жөнінде пәтуасын білдіреді: Бұл сендерге оқылатын Кітапта да, оларға жазылған мирастарын бермей өздерін алуға қызығатын жетім әйелдермен байқұс балалар және жетімдерге дұрыс қамқорлық істеу жайында пәтуа береді» де. Және хайырдан не істесеңдер сөз жоқ, оны алла біледі.
4:127 -
وَإِنِ امْرَأَةٌ خَافَتْ مِنْ بَعْلِهَا نُشُوزًا أَوْ إِعْرَاضًا فَلَا جُنَاحَ عَلَيْهِمَا أَنْ يُصْلِحَا بَيْنَهُمَا صُلْحًا ۚ وَالصُّلْحُ خَيْرٌ ۗ وَأُحْضِرَتِ الْأَنْفُسُ الشُّحَّ ۚ وَإِنْ تُحْسِنُوا وَتَتَّقُوا فَإِنَّ اللَّهَ كَانَ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرًا
Егер бір әйел, ерінің жеруінен немесе бет бұруынан қорықса, өзара келісіп жарасуларында екеуіне де күнә жоқ. Сондай-ақ жарасу жақсы. Нәпсілер қытымырлыққа бейім жаратылған. Егер жақсы шығысып, сақсынсаңдар негізінен Алла (Т.) не істегендеріңді толық біледі.
4:128 -
وَلَنْ تَسْتَطِيعُوا أَنْ تَعْدِلُوا بَيْنَ النِّسَاءِ وَلَوْ حَرَصْتُمْ ۖ فَلَا تَمِيلُوا كُلَّ الْمَيْلِ فَتَذَرُوهَا كَالْمُعَلَّقَةِ ۚ وَإِنْ تُصْلِحُوا وَتَتَّقُوا فَإِنَّ اللَّهَ كَانَ غَفُورًا رَحِيمًا
Қаншалық тырыссаңда(119)Шайтан оларға уәде беріп, оларды босқа үміттендіреді. Шайтанның оларға уәдесі алдау ғана.(120)Міне солардың орны тозақ. Сондай-ақ олар одан қашар жер таба алмайды.(121)р да әйелдердің арасына әсте әділдік істей алмайсыңдар. Ендеше, (біреуіне) мүлде ауып кетіп, өзгесін жіпсіз байлағандай етіп қоймаңдар, (Байсыз қатын құсап, дел-салда жүрмесін.) Егер түзеліп, сақсынсаңдар, негізінен Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.
4:129 -
وَإِنْ يَتَفَرَّقَا يُغْنِ اللَّهُ كُلًّا مِنْ سَعَتِهِ ۚ وَكَانَ اللَّهُ وَاسِعًا حَكِيمًا
Егер екеуі ажырасса, Алла әрқайсысын өз кеңшілігінен қамтамасыз етеді. өйткені, Алла аса кең, өте дана.
4:130 -
وَلِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۗ وَلَقَدْ وَصَّيْنَا الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ مِنْ قَبْلِكُمْ وَإِيَّاكُمْ أَنِ اتَّقُوا اللَّهَ ۚ وَإِنْ تَكْفُرُوا فَإِنَّ لِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۚ وَكَانَ اللَّهُ غَنِيًّا حَمِيدًا
Көктердегі және жердегі нәрселер Аллаға тән. Сендерден бұрыңғы кітап берілгендерге де, сендерге де: «Алладан қорқыңдар!»,- деп өсиет еткенбіз. Егер қарсы келсеңдер, сонда да көктер мен жердегі нәрселер Алланікі. Алла мұңсыз, мақтаулы.
4:131 -
وَلِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۚ وَكَفَىٰ بِاللَّهِ وَكِيلًا
Көктердегі әрі жердегі нәрселер Алланікі. Алла (Т.) кепілдік тұрғысынан жеткілікті.
4:132 -
إِنْ يَشَأْ يُذْهِبْكُمْ أَيُّهَا النَّاسُ وَيَأْتِ بِآخَرِينَ ۚ وَكَانَ اللَّهُ عَلَىٰ ذَٰلِكَ قَدِيرًا
Әй адам баласы! Егер Алла қаласа, сендерді кетіріп, басқаларды әкелер еді. Міне осыған Алланың күші толық жетеді
4:133 -
مَنْ كَانَ يُرِيدُ ثَوَابَ الدُّنْيَا فَعِنْدَ اللَّهِ ثَوَابُ الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ ۚ وَكَانَ اللَّهُ سَمِيعًا بَصِيرًا
Кім дүниенің пайдасын тілесе, Сонда дүние, ахиреттің пайдасы Алланың қасында. Сондай-ақ Алла әр нәрсені естуші, ерекше мейірімді.
