Сүре 55 ар-Раһман (Қайырымды)

  1. الرَّحْمَٰنُ

    Аса қамқор Алла.

    55:1
  2. عَلَّمَ الْقُرْآنَ

    Құранды үйретті.

    55:2
  3. خَلَقَ الْإِنْسَانَ

    Адамзатты жаратты.

    55:3
  4. عَلَّمَهُ الْبَيَانَ

    Оған сөйлеуді үйретті.

    55:4
  5. الشَّمْسُ وَالْقَمَرُ بِحُسْبَانٍ

    Күн мен ай есеппен жүреді.

    55:5
  6. وَالنَّجْمُ وَالشَّجَرُ يَسْجُدَانِ

    Өсімдік, (жүлдыз), ағаш Оган бас иеді.

    55:6
  7. وَالسَّمَاءَ رَفَعَهَا وَوَضَعَ الْمِيزَانَ

    Ол, аспанды биіктетіп, оган тең бір өлшеу қойды.

    55:7
  8. أَلَّا تَطْغَوْا فِي الْمِيزَانِ

    Өлшеуде шектен шықпаңдар.

    55:8
  9. وَأَقِيمُوا الْوَزْنَ بِالْقِسْطِ وَلَا تُخْسِرُوا الْمِيزَانَ

    Сондай-ақ тартуды әділетпен орындаңдар, таразыда кемітпеңдер.

    55:9
  10. وَالْأَرْضَ وَضَعَهَا لِلْأَنَامِ

    Алла, жерді жәндіктер үшін жасады.

    55:10
  11. فِيهَا فَاكِهَةٌ وَالنَّخْلُ ذَاتُ الْأَكْمَامِ

    Жерде жемістер және шоқты қүрмалар бар.

    55:11
  12. وَالْحَبُّ ذُو الْعَصْفِ وَالرَّيْحَانُ

    Онда қабықты үрық және аңқыған өсімдіктер өседі.

    55:12
  13. فَبِأَيِّ آلَاءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ

    Ендеше, (әй адамзат пен жын!) Раббыларыңның қай ныгметтерін өтірік дейсіңдер?

    55:13
  14. خَلَقَ الْإِنْسَانَ مِنْ صَلْصَالٍ كَالْفَخَّارِ

    Ол, адаизатты қүмырадай сыңырлаған қүргақ топырақтан жаратты.

    55:14
  15. وَخَلَقَ الْجَانَّ مِنْ مَارِجٍ مِنْ نَارٍ

    ЖындардьІ оттың жалынынан жаратты.

    55:15
  16. فَبِأَيِّ آلَاءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ

    Ендеше, (әй адамзат пен жын!) Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер.

    55:16
  17. رَبُّ الْمَشْرِقَيْنِ وَرَبُّ الْمَغْرِبَيْنِ

    Ол, (жазғы-қысқы) екі шығыстың Раббы әрі екі күн батыстың Раббы.

    55:17
  18. فَبِأَيِّ آلَاءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ

    Ендеше, Раббыларыңяың қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

    55:18
  19. مَرَجَ الْبَحْرَيْنِ يَلْتَقِيَانِ

    Ағызган екі теңіз қосылады.

    55:19
  20. بَيْنَهُمَا بَرْزَخٌ لَا يَبْغِيَانِ

    Екі арасында бөгет бар. Бір-біріне араласпайды.

    55:20

Аударма: Халифа Алтай