Сүре 4 ан-Ниса (Әйелдер)

  1. وَيَقُولُونَ طَاعَةٌ فَإِذَا بَرَزُوا مِنْ عِنْدِكَ بَيَّتَ طَائِفَةٌ مِنْهُمْ غَيْرَ الَّذِي تَقُولُ ۖ وَاللَّهُ يَكْتُبُ مَا يُبَيِّتُونَ ۖ فَأَعْرِضْ عَنْهُمْ وَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ ۚ وَكَفَىٰ بِاللَّهِ وَكِيلًا

    Олар: «Бой ұсындық» деп қашан қасыңнан айрылса, олардан бір тобы, түнделетіп сен айтқаннан басқаны кеңеседі. Алла олардың түнгі күңкілдерін жазады. Сондықтан олардан бет бұр да, Аллаға тәуекел ет. Алла (Т.) толық кепіл.

    4:81
  2. أَفَلَا يَتَدَبَّرُونَ الْقُرْآنَ ۚ وَلَوْ كَانَ مِنْ عِنْدِ غَيْرِ اللَّهِ لَوَجَدُوا فِيهِ اخْتِلَافًا كَثِيرًا

    Ал сонда олар Құранды түсінбей ме? Егер Алладан басқаның қасынан болса еді, әрине онда олар көптеген қайшылықтар табар еді.

    4:82
  3. وَإِذَا جَاءَهُمْ أَمْرٌ مِنَ الْأَمْنِ أَوِ الْخَوْفِ أَذَاعُوا بِهِ ۖ وَلَوْ رَدُّوهُ إِلَى الرَّسُولِ وَإِلَىٰ أُولِي الْأَمْرِ مِنْهُمْ لَعَلِمَهُ الَّذِينَ يَسْتَنْبِطُونَهُ مِنْهُمْ ۗ وَلَوْلَا فَضْلُ اللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُ لَاتَّبَعْتُمُ الشَّيْطَانَ إِلَّا قَلِيلًا

    Қашан оларға (мұнафықтарға) аманшылықтан немесе хауіп- қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны, Пайғамбарға не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән- жайын білер еді. Егер сендерге Аланың кеңшілігі, мейірімі болмаса еді, шайтанға ермегендерің өте аз болар еді.

    4:83
  4. فَقَاتِلْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ لَا تُكَلَّفُ إِلَّا نَفْسَكَ ۚ وَحَرِّضِ الْمُؤْمِنِينَ ۖ عَسَى اللَّهُ أَنْ يَكُفَّ بَأْسَ الَّذِينَ كَفَرُوا ۚ وَاللَّهُ أَشَدُّ بَأْسًا وَأَشَدُّ تَنْكِيلًا

    (Мұхаммед Ғ.С.) енді Алла жолында соғыс. Сен өзіңнен ғана жауаптысың. Сондай-ақ мүміндерді қызықтыр. Мүмкін Алла, кәпірлердің кесірін тоқтатар. Алланың кәрі қатты да жазасы қиын.

    4:84
  5. مَنْ يَشْفَعْ شَفَاعَةً حَسَنَةً يَكُنْ لَهُ نَصِيبٌ مِنْهَا ۖ وَمَنْ يَشْفَعْ شَفَاعَةً سَيِّئَةً يَكُنْ لَهُ كِفْلٌ مِنْهَا ۗ وَكَانَ اللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ مُقِيتًا

    Кім жақсылықты қолдаса, оған одан несібе бар. Ал және кім жамандыққа болысса, оған да одан бір тиесі бар. Алланың әр нәрсеге күші басым.

    4:85
  6. وَإِذَا حُيِّيتُمْ بِتَحِيَّةٍ فَحَيُّوا بِأَحْسَنَ مِنْهَا أَوْ رُدُّوهَا ۗ إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ حَسِيبًا

    Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырық немесе соның өзін қайтарыңдар. Шәксіз Алла әр нәрседен есеп плушы.