4:134 -
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا كُونُوا قَوَّامِينَ بِالْقِسْطِ شُهَدَاءَ لِلَّهِ وَلَوْ عَلَىٰ أَنْفُسِكُمْ أَوِ الْوَالِدَيْنِ وَالْأَقْرَبِينَ ۚ إِنْ يَكُنْ غَنِيًّا أَوْ فَقِيرًا فَاللَّهُ أَوْلَىٰ بِهِمَا ۖ فَلَا تَتَّبِعُوا الْهَوَىٰ أَنْ تَعْدِلُوا ۚ وَإِنْ تَلْوُوا أَوْ تُعْرِضُوا فَإِنَّ اللَّهَ كَانَ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرًا
Әй мүміндер! Әділдікте мықты тұрып, егер өздеріңнің, әке- шешелеріңнің және жақындарыңның зиянына болса да, Алла үшін айғақ болыңдар; бай немесе кедей болса да. Өйткені Алла, екеуіне де тым жақын. (Олардың халін біледі) Ендеше әділдік істеу нәпсіге ермеңдер. Егер тілдеріңді бұрып, шындықты бұрмаласаңдар, шәксіз Алла не істегендеріңді толық білуші.
4:135 -
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا آمِنُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ وَالْكِتَابِ الَّذِي نَزَّلَ عَلَىٰ رَسُولِهِ وَالْكِتَابِ الَّذِي أَنْزَلَ مِنْ قَبْلُ ۚ وَمَنْ يَكْفُرْ بِاللَّهِ وَمَلَائِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ فَقَدْ ضَلَّ ضَلَالًا بَعِيدًا
Әй мүміндер! Аллаға, Пайғамбарына және оған түсірген Құранға сондай-ақ одан бұрыңғы түсірген ктіапқа иман келтіріңдер. Ал кім Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне және ахирет күніне қарсы шықса, сонда тым ұзақ адасты.
4:136 -
إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا ثُمَّ كَفَرُوا ثُمَّ آمَنُوا ثُمَّ كَفَرُوا ثُمَّ ازْدَادُوا كُفْرًا لَمْ يَكُنِ اللَّهُ لِيَغْفِرَ لَهُمْ وَلَا لِيَهْدِيَهُمْ سَبِيلًا
Негізінен сондай иман келтіріп сонсоң қарсы келгендер, тағы иман келтіріп, және қарсы шыққандар, сонсоң қарсылығын арттырғандар, міне, Алла соларды жарылқамайды да, тура жолға да салмайды. (Яһудтлер әуелі Мұсаға иман келтірді. Сонсоң бұзауға табынып, қарсы келді. Сонсоң Мұсаға иман келтіріп, ғисаға қарсы болды да, Мұхаммед (Ғ.С.) ке қарсылықтарын арттыра түсті.
4:137 -
بَشِّرِ الْمُنَافِقِينَ بِأَنَّ لَهُمْ عَذَابًا أَلِيمًا
(Мұхаммед Ғ.С.) мұнафықтарға, өздеріне негізінен күйзелтуші азап бар екендігін шүйіншіле.
4:138 -
الَّذِينَ يَتَّخِذُونَ الْكَافِرِينَ أَوْلِيَاءَ مِنْ دُونِ الْمُؤْمِنِينَ ۚ أَيَبْتَغُونَ عِنْدَهُمُ الْعِزَّةَ فَإِنَّ الْعِزَّةَ لِلَّهِ جَمِيعًا
Сондай мүміндерден өзге кәпірлерді дос тұтқандар, олардың қасынан ізет іздей ме? Шын мәнінде ізет бүтіндей Аллаға тән.
4:139 -
وَقَدْ نَزَّلَ عَلَيْكُمْ فِي الْكِتَابِ أَنْ إِذَا سَمِعْتُمْ آيَاتِ اللَّهِ يُكْفَرُ بِهَا وَيُسْتَهْزَأُ بِهَا فَلَا تَقْعُدُوا مَعَهُمْ حَتَّىٰ يَخُوضُوا فِي حَدِيثٍ غَيْرِهِ ۚ إِنَّكُمْ إِذًا مِثْلُهُمْ ۗ إِنَّ اللَّهَ جَامِعُ الْمُنَافِقِينَ وَالْكَافِرِينَ فِي جَهَنَّمَ جَمِيعًا
Расында сендерге Кітапта: «Алланың аяттарына қарсы келінгендігін және ажыуаланғандығын сендер естіген сәтте; олар бұдан басқа сөзге кіріскенше, олармен бірге отырмаңдар; әйтпесе сендер де солар сияқты боласыңдар» деп үкім түсірді. Шәксіз Алла мұнафықтармен кәпірлерді біртұтас тозаққа жинаушы.
4:140
Аударма: Халифа Алтай