Сүре 4 ан-Ниса (Әйелдер)

  1. فَكَيْفَ إِذَا جِئْنَا مِنْ كُلِّ أُمَّةٍ بِشَهِيدٍ وَجِئْنَا بِكَ عَلَىٰ هَٰؤُلَاءِ شَهِيدًا

    (Мұхаммед Ғ.С.) әр ұмметке бір айғақ келітіріп, сені де оларға куә етіп келтірсек қандай болар еді?

    4:41
  2. يَوْمَئِذٍ يَوَدُّ الَّذِينَ كَفَرُوا وَعَصَوُا الرَّسُولَ لَوْ تُسَوَّىٰ بِهِمُ الْأَرْضُ وَلَا يَكْتُمُونَ اللَّهَ حَدِيثًا

    Аллаға қарсы болып, Пайғамбардан бас тартқандар, қиямет күні, жермен- жексен болуды арман етеді. Алладан бір сөз жасыра алмайды.

    4:42
  3. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَقْرَبُوا الصَّلَاةَ وَأَنْتُمْ سُكَارَىٰ حَتَّىٰ تَعْلَمُوا مَا تَقُولُونَ وَلَا جُنُبًا إِلَّا عَابِرِي سَبِيلٍ حَتَّىٰ تَغْتَسِلُوا ۚ وَإِنْ كُنْتُمْ مَرْضَىٰ أَوْ عَلَىٰ سَفَرٍ أَوْ جَاءَ أَحَدٌ مِنْكُمْ مِنَ الْغَائِطِ أَوْ لَامَسْتُمُ النِّسَاءَ فَلَمْ تَجِدُوا مَاءً فَتَيَمَّمُوا صَعِيدًا طَيِّبًا فَامْسَحُوا بِوُجُوهِكُمْ وَأَيْدِيكُمْ ۗ إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَفُوًّا غَفُورًا

    Әй мүміндер! Сендер мас болып, не айтқандарыңды білгенге шейін намазға жақындамаңдар. Сондай-ақ жүніп күйінде шомылмайынша, (бой дәретсіз намаз оқымаңдар.) Бірақ, жол жүргенде болады. Ал егер ауыру немесе сапарда болсаңдар не сендерден біреу түзге отырып келсе, яки әйелдерге жақындасасаңдар да су таба алмасаңдар, сонда таза жер жынысына (тәяммүм соғып) беттеріңді, қолдарыңды сипаңдар. Расында Алла аса кешірімді, тым жарылқаушы.

    4:43
  4. أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ أُوتُوا نَصِيبًا مِنَ الْكِتَابِ يَشْتَرُونَ الضَّلَالَةَ وَيُرِيدُونَ أَنْ تَضِلُّوا السَّبِيلَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) өздеріне Кітаптан бір үлес берілгендерге қарамайсың ба? Олар, адасуды сатып алды. Сендерді де жолдан аздыруды қалайды.

    4:44
  5. وَاللَّهُ أَعْلَمُ بِأَعْدَائِكُمْ ۚ وَكَفَىٰ بِاللَّهِ وَلِيًّا وَكَفَىٰ بِاللَّهِ نَصِيرًا

    Алла дұшпандарыңды жақсы біледі. Сондай-ақ Алла, достықта жетіп асады әрі жәрдемшілікте де жеткілікті.

    4:45
  6. مِنَ الَّذِينَ هَادُوا يُحَرِّفُونَ الْكَلِمَ عَنْ مَوَاضِعِهِ وَيَقُولُونَ سَمِعْنَا وَعَصَيْنَا وَاسْمَعْ غَيْرَ مُسْمَعٍ وَرَاعِنَا لَيًّا بِأَلْسِنَتِهِمْ وَطَعْنًا فِي الدِّينِ ۚ وَلَوْ أَنَّهُمْ قَالُوا سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا وَاسْمَعْ وَانْظُرْنَا لَكَانَ خَيْرًا لَهُمْ وَأَقْوَمَ وَلَٰكِنْ لَعَنَهُمُ اللَّهُ بِكُفْرِهِمْ فَلَا يُؤْمِنُونَ إِلَّا قَلِيلًا

    Сондай Яһудилердің кейі; сөзді орындарынан өзгертеді де: «Естідік те қарсы келдік», «Естіші қане естімегір» және дінді кекеп, тілдерің бұрай: «Рағина» дейді. Егер олар: «Естідік те бағындық, тыңда және бізге қара» десе, оларға хайырлы және тура болар еді. Бірақ Алла, олардың қарсылықтары себепті лағынет еткен. Сондықтан олардың азы ғана иман кетіреді.