    4:86
  7. اللَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ۚ لَيَجْمَعَنَّكُمْ إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ لَا رَيْبَ فِيهِ ۗ وَمَنْ أَصْدَقُ مِنَ اللَّهِ حَدِيثًا

    (Біреу: «Әссәламү ғаләйкүм»- Сендерге есендік болсын десе, «Уә ғаләйкумсәлам уә Рахматұллаһ»- Сендерге есендік және Алланың мейірімі болсын. Егер, «Әссәламү ғаләйкүм уә Рахматұллаһ» -Сендерге есендік және Алланың мейірімі әрі берекеті болсын десе, «Уә ғаләйкумсәлам уә гахматұллаһі уә бәракәтүһү» деп өзіндей қайтару керек) Алла бір, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Әлбетте сендерді күдік болмаған қиямет күнінде жинайды. Алладан артық кімнің сөзі тура бола алады?

    4:87
  8. فَمَا لَكُمْ فِي الْمُنَافِقِينَ فِئَتَيْنِ وَاللَّهُ أَرْكَسَهُمْ بِمَا كَسَبُوا ۚ أَتُرِيدُونَ أَنْ تَهْدُوا مَنْ أَضَلَّ اللَّهُ ۖ وَمَنْ يُضْلِلِ اللَّهُ فَلَنْ تَجِدَ لَهُ سَبِيلًا

    Сендерге мұнафықтар жайында екі дай болатын не болды? Алла оларды қылықтары себепті теріс бағындырды. Алла, адастырған біреуді, сендер жолға салуды қалайсыңдар ма? Ал біреуді, Алла адастырса, сонда оған жол таба алмайсың.

    4:88
  9. وَدُّوا لَوْ تَكْفُرُونَ كَمَا كَفَرُوا فَتَكُونُونَ سَوَاءً ۖ فَلَا تَتَّخِذُوا مِنْهُمْ أَوْلِيَاءَ حَتَّىٰ يُهَاجِرُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ ۚ فَإِنْ تَوَلَّوْا فَخُذُوهُمْ وَاقْتُلُوهُمْ حَيْثُ وَجَدْتُمُوهُمْ ۖ وَلَا تَتَّخِذُوا مِنْهُمْ وَلِيًّا وَلَا نَصِيرًا

    Олар, өздері қарсы болғандай сендердің де қарсы болып, бірдей болуларыңды қалады. Ендеше оларды Алла жолында босқанға дейін, дос тұтпаңдар. Егер олар бет бұрса, сонда оларды қайдан тапсаңдар да ұстап өлтіріңдер. Сондай-ақ оларды не дос не көмекші тұтпаңдар.

    4:89
  10. إِلَّا الَّذِينَ يَصِلُونَ إِلَىٰ قَوْمٍ بَيْنَكُمْ وَبَيْنَهُمْ مِيثَاقٌ أَوْ جَاءُوكُمْ حَصِرَتْ صُدُورُهُمْ أَنْ يُقَاتِلُوكُمْ أَوْ يُقَاتِلُوا قَوْمَهُمْ ۚ وَلَوْ شَاءَ اللَّهُ لَسَلَّطَهُمْ عَلَيْكُمْ فَلَقَاتَلُوكُمْ ۚ فَإِنِ اعْتَزَلُوكُمْ فَلَمْ يُقَاتِلُوكُمْ وَأَلْقَوْا إِلَيْكُمُ السَّلَمَ فَمَا جَعَلَ اللَّهُ لَكُمْ عَلَيْهِمْ سَبِيلًا

    Бірақ, сендермен араларыңда келісім болған бір елге қосылғандар, немесе сендермен өздері соғысуға, не өз елдерімен соғысуға жүректері сығылып, сендерге келгендер басқа. (Мұндайларға соқтықпаңдар) Егер Алла қаласа, оларды сендерге өктем қылар еді. Сонда олар сендермен соғысар еді. Ал егер сендерден бой тежесе, сондай-ақ қолдарын тыйып, өздеріңе келісім ұсынса, онда Алла, сендер үшін оларға қарсы бір жол қоймады.

