Сүре 70 әл-Мә'ариж (Баспалдақтар)
-
وَإِذَا مَسَّهُ الْخَيْرُ مَنُوعًا
Қашан қолына дәулет түссе, өте сараң.
70:21 -
إِلَّا الْمُصَلِّينَ
Бірақ намаз оқушылар басқа.
70:22 -
الَّذِينَ هُمْ عَلَىٰ صَلَاتِهِمْ دَائِمُونَ
Олар сондай намаздарын үдайы орындайды.
70:23 -
وَالَّذِينَ فِي أَمْوَالِهِمْ حَقٌّ مَعْلُومٌ
Сондай олардың малдарында белгілі хақ бар:
70:24 -
لِلسَّائِلِ وَالْمَحْرُومِ
Сүрағанға да сүрамағанга да. (51-С. 19-А.)
70:25 -
وَالَّذِينَ يُصَدِّقُونَ بِيَوْمِ الدِّينِ
Тағы сондай қиямет күнін растағандар.
70:26 -
وَالَّذِينَ هُمْ مِنْ عَذَابِ رَبِّهِمْ مُشْفِقُونَ
Сондай-ақ олар, Раббыларының азабынан қорқушылар.
70:27 -
إِنَّ عَذَابَ رَبِّهِمْ غَيْرُ مَأْمُونٍ
Шын мәнінде Раббының азабы аман қалатын нәрсе емес.
70:28 -
وَالَّذِينَ هُمْ لِفُرُوجِهِمْ حَافِظُونَ
Сондай үятты жерлерін сақтағандар.
70:29 -
إِلَّا عَلَىٰ أَزْوَاجِهِمْ أَوْ مَا مَلَكَتْ أَيْمَانُهُمْ فَإِنَّهُمْ غَيْرُ مَلُومِينَ
Бірақ өз әйелдері немесе қолдарындағы күңдері басқа. Расында оларга сөгіс жоқ.
70:30 -
فَمَنِ ابْتَغَىٰ وَرَاءَ ذَٰلِكَ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْعَادُونَ
Ал сонда кім бүлардан басқаны іздесе, міне сонда олар шектен шығушылар.
70:31 -
وَالَّذِينَ هُمْ لِأَمَانَاتِهِمْ وَعَهْدِهِمْ رَاعُونَ
Тағы олар сондай аманаттарын, уәделерін сақтаушылар.
70:32 -
وَالَّذِينَ هُمْ بِشَهَادَاتِهِمْ قَائِمُونَ
Және олар, куәліктерінде бекем түрушылар.
70:33 -
وَالَّذِينَ هُمْ عَلَىٰ صَلَاتِهِمْ يُحَافِظُونَ
Әрі сондай олар намаздарына үқыптылық істегендер.
70:34 -
أُولَٰئِكَ فِي جَنَّاتٍ مُكْرَمُونَ
Міне солар бейіштерде қүрметке бөленетіндер
70:35 -
فَمَالِ الَّذِينَ كَفَرُوا قِبَلَكَ مُهْطِعِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) ал енді сен жаққа мойындарын созып, жүгірген кәпірлерге не болды?
70:36 -
عَنِ الْيَمِينِ وَعَنِ الشِّمَالِ عِزِينَ
Оңнан, солдан топ-топ болып;
70:37 -
أَيَطْمَعُ كُلُّ امْرِئٍ مِنْهُمْ أَنْ يُدْخَلَ جَنَّةَ نَعِيمٍ
Олардың әрбірі нығметті үжмаққа кіруді үміт ете ме?
70:38 -
كَلَّا ۖ إِنَّا خَلَقْنَاهُمْ مِمَّا يَعْلَمُونَ
Әсте олай емес! Расында Біз оларды өздері білген нәрседен (бір тамшы нәжіс судан) жараттық.
70:39 -
فَلَا أُقْسِمُ بِرَبِّ الْمَشَارِقِ وَالْمَغَارِبِ إِنَّا لَقَادِرُونَ
Енді шыгыстардың батыстардың Раббына серт! Шын мәнінде әр нәрсеге күшіміз жетеді.
70:40
Аударма: Халифа Алтай