    4:46
  7. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ آمِنُوا بِمَا نَزَّلْنَا مُصَدِّقًا لِمَا مَعَكُمْ مِنْ قَبْلِ أَنْ نَطْمِسَ وُجُوهًا فَنَرُدَّهَا عَلَىٰ أَدْبَارِهَا أَوْ نَلْعَنَهُمْ كَمَا لَعَنَّا أَصْحَابَ السَّبْتِ ۚ وَكَانَ أَمْرُ اللَّهِ مَفْعُولًا

    Әй Кітап берілгендер! Сендермен бірге болғанды растаушы етіп, Біз түсіргенге, (Құранға,) беттерді бұзып, арттарына қайтаруымыздан немесе сенбішілерді, (сенбі күні шектен шығушыларды) лағынет еткеніміздей оларды да лағынет етуімізден бұрын иман келтіріңдер. Алланың әмірі орындалады.

    4:47
  8. إِنَّ اللَّهَ لَا يَغْفِرُ أَنْ يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذَٰلِكَ لِمَنْ يَشَاءُ ۚ وَمَنْ يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَقَدِ افْتَرَىٰ إِثْمًا عَظِيمًا

    Алла (Т.) өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. сОндай-ақ кім Аллаға ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлы болды.

    4:48
  9. أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ يُزَكُّونَ أَنْفُسَهُمْ ۚ بَلِ اللَّهُ يُزَكِّي مَنْ يَشَاءُ وَلَا يُظْلَمُونَ فَتِيلًا

    (Мұхаммед Ғ.С.) сондай өздерін ағартқанды көрмедің бе? Керісінше, кімді Алла (Т.) қаласа тазартады. Оларға қылдай әділсіздік етілмейді.

    4:49
  10. انْظُرْ كَيْفَ يَفْتَرُونَ عَلَى اللَّهِ الْكَذِبَ ۖ وَكَفَىٰ بِهِ إِثْمًا مُبِينًا

    Қара! Олар Аллаға қалай жасанды өтірік айтады? Бұл ашық күнә, оларға жетіп асады.

    4:50
  11. أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ أُوتُوا نَصِيبًا مِنَ الْكِتَابِ يُؤْمِنُونَ بِالْجِبْتِ وَالطَّاغُوتِ وَيَقُولُونَ لِلَّذِينَ كَفَرُوا هَٰؤُلَاءِ أَهْدَىٰ مِنَ الَّذِينَ آمَنُوا سَبِيلًا

    (Мұхаммед Ғ.С.) сондай Кітаптан үлес берілгендерге қарамадың ба? Олар бұтқа, шайтанға сенеді де, кепірлерді: «Бұлар, мүміндерден көрі тағы тура жолда» дейді. (Яһудилердің бір тобы, кепірлерді Мұсылманға қайрап салу үшін Меккеге барып: «Сендердің жолдарың тура.» дейді.

    4:51
  12. أُولَٰئِكَ الَّذِينَ لَعَنَهُمُ اللَّهُ ۖ وَمَنْ يَلْعَنِ اللَّهُ فَلَنْ تَجِدَ لَهُ نَصِيرًا

    Міне бұлар,Алла лағынет еткендер. Алла, кімге лағынет етсе, оған ешбір жәрдемші таба алмайсың.

    4:52
  13. أَمْ لَهُمْ نَصِيبٌ مِنَ الْمُلْكِ فَإِذًا لَا يُؤْتُونَ النَّاسَ نَقِيرًا

    Олардың әкімшілктен бір үлесі бар ма? Ондай болса, олар адамдарға түк бермес еді.

    4:53
  14. أَمْ يَحْسُدُونَ النَّاسَ عَلَىٰ مَا آتَاهُمُ اللَّهُ مِنْ فَضْلِهِ ۖ فَقَدْ آتَيْنَا آلَ إِبْرَاهِيمَ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَآتَيْنَاهُمْ مُلْكًا عَظِيمًا

    Немесе олар, Алланың өз кеңшілігімен адамдарға бергенін қызғана ма? Расында Ыбырайым (Ғ.С.) ның жұрағатына Кітап, хикмет және зор патшалық берген едік.