    4:90
  11. سَتَجِدُونَ آخَرِينَ يُرِيدُونَ أَنْ يَأْمَنُوكُمْ وَيَأْمَنُوا قَوْمَهُمْ كُلَّ مَا رُدُّوا إِلَى الْفِتْنَةِ أُرْكِسُوا فِيهَا ۚ فَإِنْ لَمْ يَعْتَزِلُوكُمْ وَيُلْقُوا إِلَيْكُمُ السَّلَمَ وَيَكُفُّوا أَيْدِيَهُمْ فَخُذُوهُمْ وَاقْتُلُوهُمْ حَيْثُ ثَقِفْتُمُوهُمْ ۚ وَأُولَٰئِكُمْ جَعَلْنَا لَكُمْ عَلَيْهِمْ سُلْطَانًا مُبِينًا

    Ал және басқа біреулерді; сендерді де сендіруді, әрі өз елдерін де сендіруді қалаған түрде табасыңдар. әрқашан олар бұзақылыққа нұсқалса, олар оның ішіне етпетінен түседі. Ал егер олар сендерден тайынбаса, сендерге келісім ұсынбаса және олар қолдарын тыймаса, сонда оларды қайдан тапсаңдар да ұстап өлтіріңдер. Міне осыларды, сендер үшін оларға қарсы ашық дәлел қылдық.

    4:91
  12. وَمَا كَانَ لِمُؤْمِنٍ أَنْ يَقْتُلَ مُؤْمِنًا إِلَّا خَطَأً ۚ وَمَنْ قَتَلَ مُؤْمِنًا خَطَأً فَتَحْرِيرُ رَقَبَةٍ مُؤْمِنَةٍ وَدِيَةٌ مُسَلَّمَةٌ إِلَىٰ أَهْلِهِ إِلَّا أَنْ يَصَّدَّقُوا ۚ فَإِنْ كَانَ مِنْ قَوْمٍ عَدُوٍّ لَكُمْ وَهُوَ مُؤْمِنٌ فَتَحْرِيرُ رَقَبَةٍ مُؤْمِنَةٍ ۖ وَإِنْ كَانَ مِنْ قَوْمٍ بَيْنَكُمْ وَبَيْنَهُمْ مِيثَاقٌ فَدِيَةٌ مُسَلَّمَةٌ إِلَىٰ أَهْلِهِ وَتَحْرِيرُ رَقَبَةٍ مُؤْمِنَةٍ ۖ فَمَنْ لَمْ يَجِدْ فَصِيَامُ شَهْرَيْنِ مُتَتَابِعَيْنِ تَوْبَةً مِنَ اللَّهِ ۗ وَكَانَ اللَّهُ عَلِيمًا حَكِيمًا

    Бір мүміннің бір мүмінді өлтіруіне болмайды. Бірақ қатеден болса басқа. Және біреу, бір мүмінді қателесіп өлтірсе, сонда бір мүмін құл азат етуі әрі өлгеннің иесіне құн тапсыруы керек. Бірақ олар кешірім етсе ол басқа. Егер өлтірілген сендермен дұшпан елдегі бір мүмін болса, (құн төлемей) бір мүмін құл азат етуі керек. Ал егер (өлтірілген мүмін) сендермен олардың арасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бір мүмін құл азат етуі керек. Бұларды таба алмаған кісі, Аллаға тәубе (сінің қабыл болуы) үшін тұтас екі ай ораза ұстауы керек. Алла (Т.) толық білуші, хикмет иесі.

    4:92
  13. وَمَنْ يَقْتُلْ مُؤْمِنًا مُتَعَمِّدًا فَجَزَاؤُهُ جَهَنَّمُ خَالِدًا فِيهَا وَغَضِبَ اللَّهُ عَلَيْهِ وَلَعَنَهُ وَأَعَدَّ لَهُ عَذَابًا عَظِيمًا

    Кім бір мүмінді әтейге өлтірсе, оның жазасы, ішінде мүлде қалатын тозак болады. Сондай-ақ оған алланың ашуы, қарғысы болып және оған зор қинау әзірлеп қойған.

    4:93
  14. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا ضَرَبْتُمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَتَبَيَّنُوا وَلَا تَقُولُوا لِمَنْ أَلْقَىٰ إِلَيْكُمُ السَّلَامَ لَسْتَ مُؤْمِنًا تَبْتَغُونَ عَرَضَ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا فَعِنْدَ اللَّهِ مَغَانِمُ كَثِيرَةٌ ۚ كَذَٰلِكَ كُنْتُمْ مِنْ قَبْلُ فَمَنَّ اللَّهُ عَلَيْكُمْ فَتَبَيَّنُوا ۚ إِنَّ اللَّهَ كَانَ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرًا

    Әй мүміндер! Алла жолында (соғысқа) шықсаңдар, өте анықтаңдар. Сәлем бергенді дүние- мүлікке қызығып: «Мүмін емессің» демеңдер. Өйткені Алланың қасында көптеген олжалар бар. Бұрын сендер де сондай едіңдер. Алла (Т.) сендерге қамқорлық етті. Сондықтан өте- мөте анықтаңдар. Шәксіз Алла істеген істеріңді біледі.

    4:94
  15. لَا يَسْتَوِي الْقَاعِدُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ غَيْرُ أُولِي الضَّرَرِ وَالْمُجَاهِدُونَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنْفُسِهِمْ ۚ فَضَّلَ اللَّهُ الْمُجَاهِدِينَ بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنْفُسِهِمْ عَلَى الْقَاعِدِينَ دَرَجَةً ۚ وَكُلًّا وَعَدَ اللَّهُ الْحُسْنَىٰ ۚ وَفَضَّلَ اللَّهُ الْمُجَاهِدِينَ عَلَى الْقَاعِدِينَ أَجْرًا عَظِيمًا

    Мүміндерден себепсіз (соғысқа шықпай) отырушылармен Алла жолында малдары және жандарымен соғысушылар тең емес. Алла (Т.) малдарымен, жандарымен соғысушыларды дәрежеде арттырды. Сондай-ақ барлығына да игілік уәде етті. Және соғысушыларды отырушылардан үстем кеңшілікке бөлеп, ірі сыйлық берді.

    4:95
  16. دَرَجَاتٍ مِنْهُ وَمَغْفِرَةً وَرَحْمَةً ۚ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا

    Алладан дәрежелер, жарылқау және мәрхамет бар. Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.

    4:96
  17. إِنَّ الَّذِينَ تَوَفَّاهُمُ الْمَلَائِكَةُ ظَالِمِي أَنْفُسِهِمْ قَالُوا فِيمَ كُنْتُمْ ۖ قَالُوا كُنَّا مُسْتَضْعَفِينَ فِي الْأَرْضِ ۚ قَالُوا أَلَمْ تَكُنْ أَرْضُ اللَّهِ وَاسِعَةً فَتُهَاجِرُوا فِيهَا ۚ فَأُولَٰئِكَ مَأْوَاهُمْ جَهَنَّمُ ۖ وَسَاءَتْ مَصِيرًا

    Өздеріне зұлымдық еткендердің, (бұлар Меккеден көшпей қалғандар. ) періштелер жандарын алғанда: «Қайда едіңдер?»,- деді. Олар: «біздер бұл жерде шамасыз едік» деді. (Періштелер): «Алланың жері кең емес пе? Сонда ол жерге көшсеңдер еді?»,- деді. Міне бұлардың орны тозақ. Неткен жаман орын.

    4:97
  18. إِلَّا الْمُسْتَضْعَفِينَ مِنَ الرِّجَالِ وَالنِّسَاءِ وَالْوِلْدَانِ لَا يَسْتَطِيعُونَ حِيلَةً وَلَا يَهْتَدُونَ سَبِيلًا

    Шамасыз еркек, әйелдер және балалардан шара қолдана алмайтын, жол таба алмайтындар басқа…

    4:98
  19. فَأُولَٰئِكَ عَسَى اللَّهُ أَنْ يَعْفُوَ عَنْهُمْ ۚ وَكَانَ اللَّهُ عَفُوًّا غَفُورًا

    Міне бұларды Алланың кешірім етуі үміт етіледі. өйткені Алла, өте кешірімді, ерекше жарылқаушы.

    4:99
  20. وَمَنْ يُهَاجِرْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ يَجِدْ فِي الْأَرْضِ مُرَاغَمًا كَثِيرًا وَسَعَةً ۚ وَمَنْ يَخْرُجْ مِنْ بَيْتِهِ مُهَاجِرًا إِلَى اللَّهِ وَرَسُولِهِ ثُمَّ يُدْرِكْهُ الْمَوْتُ فَقَدْ وَقَعَ أَجْرُهُ عَلَى اللَّهِ ۗ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا

    Кім Алла жолында ауа көшсе, көптеген кең қоныс және кеңшілік табады. Сондай-ақ біреу үйінен Алалға, Пайғамбарға бола шықса да, оған өлім жетсе, сонда оның бодауы Алланың өзіне тән болады. Алла аса жарылқаушы, тым мейірімді.

    4:100

Аударма: Халифа Алтай