    4:54
  15. فَمِنْهُمْ مَنْ آمَنَ بِهِ وَمِنْهُمْ مَنْ صَدَّ عَنْهُ ۚ وَكَفَىٰ بِجَهَنَّمَ سَعِيرًا

    Олардың кейі оған сенді де, кейі одан бас тартты. Оларға, жалындаған тозақ жетіп асады.

    4:55
  16. إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا بِآيَاتِنَا سَوْفَ نُصْلِيهِمْ نَارًا كُلَّمَا نَضِجَتْ جُلُودُهُمْ بَدَّلْنَاهُمْ جُلُودًا غَيْرَهَا لِيَذُوقُوا الْعَذَابَ ۗ إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَزِيزًا حَكِيمًا

    Негізінен ондай аяттарымызға қарсы шыққандарды жедел тозаққа саламыз да, олардың терілері жанған сайын азапты татулары үшін, оны басқа терілерге ауыстырамыз. Шәксіз Алла тым үстем, хикмет иесі.

    4:56
  17. وَالَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ سَنُدْخِلُهُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا أَبَدًا ۖ لَهُمْ فِيهَا أَزْوَاجٌ مُطَهَّرَةٌ ۖ وَنُدْخِلُهُمْ ظِلًّا ظَلِيلًا

    Ал сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, оларды астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргіземіз. Олар онда мәңгі қалады. Сондай-ақ оларға онда тап- таза жұбайлар бар. Және оларды қалың көлеңкеге кіргіземіз

    4:57
  18. إِنَّ اللَّهَ يَأْمُرُكُمْ أَنْ تُؤَدُّوا الْأَمَانَاتِ إِلَىٰ أَهْلِهَا وَإِذَا حَكَمْتُمْ بَيْنَ النَّاسِ أَنْ تَحْكُمُوا بِالْعَدْلِ ۚ إِنَّ اللَّهَ نِعِمَّا يَعِظُكُمْ بِهِ ۗ إِنَّ اللَّهَ كَانَ سَمِيعًا بَصِيرًا

    Негізінен Алла (Т.) сендерге аманаттарды өз лайықты орнына тапсыруларыңды және адамдардың арасына билік қылсаңдар, әділдікпен билік қылуларыңды әмір етеді. Расында Алла сендерге нендей жақсы уағыз береді. Шәксіз Алла, толық естуші, тым қырағы.

    4:58
  19. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَطِيعُوا اللَّهَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ وَأُولِي الْأَمْرِ مِنْكُمْ ۖ فَإِنْ تَنَازَعْتُمْ فِي شَيْءٍ فَرُدُّوهُ إِلَى اللَّهِ وَالرَّسُولِ إِنْ كُنْتُمْ تُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ ۚ ذَٰلِكَ خَيْرٌ وَأَحْسَنُ تَأْوِيلًا

    Әй мүміндер. Аллаға бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаға, пайғамбарға ұсыныңдар: Егер сендер Аллаға, ахирет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы, хайырлы да нәтижеде жақсы.

    4:59
  20. أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ يَزْعُمُونَ أَنَّهُمْ آمَنُوا بِمَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ وَمَا أُنْزِلَ مِنْ قَبْلِكَ يُرِيدُونَ أَنْ يَتَحَاكَمُوا إِلَى الطَّاغُوتِ وَقَدْ أُمِرُوا أَنْ يَكْفُرُوا بِهِ وَيُرِيدُ الشَّيْطَانُ أَنْ يُضِلَّهُمْ ضَلَالًا بَعِيدًا

    (Араларындағы бір дау үшін Яһуди, Мұхаммед (Ғ.С.) ке барайық десе мұнафық, Яһудидің бастығы Кәғапқа барайық деп, ақыр Мұхаммед (Ғ.С.) ке барғанда, билік Яһудиге тигендіктен мұнафық разы болмай, Яһудиді хазірет Ғұмарға алып барғанда: «Пайғамбардың билігіне разы болмағанның сазайы осы» деп, мұнафықтың басын алады. (Мұхаммед Ғ.С.) саған түсірілген Құранға және сенен бұрын түсірілген кітаптарға сендік деп, кұр өршеленгендерді көрмейсің бе? Олар шайтанға жүгінісуді қалайды. Негізінде оларға, оған қарсы болу әмір етілген болатын. өйткені, шайтан, оларды мүлде ұзаққа адастыруды қалайды.

    4:60

Аударма: Халифа Алтай